Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар


Скопаламин 2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз М-холинорецепторларға әсер етуші заттар:М -холиноблокаторлар



бет16/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2
ÏÑÒÕ, 1! Êàíäèíñêèé-Êëåðàìáî ñèíäðîìûíà ò?í ñàíäûðà? ìåãàëîìàíèÿëû?, 13 БИЛЕТ, «?àçà? ?äåáèåò³» ï?í³íåí 4-òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó òàïñûð
Скопаламин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
М-холинорецепторларға әсер етуші заттар:М -холиноблокаторлар
3.Препараттың көзге және көзішілік қысымға тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Нұрлы қабаттың айналмалы бұлшықеттерінің м-холинорецепторларын тежеу арқылы қарашықтың кеңеюіне(мидриаз) байланысты, көздің алдыңғы камерасынан сұйықтықтың ағып өтуі нашарлайды,сөйтіп көзішілік қысым жоғарылайды.Кірпікше бұлшықеттерінің м-холинорецепторларын тежеу олардың босаңсуына әкеледі,бұл Циннов байламы тарылуына әкеледі де көзбұршағының дөңестігін кішірейтіп, аккомадацияның салдануына әкеледі, көз алыстан көруге бейім болады.
Препаратты анықтаңыз, оның фармакологиялық тобы және оған фармакологиялық сипаттама беріңіз.
61. Асқазан бездерінің секрециясын төмендетеді, сілекей бездеріне, ішкі органдардың біріңғай салалы бұлшықет тонусына, жүрек жиырылу жиілігіне және атриовентрикулярлы өткізгіштікке аз әсер етеді. Гематоэнцефалдық тосқауылдан өтпейді. Асқазан мен 12-елі ішек жара ауруларында қолданады.
1.Препаратты анықтаңыз-пирензепин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз-м1-холинорецепторларды айрықша тежейтін заттар
3.Препараттың асқазан безінің секрециясына және оның таңдамалылығына тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз-Ол негізінен шеткері антихолинергиялық әсерге ие. Тұз қышқылының базальды және ынталандырылған секрециясын азайтады. Асқазан сөлінің пептидтік белсенділігін төмендетеді. Асқазанның тегіс бұлшықеттерінің тонусын аздап төмендетеді.

62. Төртіншілік аммоний қосылысы. Әр түрлі М-холинорецепторларды таңдамасыз тежейді. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендету үшін ингаляция түрінде қолданады. Резорбтивті әсеріне байланысты жағымсыз әсерлері аз.


1.Препаратты анықтаңыз-*метацин*
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз-*м-холиноблокатор--синтетикалық препарат*
3.Препараттың бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз-*шеткі м-холинорецепторларды тежеу арқылы бронхтың бірыңғай салалы бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді*

63. Жүрекке айқын стимуляциялық әсер көрсетеді. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет және қан тамырлар тонусын төмендетеді. Ингаляция түрінде және тіл астына енгізеді. Бронхиалды астмада, атриовентрикулярлы блокадада қолданады. Жағымсыз әсерлері: тахикардия, жүректік аритмия, АҚҚ төмендеуі.


1.Препаратты анықтаңыз-*изадрин*
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз-*бета-адреномиметик*
3.Препараттың бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз-*бета2-рецепторларды ынталандырып, бронхтың тегіс салалы бұлшықетінің тонусын төмендетеді.*

64. Қан тамырлар тонусын күшейтуі де төмендетуі де мүмкін. Ішке енгізгенде тиімді емес. Парентералды қолданады. Қысқа уақыт әсер етеді (15-30минут). Анафилактикалық шок кезінде қолданылатын препарат (ең тиімді препарат). Бронхиалды астма ұстамасын тоқтатуда, АҚҚ көтерілгенде, жоғары сезімталдықтың баяу түрінде, ашық бұрышты глаукомада, гипогликемиялық комада, жүрек тоқтағанда, атриовентрикулялы блокадада қолданады. Жағымсыз әсерлері: тахикардия, жүректік аритмия.


1.Препаратты анықтаңыз-*адреналин*
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз-*альфа-, бета-адреномиметик*
3.Препараттың жүрекке тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз-*жүректің бета-адренорецепторларына әсер етіп, оның жиырылу күші мен жиілігін арттырады, сәйкесінше соғу мен минуттік көлемі артады.*

65. Қан тамырларды тарылтады және АҚҚ жоғарылатады. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет тонусына әсер етпейді. Ішке енгізгенде тиімді емес. Көктамырға енгізеді. Қысқа уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Негізгі қолданатын көрсеткіші – АҚҚ-ның күрт төмендеуі. Жүрек тоқтауы кезінде интракардиалды қолдануға болады.


1.Препаратты анықтаңыз Норадреналин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз адреномиметик, альфа және бета адреномиметик
3.Препараттың қантамырларға тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз а2-адренорецептормен байланысып, G белокты ынталандырады, ол ИФ3 артуына әкеледі -> Са деңгейі артады+ кальмодулинмен байланысады,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет