Ойын « Қызықты жануарлар әлемі» шар ішінен сұрақтар алынады
Сұрақтар:
1 – жүргізуші :Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен әсем күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай ән жан азағы. Кезекті әнге берейік.
Ән « Саржайлау » орындайтын
2 – жүргізуші : Келесі саяхат жасар еліміз Химия болмақ.
1 – жүргізуші : ендеше химия қандай ғылым екенін оқушылардан естиік
Қадыр Мырзалиев «Менделеев кестесі»
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік,
Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан
Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.
1-оқушы: .Периодтық жүйеге арнау
Элементтерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен
Ол заңмен жеті период орналасқан,
Тігінен сегіз топқа арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орынын,
Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.
Жүрмейсің мұны білсең, қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.
2-оқушы: . Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
3-оқушы: .Химияда болады көп ертегі,
Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!
2 – жүргізуші :Тағы да бір сайыстың реті келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді
Достарыңызбен бөлісу: |