Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


Ілмектік диуретиктер (фуросемид)



бет37/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Ілмектік диуретиктер (фуросемид) -күшті натрийурезді тудырады (сүзілген натрийдің 25% дейін).Диуретикалық әсер аш қарынға диуретиктерді қабылдау кезінде айқынырақ болады. Препараттар бір рет, таңертең тағайындалады. Диуретикалық емнің басында емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар - қан плазмасындағы калий, натрий, креатинин құрамын бағалау керек.
Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер (индапамид)–препараттарды ұзақ қолданғанда қан плазмасындағы несеп қышқылының концентрациясы артады, бұл подагра ұстамасын туындатуы мүмкін.Индапамид метаболикалық тұрғыдан бейтарап, сондықтан оны қант диабеті және дислипидемиямен ауыратын науқастарға тағайындауға болады.
Альдостерон антагонистері (калий сақтайтын диуретиктер – спиронолактон) - нефрон эпителийінің жасушаларында альдостерон минералокортикоидты рецепторлармен байланысады.Бүйректен тыс әсерлерге миокардта альдостерон–ынталандырылған фиброзды басу жатады. Спиронолактон гиперальдостеронизмде, оның ішінде ісінген-асциттік синдромы бар бауыр циррозында препаратты таңдау тиімді болып табылады.Нефронның дисталды бөлігінде Na+,K+ -АТФазаны тежей отырып калий ионының секрециясын азайтады (калий сақтаушы диуретик)
Қан тамырлары қабырғаларына натрий ионының деңгейін төмендетеді, олардың тамыртарылтқыш заттарға сезімталдығын төмендетеді.
Дозалау режимі:
Фуросемид ішке бір реттік доза 40-80 мг, тәуліктік дозасы 400 мг құрайды. 45 минутта әсері көріне бастайды, әсері 6-8 сағатқа дейін сақталады. Жанама әсерлері: гипокалиемия, гиперурекемия, гипотензия, гипергликемия, бастың айналуы, естудің бұзылыстары, аритмия.
Индапамид ішке бір реттік және тәуліктік дозасы 1,5 мг-ды құрайды. Әсері 3 сағатта басталып, 1 тәулікке дейін сақталады. Айқын натрийуретикалық әсер көрсетеді, қан тамырларын кеңейтеді (простациклиннің синтезін жоғарылатады), кардио- және вазопротекторлық қасиеттер тән болып келеді.
Спиронолактон ( верашприон) ішке бір реттік дозасы 25-50 мг, тәуліктік дозасы 200-400 мг құрайды. Әсері 2-3 тәулікте басталады. Әсері препаратты тоқтатқаннан кейін 2-3 тәулікке дейін сақталады. Жанама әсерлері:
Диспепсиялық бұзылыстар
Ұзақ қолданғанда — гиперкалиемия.
Ұйқышылдық, бастың ауыруы
Гормоналды бұзылыстар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет