С.Б. сабағына қатысып мен көп деген ұсыныстарымды айттым, мысалы: сабақта өзі көп сөйлеуі, оқушыларға жабық сұрақтарды қою , тапсырмаларды түрлендірмеуі және оқушыларды дұрыс бағаламауы . Осыларды біз проблема деп белгілеп, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс - әрекеттін оңтайлы бағыттарын таңдадық. Әрине мұмкіндігінше мұғалімнің басқа да менің сабақтарыма қатысып, тәжірибе алуымен қатар , маған іс - әрекеттегі зерттеуде көп көмек көрсетті және өзі де үйренді. Әрі қарай екеуіміз С.Б. сабақтарында нені, қалай өзгерту керектігін анықтап, келесі сабағын жоспарладық.
Мұғалім сабақта топтық жүмыс үйымдастырды, оқушылар сабаққа белсенді қатысты, жоспарланған тапсырмаларды бәрін орындап, бірақ сабақта уақыт жетпей қалды . Кері байланыста оқушылар сабақ тамаша болды деп жазды. С.Б. сабақтың мақсатына жеттім деп өзінің сабағын бағалады. Бірақ мен сабақтың табыс критерийлер толық орындалымағанына назар аудардым. Сөйтіп келесі сабағының мақсаты мен табыстылық критерийлерді қойдық , әрбір тапсырма үшін бағалау критерийлерді анықтадық . Мұғалімнің үшінші сабағы жақсы өтті өйткені жоспарлау дұрыс болды деп ойлаймын . Үшінші сабағында оқушылар жаңа тақырыпты "джиксо " әдісі арқылы бір - біріне түсіндірді, ал мәтінді оқуда "INSERT" әдісін пайдаланды. Сабақтың соңында оқушылар берілген критерийлер бойынша бір - бірін бағалады жұппен жұмыс істеген кезде бір - бірін бағалады, өзгерістерді еңгізуде жақсы нәтижеге жетті деп бағалаймын .
Әрбір сабақты бейне жазбаға түсіріп , мұғаліммен бірге отырып , талдадық. Бұндай талдау өзім үшін да өте пайдалы болды, себебі сабаққа қатысу үшін мүмкіндік болмаған жағдайда, кейін қарап талдауға болады және әр мұғалім сабақтағы өз іс-әрекетіне сыни көзбен қарайды, кемшіліктерін сырттай бақылай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |