Фармакология кафедрасы


Рецепт жазатын препараттар



бет54/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Рецепт жазатын препараттар: инфильтрациялық анестезияға арналған новокаин ертіндісі, инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияға арналған лидокаин ертіндісі, танин (ауызды шаюға арналған ертінді), анестезин.
6. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар т.б.)
1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
2. Жергілікті анестетиктер, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда препараттың тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолданылуын және жанама әсерлерін көрсету.
3. Тесттік тапсырмаларды орындау.
Тесттік тапсырмалар


Тест №1. Сульфаниламидтiк препараттың бактерияға қарсы белсендiлiгiн төмендететiн анестетик:

1. новокаин


2. тримекаин
3. лидокаин
4. анестезин
5. маркаин.
Тест №2.
Молекуласы амидпен ауыстырылған жергiлiктi анестетиктердiң күрделi эфирлерден айырмашылығы:
1. қанның, бауырдың, тiн сұйықтарының эстеразаларымен ыдырамайды
2. ұзақтау әсер етедi
3. кумуляцияға қабiлеттi
4. уыттылығы басым
5. орын басылған амидтер қан эстеразаларымен ыдырайды
Тест №3. Қаптаушы заттардың негiзгi қолданылуы:
1. АIЖ-ның қабыну үрдiстерiнде
2. бас ауырғанда
3. қуыстарды жуу үшiн
4. тiтiркендiргiш заттармен қосып
5. уланғанда токсиндердiң антагонисi ретiнде
Тест №4. Сәйкестендiру
Препараттар:
1.новокаин
2. дикаин
3. кокаин
Олардың шақыратын жанама әсерлері:
1. Көздің қасаң қабығының тітіркенуі
2. Аллергиялық реакциялар, сульфаниламидті препараттардың микробқа қарсы әсерінің төмендеуі, ОЖЖ тежелуі
3. Эйфория, психомоторлық қозу, галлюцинация
1……., 2……., 3…….
Тест №5.

Препаратты анықтау: сорып алушы беті үлкен инертті ұнтақ метеоризмде, улануларда уды сорып алу үшін қолданылады:


1. анестезин
2. белсендірілген көмір
3. танин
4. висмуттың негізгі нитраты
5. ақ саз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет