Фармакология кафедрасы


Рецепт жазуға арналған препараттар



бет60/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Рецепт жазуға арналған препараттар: Адреналин гидрохлориді, мезатон, изадрин, эфедрин гидрохлориді, пропранолол, резерпин
7. Бақылау:
1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
2. Негізгі адренергиялық заттарға рецепт жазу және талдау жасау.
3. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін жазу.
4. Тесттік түрде тапсырмаларды орындау.


Тесттік тапсырмалар
Тест № 1.
Альфа-адренорецепторларды ынталандыратын заттар:
1. Норадреналин, мезатон
2. Изадрин, галазолин
3. Мезатон, нафтизин
4. Нафтизин, сальбутамол
5. Галазолин, адреналин
Тест №2
Изадриннің қолдануға көрсеткіштері:

  1. Гипотония, коллапс

  2. Жүректің ишемиялық ауруы, тахиаритмиялар

  3. Бронхоспазм, атрио-вентрикулярлы бөгеме

  4. Ринит

  5. Артериальды гипертензия

Тест №3
Тікелей емес адреномиметик (симпатомиметик):

  1. Фенотерол

  2. Нафтизин

  3. Эфедрин

  4. Добутамин

  5. Изадрин

Тест №4
Селективті емес бета-адреноблокатор:

  1. Метапролол

  2. Пропранолол

  3. Лабеталол

  4. Талинолол

  5. Атенолол

Тест №5
Стенокардия кезінде пропранолол:

  1. Тәждік артерияларды кеңейтеді

  2. Жүректің жұмысын күшейтеді

  3. Миокардтың оттегіге қажеттілігін арттырады

  4. Миокардта метаболизмді жоғарлатады

  5. Миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді

Тест №6.
Пропранололдың жанама әсерлері:
1. Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі
2. Тахикардия, мазасыздық, тремор
3. Депрессия, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, асқазан бездерінің секрециясының жоғарлауы
4. Ортостатикалық коллапс, тахикардия
5. Енгізген жерде тіннің некрозы, бронхоспазм
Тест №7
Адреналинді жергілікті анестетиктермен бірге тағайындайды:

  1. Аллергиялық реакцияларды алдын алу үшін

  2. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін

  3. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейту үшін

  4. Қан қысымын жоғарлату үшін

  5. Жүректің жұмысын жоғарлату үшін

Тест №8
Фентоламин қан қысымын төмендетеді:

  1. Жүректе альфа-рецепторларды тежеу арқылы

  2. Тамыр қозғалтқыш орталықты тежеу арқылы

  3. Тамырларда альфа-рецепторларды тежеу арқылы

  4. Адренергиялық синапстың пресинапстық мембранасына әсер ету арқылы

  5. Адреналиннің синтезін төмендету арқылы

Тест №9
Симпатолитиктер:
1. Қан қысымын жоғарлатады
2. Қан қысымын төмендетеді
3. Постсинапстық рецепторларға әсер етеді
4. Альфа-адренорецепторларды тежейді
5. Бета-адренорецепторларды тежейді
Тест №10
Альфа-адреноблокаторлардың әсер ету фонында адреналиннің әсері:

  1. Өзгермейді

  2. Бұрмаланады

  3. Күшейеді

  4. Төмендейді

  5. Мөлшерге байланысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет