Мен өзім 11 сыныпта биология пәнінен «Жердегі тіршіліктің пайда болуы» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. Сабаққа әріптестерімді шақырдым. Сабақ беру барысында өз тарапымнан курста үйренген барлық әдіс-тәсілдерді қолданылып, сабақты өте тартымды, әсерлі, қызықты өткіздім деп ойлаймын. Оқушыларды әр сабақта топтарға әр түрлі әдіспен бөлініп, мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы бірлесе жұмыс атқарды, сабақтың тақырыбын, мазмұнын өздері аша білді. Сабақ тақырыбына байланысты әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындап, өз білімдерін толық көрсете білді. Менің оқушыларым өз ойын айтуда, жүйелеуде аса қиындық келтіре қойған жоқ. Осы бағдарламаның арқасында барлығымыздың оқушылары сыни ойлауға, өзін – өзі реттеуге үйренді және танымдық қабілеттері қалыптасты. Оны тәжірибеде байқадым және әріптестеріммен бөлістім.
Тәжірибе алдында және тәжірибеден соң балалардан, ата-аналардан сауалнама алынды, 11сынып оқушыларымен ой бөлістім.
Саулнама зерттелген сынып оқушыларының арасында жүргізілді. Саулнамаға 41 оқушы қатысты. Сауалнама 15 сұрақты қамтыды. Оқушылардың көзқарастары өзгергені, оқуға деген қызығушылығы артқаны жөнінде дәлел ретінде сауалнама диаграммасын келтірдім:
Сауалнама қорытындысы: 15 сұрақтардың ішінен кейбір сұрақтардың жауабын келіруді жөн көрдім, мысалы мынадай сұраққа (1)мен тапсырманы жақсы орындай аламын 41 оқушының 20-сы сенімдімін, 10-ны жартылай, 5-і онша сенбеймін, ал сенімді емес деп 6-ы оқушы ғана жауап берген, (3)тапсырманы орындай алатыныма сенімдімін 22-сі сенімді, 12 –і жартылай сенімді, 2-і онша сенімді емес, ал сенімді емес тек 5 оқушы, (6)тапсырманы орындағанда маған көмек қажет деген сұраққа сенімдімін 16, жартылай -12, онша емес – 13 деп жауап берген, (15) жеке жұмыс жасағанды ұнатамын 14оқушы болса,(14) топпен жұмыс жасағанды ұнады деп 36 оқушы жауап берген.
11сынып оқушыларымен да сабақтарда байқаған өзгерістері жөнінде сұхбаттастым (
Достарыңызбен бөлісу: |