Ескерту: Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.
№ 8 сабақ.
1.Тақырыбы: «Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттар» бөлімі бойынша аралық бақылау.
2.Сабақтың мақсаты. Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттардың фармакологиялық қасиеттерін оқу кезінде білімді қорытындылау, препараттарға рецепт жазуды тексеру.
3.Оқыту міндеттері:
ШЖЖ-не әсер ететін заттардың жіктелуін білу.
ШЖЖ-не әсер ететін заттардың фармакокинетика мен фармакодинамика заңдылықтарын білу.
Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде ШЖЖ-не әсер ететін заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін білу.
ШЖЖ-не әсер ететін заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды білу, соның ішінде стоматологияда.
Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, ШЖЖ-не әсер ететін заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.
ШЖЖ-не әсер ететін заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.
Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.
4. Өткізу түрі: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттерді талдаумен жазу.
5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, рецепттерді талдаумен жазу.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б
2.Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. –. Б. 529-558.
3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – Б. 241-247.
4. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. Б. 129-136, 331-334.
Қосымша:
1. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999 ж.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.
3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
4. В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003.-с.351
5. Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР: Медицина, 2004– 517 .
6. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.
7. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.
8. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 б.
9. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.
10. Комендантова М.В., Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие.-М.: 1988. б-206.
Достарыңызбен бөлісу: |