Фармакология кафедрасы



бет47/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Тесттік тапсырмалар:
Тест №1
Емдік әсер кеңдігі – бұл:
1. Жоғарғы бір реттік және жоғарғы тәуліктік дозалары арасындағы аралық
2. Минималды емдік және минималды уытты дозалары арасындағы аралық
3. Орташа өлім шақыратын және орташа тиімді дозалары арасындағы аралық
4. Орташа емдік және орташа өлім шақыратын дозалары арасындағы аралық
5. Дәрілік заттардың өзара әсерлесу көрсеткіші
Тест №2
Сәйкестікті анықта:
Түсінік
А- фармакокинетика
Б- фармакодинамика
Анықтамасы:

  1. Рецепторларға дәрілік заттың әсері

  2. Бауырда дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы

  3. Дәрілік заттар әсерінің түрлері

  4. Препараттың сіңінілу механизмдері

  5. Препараттың элиминация механизмдері

Тест №3
Дәрілік заттарджы ингаляция жолымен енгізген кездегі әсерінің тез дамуы негізделген:

  1. Дәрілік заттардың өкпе альвеолаларымен жанасу аймағының үлкен болуына

  2. Белоктармен байланысуына

  3. Өкпе альвеолаларындағы метаболизмның жоғары болуына

  4. Ұшқыш сұйықтықтар мен газ тәрізді заттарды енгізуге

  5. Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуіне

Тест №4
Рефлекторлы әсер - бұл:

  1. Дәрілік заттардың енгізген жерде әсері

  2. Дәрілік заттардың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

  3. Рецепторлардың тітіркенуімен байланысты жергілікті және резорбті әсерлерінің нәтижесі

  4. Тікелей таңдамалы әсері

  5. Тікелей емес таңдамалы әсері

Тест №5
Дәрілік заттарды қайталап енгізгендегі әсерінің жиналуы - бұл:

  1. Сенсибилизация

  2. Функционалды кумуляция

  3. Бейімделу

  4. Тахифилаксия

  5. Материалды кумуляция

Тест №6
Екі заттың аддитивті әсері – бұл:

  1. Әсерлерінің әлсіреуі

  2. Олардың фармакологиялық әсерлерінің қосындысы

  3. Әсер ету уақытының азаюы

  4. Әсерінің ұзаруы

  5. Фармакологиялық әсерінің айтарлықтай күшеюі

Тест №7
Дәрілік заттардың әсерін ұзартады:
1. Пассивті диффузия
2. Қорға жиналуы
3. Тахифилаксия
4. Белоктармен байланысуы
5. Кумуляция
Тест №8
Сәйкестікті анықта:
Түсінік
А - Метаболикалық трансформация
Б – Конъюгация
Анықтамасы
1. Метилдену
2. Тотығу
3. Ацетилдену
4. Аминқышқылдарымен байланысуы
5. Гидролиз
Тест №9
Тіл астына дәрілік затты енгізу кемшіліктері:

  1. Дәрілік зат бауырда өзгеріске ұшырайды

  2. Әсері тез жойылады

  3. Әсері ұзаққа созылады

  4. Тек ауыз қуысы шырышты қабатын тітіркендірмейтін заттар енгізіледі

  5. Тек жоғары белсенді заттарды енгізуге болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет