Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының препараттары:
Кортикотропин – 10;20;30 және 40ӘБ құрғақ зат. Оны 2мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 3-4 рет қабылданады; 0,9% 500мл NaCL ерітіндісімен бірге тамшылатып енгізіледі.
Самототрапин – 2-4ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 0,25% мл новокаин ерітіндісі арқылы ерітіп; 1-2 мл аптасына 2-3 рет енгізіледі. Гипофизарлыергежейліккезіндеқолданылады. Қатерліісіктеқолдануғаболмайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары:
Интермедин – 0,05 және 0,1флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы – 3 тамшыдан; 0,2- 0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде гемаралопияда, жоғары дәрежелі миопияда қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.