«Ғылым және білім 2011» жас ғалымдардың VII халықаралық Ғылыми конференциясының материалдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЭВОЛЮЦИЯСЫ



бет8/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,65 Mb.
#5257
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Кӛлбаева Ә. М. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана

Ғылыми жетекшісі - д.полит.наук, профессор Жексембекова В. А.


Кез келген мемлекет ӛз саясатын әлемдік дамудың демократиялық стандартына сай модернизациялауға мҥдделі. Қоғамның саяси жҥйесінің модернизациялануы да ақпараттық жҥйе мен технологиялық "ӛндірістердің" дамуы тәрізді сол мемлекет халқының жаңа саяси жҥйеге, саяси институттар мен ҧйымдардың тактикасына, партиялар мен лидерлердің саяси имиджіне бейімделуіне алып келеді.
Қазақстанда ӛмірге келген саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар демократиялық институттар қҧрылымы мен жҥйесіне, тҥрлері мен ҧстанған бағыты бойынша стандартқа сай болғанымен, шынайы образы, билік ҥшін кҥресте халық мҥддесінен, талабы мен талғамына сай келмеуі ӛзіндік позитивті имиджін қалыптастыруына кері ықпалын тигізуде.
Саяси ғылымдарының докторы, профессор Гҥлшат Нҧрымбетованың пікірінше бҥгінгі кҥні бізде басым партиясы бар кӛппартиялық жҥйе қалыптасып отырғаны белгілі. Биліктік қарым-қатынаста жетекші рӛл атқарып отырған «Нҧр Отан» партиясынан басқа ресми тіркелген 8 партия қызмет етуде. Бірақ бҧл партиялар Қазақстан азаматтарын саяси ӛмірге жҧмылдырып, тартып отыр деу қиын. Автор,біздің еліміздегі саяси партияларға сайлау науқаны кезінде ғана белсенділік таныту басым. Сондықтан да болар, ресми тіркеуден ӛтіп, бағдарламалық қҧжаттары болғанымен саяси партиялардың басым кӛпшілігі санда бар да, санатта жоқ деп қорытындылайды. .[1] Яғни атына заты сай емес. 2007 жылғы сайлауды былай қойғанның ӛзінде, Қазақстанда 1999, 2004 жылдардағы парламенттік сайлауларда партияларға арнайы 10 орын берілгені белгілі мәлімет. Жалпы, саяси партиялар мақсаты тек тіркеуден ӛту мен белгілі бір әлеуметтік топтар мҥдделерін білдіруде ғана емес, олардың осы мҥдделерді қалыптастыруға белсенді ат салысуында болып табылады.
Автор, саяси партиялардың қазіргі сипатына мынадай талдау жасайды: «Саяси партиялардың рӛлі олардың қызметінің тиімділігінен, бағдарламаларының тҧрғындар талаптарына сай келуінен және қалыптасқан менталитеттен тәуелді. Ал бҥгінгі кҥнгі Қазақстандағы партияларды бір-бірінен ажырату ӛте қиын, кез келген партияның бағдарламасын алып қарасаңыз, партия мақсаты мен міндеттеріндегі ҧқсастықты бірден байқайсыз. Бҧл партиялық қҧрылыстың дамымағанын кӛрсетеді. Партия бағдарламаларымен халықтың басым кӛпшілігі таныс емес, әрі олар партиялардың ӛз мҥдделерін қорғайтынына сенбейді». .[1]
Бәсекеге қабілеттілік тек экономикалық тҧрғыдан қарастырылмайды, оған білім - ғылым, саяси даму деңгейі де кіретінін ҧмытпағанымыз жӛн. Сондықтан бәсекелестік болмаса қоғам тоқырауға ҧшырайды. Мҧндай жағдайды біз басымыздан кеңестік дәуірде ӛткердік.

60


Саяси партиялар арасындағы бәсекелестік партиялық алаңдағы кҥштер қарым-қатынасын анықтайды. Осы орайда, біздің елімізде партиялар арасында саяси бәсекелестік бар деп айту қиын. Бҧған дәлел - бірпартиялық парламент. 2007 жылы пропорционалдық жҥйе негізінде ӛткен парламенттік сайлау нәтижесі еліміздегі партиялардың қуыршақ партиялар екенін кӛрсетті. Сондықтан партиялар арасындағы саяси бәсекелестіктің жоқтығы бҥгінгі кҥнгі басым партиясы бар партиялық жҥйені қалыптастырып отыр. Қоғамда бәсекелестіктің болмауы барлық саладағы тоқыраушылыққа алып келеді. Ал саяси салада авторитарлық билікті орнататынын ӛмірдің ӛзі дәлелдеп берді. Әрине, кейбір дамыған елдер тәжірибесінен басым партиясы бар партиялық жҥйенің тиімді екенін кӛруімізге болады. Мысалы, Жапония. Бірақ біздің әлеуметтік-мәдени, саяси дамуымыз ӛзіндік ерекшелігіміз бар екенін кӛрсетіп отыр. Сондықтан кейбір жағдайларда басқа елдер ҥлгісі біз ҥшін тиімді болмауы мҥмкін,деген автордың пікірін толықтай қолдауға тҧрарлық.[1]
Егер кӛппартиялық жҥйені саяси партиялардың қҧқықтық негіздегі ӛркениетті қарым-қатынастың жиынтығы дейтін болсақ, айтар мәселелер жоқ емес. Кӛппартиялық қҧрылымда тҧтастықпен қатар, әрбір партияға тән тәуелсіздікте, еркіндікте, қҧқықтық теңдік те болуы тиіс. Ӛкінішке қарай, партиялар бір-бірімен бәсекеге тҥсе алатындай әлеуетті бола алмай отыр.
Қазақстанның саяси жҥйесінде саяси партиялардың алатын орны ерекше екені белгілі. Алайда бҥгінгі саяси тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, кӛппартиялықтың жҥйе ретінде қалыптасу ҥдерісі оп-оңай ӛтіп жатқан жоқ. Мҧны қазіргі қоғамның жалпы саяси деңгейімен, қҧқықтық кеңістіктегі әлі жетіле қоймаған заңнамалармен тҥсіндіруге болады. Кешегі кеңестік кезеңнің де салқыны жоқ емес. Ӛйткені, тоталитарлық кезеңде қалыптасқан партиялық жҥйенің лебізі де әлі тарқай қоймаған секілді.
Саяси партиялардың кӛбісінің қарапайым халық ӛмірінен, ҧлттық мҧраттардан алшақтығы, олардың әлеуметтік негіздерінің әлсіздігі, қоғамдағы саяси рӛлдерінің бәсеңдігі, еліміздегі саяси-экономикалық мәнді оқиғаларға батыл араласа алмауы, саяси ӛрелері мен сауаттарының тӛмендігі, т.т. айқын байқалмай қалмайды. Олар негізінен сайлау кезінде бой кӛтеріп, қалған кезде ресми жиналыстарға қатысумен шектеліп отыр. Бҧл халық арасында олар туралы оң кӛзқарасты қалыптастырмайды.
Елбасы тҧрақты саяси-партиялық жҥйе қҧруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санайды. Бҧл саяси партиялардың мемлекеттік органдардағы ӛз ӛкілдері арқылы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық бағытын айқындауға қатысып, кадрлармен жҥргізілетін саяси жҧмыстың мазмҧнына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына саяси баға бере алатындай саяси кҥшке айналуын қажет етеді. Бҧл бағытта саяси партиялардың шығар биіктері де, алар асулары да аз емес.
«Нҧр Отан» ХДП-ң негізі болған «Отан» республикалық саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және Н.Назарбаевтың 1999 жылғы президент сайлауындағы ҥгіттеу штабының негізінде қҧрылған болатын «Отан» партиясының қҧрамына бҧған дейін қалыптасқан билік партиялары - Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс, Әділеттік партиясы мен «Қазақстан 2030 ҥшін» қозғалысы кірді.Осылайша, «Отан» билік партиясы рӛлін ӛз қолына алып, партиялық жҥйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады.«Отан» партиясы толығымен қалыптасқан билік партиясы ретінде бҧл қосылулардан соң әр тҥрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. «Отан» партиясының қызметінің бҧл аспектісі ӛте маңызды деп танылады. «Отан» партиясының толыққанды президенттік партияға айналуы бірнеше кезеңде орындалғанын айта кеткен жӛн.
«Отан» партиясының 2004 жылы ӛткен VI съезінде партия тӛрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. «Отанның» басшылығына келген Елбасы саяси алаңның кейбір жаңа субьектілері кӛрсеткісі келгендей «Отан» партиясының ӛз мҥмкіндіктерін сарқымағанын білдіре келіп,саяси кӛшбасшы позициясынан тҥспейтініндігін кӛрсетті. Съезд «Отан» партиясы негізінде биліктің саяси, әкімшілік және экономикалық ресурстарының кейбір элементтерін біріктіру мҥмкіндігі бар екенін танытты. Осылайша, «Отанды» билік партиясы

61


бейнесінен билік, бизнес және саяси элита мҥдделеріне әсер етудің тиімді механизмі – «Президенттік партия» бейнесіне енгізуге қатысты талпыныс жасалынды. Осыдан соң, партияның қҧрамында ӛзгерістер орын алды, яғни оның негізгі әрекет етуші тобы қатарына облыс әкімдері мен ҥкімет ӛкілдерінің кіруі «партия иерархиясын» кҥшейтіп, оны тҧрақты және тҧғырлы етті.
Қалыптасқан саяси жағдай мен саяси дамудың тенденциясы талаптарына сай «Отан» партиясын ӛзгертудің келесі стратегиялық қадамы ретінде 2006 жылдың шілдесіндегі «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде оның қҧрамына «Асар» партиясының қосылуын айтуға болады. «Асардың» бҧл шешімі бірнеше себептерге байланысты кҥтпеген оқиға болды. Ӛзінің қҧрылған кезінен бастап,қомақты қаржылық,ақпараттық және интелектуалдық ресурстарға ие болған «Асар» партиясы «президентті жақтаушы кҥштер» қатарында «Отанның» баламасы ретінде танылған еді. Тіпті, «Асар» қҧрылған соң «Отан» партиясымен арадағы қарсыластықтың жоғары деңгейі де байқалған болатын. «Асар» партиясы ӛзін «жаңарған билік партиясы» ретінде таныта бастаған еді.
Соған қарамастан, екі партияның қосылуы орын алды. «Асардың» 2006 жылы РСП «Отан» қҧрамына енуінен соң, соңғысы партиялық-саяси кеңістіктегі ең ірі және ықпалды саяси ҧйымға айналды. Міне, дәл осы уақыттан бастап қазақстандық саясаттанушылар мен сарапшылар «басым» партия феноменін тыңғылықты зерттей бастады.Елдегі ірі екі партияның бірігуі президентті жақтаушы кҥштердің белсенділігіне алып келді. Осыдан бірнеше айдан соң «Отанның» қҧрамына Қазақстан азаматтық партиясы мен Қазақстан аграрлық партиясы қосылды. Ал сол жылдың желтоқсанындағы «Отан» РСП-ның кезектен тыс ХХ съезінде партия ӛзінің бҥгінгі «Нҧр Отан» атауына иемденді. Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты билік партиясының болуы мен оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне атсалысуы ағымдағы биліктің әлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады.[2]
Ал енді осы «Нҧр Отан» партиясының 1999ж.10 қазанда, 2004 жылдың қыркҥйегінде, 2007 жылдың тамыз айындағы сайлау нәтижесіндегі қорытындысын есептеп кӛрелік. [3] Кесте 1. 1999ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі 1-кестеде кӛрсетілген
Кесте 1. 1999ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау
нәтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар

Парламенттен







дауысы

алған орны

1

Қазақстан коммунистік партиясы

17,75%

2,6%

2

Қазақстанның аграрлық партиясы

12,63%

7,8%

3

Республикандық Отан саяси партиясы

30,89%

49,3%

4

Қазақстанның халықтық конгресс партиясы

2,83%

-

5

Қазақстанның дәуірлеу партиясы

1,97%

1,3%

6

Қазақстанның демократиялық Азамат

4,57%

-




партиясы







7

Қазақстанның Алаш ҧлттық партиясы

2,76%

-

8

Республикандық еңбек саяси партиясы

1,38%

-

9

Қазақстанның Азаматтық партиясы

11,23%

20,8%

Кесте 2. 2004ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау


нәтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар

Парламент-







дауысы

тен алған










орны

1

Республикандық Отан саяси партиясы

60,61%

67%

62


2

Қазақстанның демократиялық «Ақ жол»

12,04%

1,3%




партиясы







3

Республикандық « Асар» партиясы

11,38%

5,2%

4

«АИСТ» сайлау блогы

7,07%

14,5%

5

Оппозициялық Коммунистердің халықтық

3,44 %

-




одағы мен ҚДТ







6

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы

1,98%

-

7

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы

1,73%

-

8

Қазақстанның демократиялық партиясы

0,76%

1,3%

9

Қазақстанның Патриоттар партиясы

0,55%

-

10

Руханият партиясы

0,44%

-

Кесте 3. 2007ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау


нәтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар

Парламент-







дауысы

тен алған










орны

1

Халықтық демократиялық «Нҧр Отан» саяси

88,41%

98%




партиясы







2

Жалпыҧлттық социал-демократиялық партия

4,54%

0

3

Қазақстанның демократиялық «Ақ жол»

3,9%

0




партиясы







4

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы

1,51%

0

5

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы

1,29%

0

6

Қазақстанның Патриоттар партиясы

0,78%

0

7

Руханият партиясы

0,37%

0

Жалпы жоғарыда келтірілген Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері партиялардың тиімді санының бірте-бірте тӛмендегенін кӛрсетеді.


«Нҧр Отан» партиясының қызметіне жасалған аналитикалық мониторингтің қорытындысына сҥйенетін болсақ,бҧл партия мемлекет басшысының ӛзі басшылық ететініне қарамастан,шын мәнінде басқарушы партия бола алмай отыр.Қалай болғанда да, мемлекеттің саяси стратегиясын анықтау ісі бҧл партияның институтционалдық қҧрылымынан тыс жҥріп жатқаны анық.Соның нәтижесінде оның кҥнделікті жҧмысы жалпыға арналған мәдени шаралар мен ғылыми-тәжірибелік тҧрғыдағы іс-шаралардан арыла алмай отыр.Басқарушы партия ҥшін бҧл жеткіліксіз.
Президенттің елдің саяси жҥйесіндегі ең негізгі және ҥлкен ҥстемдікке ие фактор болуының ӛзі тек «Нҧр Отанның» емес, жоғары биліктің механизмдерін жҥзеге асыратын ӛзге де қҧрылымдардың екінші кезекке ысырылуына себепкер болып отыр. Бҧл ең алдымен Президент әкімшілігіне қатысты. Мҧндай жағдайда бҧл партия тек басқарушы элитаның саясатын жҥргізуші қҧрал болумен шектеледі.Тіпті, партия кӛшбасшысы болып табылатын мемлекет басшысының мақсаттары мен мҥдделерін жҥзеге асырушы деуге де болады.
Мәжілісті тҧтастай иемденіп отырғандарына және Сенатта да басым кӛпшілік екеніне қарамастан, «Нҧр Отан» ӛзінің депутаттық фракциялары арқылы заң шығару барысындағы басым бағыттарды белгілей алып отырған жоқ. Соның салдарынан депутаттар тек ҥкіметтің жасап, жіберген заң жобаларын қараумен шектеліп отыр. Мҧндай жағдайда депутаттар партияның орталық аппаратынан тыс ӛмір сҥреді. Мҧндай жағдай аймақтарға да қатысты. Мәслихат депутаттары кӛп жағдайда партия басшылығына емес, жергілікті әкімдерге бағынышты болатыны жасырын емес. Осындай жағдайда «Нҧр Отанның» саяси шешімдерді


63


қабылдау процесіне қатысу және ол шешімдердің саяси билік жҥйесінің барлық деңгейінде орындалуын бақылау мҥмкіндігі жоқтың қасы. [4]
Әдебиеттер 1. «Қазақстандағы партиялар туралы саяси пікір».Г.Нҧрымбетова/ Айқын газеті.02.02.2010ж
2.«Нҧр Отан» ХДП –саяси бірігудің факторы.Н.Сейдін/Қоғам және Дәуір/21.12.2009ж. 3.Қазақстан Республикасында партиялық жҥйені дамыту ауқымындағы партиялардың «тиімді саны» мәселесі.Г.Нҧрымбетова/ Қоғам және Дәуір/21.12.2009ж.
4. «Альтернатива» ӛзекті мәселелерді талдау орталығы.Қазақстанның партиялық жҥйесі:негізгі кҥштердің конфигурациясы.


САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ: НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Мамбеталиев Нуржан Сагинбекович Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана
Сараптамлық талдау орталықтарының атқаратын қызметтерін анықтау ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады, ӛйткені олардың қызметтерін анықтауға саяси режим, саяси жҥйелердің тҥрі, саяси мәдениет деңгейі, сараптамалық талдау орталықтары кімге бағыныштын, кімнің қҧзырында жҧмыс атқарады деген мәселелердің барлығы сараптамалық талдау орталықтарының қызметін анықтауға септігін тигізеді. Сараптамлық талдау орталықтарының қызметтері сан алуан болып келеді. Әрбір географиялық аймаққа байланысты сараптамалық талдау орталықтарының қызметтерін әр тҥрлі қарастырады. Жоғарыда келтірген анықтамаларға сай сарптамалық талдау орталықтарын ҥш географиялық аймаққа (АҚШ, Еуроодақ, Посткеңестік елдер) бӛліп қарастырайық.
I. АҚШ – бҧл мемлекеттің сараптамалық талдау орталықтарының тарихы басқа мемлекеттерден қарағанда бай болып келеді. Ең алғашқы болып американдық сараптамалық талдау орталықтарының қызметтері әскери салаға байланысты болған. Сараптамалық талдау орталықтарының алғашқы қызметтері келісім-шартқа отыру негізінде басталған. Осы уақытта қҧрылған РЭНД Корпорейшн (1946), Қорғаныс талдау институты (1956) қазіргі уақытқа дейін АҚШ беделді сараптамалық талдау орталықтарының бірі болып табылады. Атақты американ зерттеушісі П. Диксон XX ғасырдың 60-жылдардағы қорғаныс саласына бағытталған сараптамалық талдау орталықтарын «әскери интелектуалды кешендер»[1] деп атаған. Осы әскери интелектуалды кешендер келесі қызмет атқарған:


  1. әлем мемлекеттерінің қарулы кҥштерінің даму және олардың потенциалдарына мониторинг жасау




  1. қарулы кҥштерінің қызметіне, әскери доктриналарына, қорғаныс саласындағы стратегияларына, бағдарламаларына, тҧжырымдамаларға талдау жасау




  1. мемлекеттік әскери қауіпсіздік салаларға байланысты қҧжаттарды дайындауға қатысу, тиімділігіне баға беру, әскери қызметті жетілдіруге ҧсыныс беру




  1. болжам жасау




  1. индикативті, қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы мәселелерді анықтау Осындай сараптамалық талдау орталықтары арқылы АҚШ-ы басқа елдердің әскери

саласына баға беріп ӛздерінің кемшілігін анықтап дер кезінде шешу жолдарын анықтап отырған. Сараптамалық талдау орталықтарының әскери салаға қызмет кӛрсету арқылы АҚШ-ның қорғаныс және әскери потенциалы басқа елдерден қарағанда ӛте ҥлкен дәрежеде болды және бҧл бҥгінгі кҥнге дейін сақталып қалды.


Біздің қарастырғанымыз АҚШ-ның алғашқы сараптамалық талдау орталықтары, ендігі бҥгінгі таңдағы сараптамалық талдау орталықтары мемлекеттің сыртқы саясаттын талдау бірінші кезектегі мәселе. Сараптамалық талдау орталықтарының қатысуымен мемлекеттің сыртқы саясатындағы маңызды бағдарламалар дайындалды. Мысалға,

64


Эйзенхаурдың «Эйзенхаур доктринасы», Рейганның «Басшылыққа мандат» және тағы басқада американың дҥние жҥзінде ҥстемдік орнату бағдарламалары сараптамалық талдау орталықтарының кӛмегімен дайындалды.
Сонымен бірге, АҚШ-ның сараптамалық талдау орталықтарының жҧмысына назар аударып қарасақ, мемлекеттік органдар мен сараптамалық талдау орталықтарының арасында мамандармен ӛзара алмасу тәжірибесі енгізілген, яғни американдық тәжірибеде бҧл «revolving door» - айналмалы есік атты механизмі деп аталады. Бҧл АҚШ-ның ішкі және сыртқы саясаты ҥшін мамандарды дайындауда ҥлкен әсерін тигізген қызметтердің бірі болып табылады. Осы ӛзара алмасу механизмі арқасында сараптамалық талдау орталықтарының мамандары шынайы саяси ҥдеріске қатысу арқылы ӛз тәжірибесін кеңейтіп, кәсіби дағдылығын шындай тҥссе, керісінше, шынайы саяси ӛмірден келген мамандар сараптамалық талдау орталықтарында ӛз тәжірибесін әрі қарай дамытуға, шындауға, ӛзінің білім қорын жетілдіруге мҥмкіндік алады. Себебі, мемлекеттік қызметтегі маман мәселеге кешенді тҥрде қарауға мҥмкіндігі болмайды, оған ӛзіндік жҥйе шектеулері де әсерін тигізуі мҥмкін.[2] Сараптамадық талдау орталығында бірнеше жылдар қызмет атқарған АҚШ-ның экс мемлекеттік хатшысы АҚШ-ның атақты саясаткері Г. Киссинджир былай деген: «мемлекеттік органға жҧмысқа келгенге дейін нителектуалды капиталды жинаған жӛн, себебі жҧмыс істей келе жиналған интелектуалды капиталды жоғалта бастайсын» деп тҧжырымдауы АҚШ саясатында сараптамадық талдау орталықтарында тәжірибе жинау қаншалықты маңызды екенін кӛрсетеді.
Сонымен, АҚШ-ында сараптамалық талдау орталықтары ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда шешуші роль атқарып, саяси ҥдеріске белсене араласушы субьектілердің қатарын қҧрайды. АҚШ-ның саяси ӛмірінде ӛзекті болған мәселелер сараптамалық талдау орталықтарының кҥн тәртібінде кӛп орын алады. Тек ӛз мемлекетінің саясатына талдау жасап қана қоймай, басқа мемлекеттің барлық салалары жӛнінде кешенді зерттеулер жҥргізе отырып, олардың нәтижелерін мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде негізге ала отырып, пайдаланады.
II. Еуроодақ – кез келген деңгейдегі саяси шешімдерді қабылдауға, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, елдің саяси бағытын, ішкі және сыртқы саясатын анықтауға, сарапшылар мен ғалымдардың пікіріне назар аударып ақыл кеңес беру осы мемлекеттердің саясатына тән нәрсе.
Жалпы батыс еуропалық зерртеушілердің пікірінше сараптамалық талдау орталықтарын ҥш тҥрге байланысты қызметін анықтайды. Бҧлар:


  1. сараптамалық талдау орталықтары – мемлекет, қоғам және ғылым арасындағы

делдал;

  1. сараптамалық талдау орталықтары қоғамдық мҥддені қорғайды;

  2. сараптамалық талдау орталықтары шын мәнінде ойланады.

Сонымен, еуропалық сараптамалық талдау орталықтарының бюджеті және штаты жағынан аз болып келеді, кӛп жағдайларда саясаткерлермен және саяси партиялармен тығыз байланыста, АҚШ-ның «айналмалы есік» механизмі толыққанды жҧмыс атқармайды, оған қарамастан еуропалық сараптамалық талдау орталықтарының артықшылықтары да бар. Бҧл сараптамалық талдау орталықтарының дамуындағы жаңа тенденция болып табылатын, саяси ғылымда «саяси трансферт» тҧжырымдамасының негізін қҧрайтын сарпатамалық торлардың қалыптасуы, әрі әрекет етуі. «Трансферт» деп аталатын ӛзара әрекеттесудің жаңа типі сараптамалық талдау орталықтарының дамуының келесі кезеңі болып «виртуалды ақыл-ой орталықтары» немесе «қабырғасыз ой фабрикалары» деген терминмен белгіленген[3]. Еуроодақ сараптамалық талдау орталықтарының саясатқа тікелей ықпалы аз мӛлшерде болғанымен, Еуроодақ мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саясатында, әсіресе интеграция процесіндегі ролі ҥлкен деңгейде болып табылады.


Алайда еуропалық сараптмалық талдау орталықтарының қызмет ету деңгейі барлығында бірдей деп қарастыруға болмайды. Еуропаның шығыс бӛлігі бҧрынғы кеңес одағының қҧрамында болғандықтан оның қызметі сәл басқаша болып табылады. Алайда

65


шығыс еуропа мемлекеттерінде сараптамалық талдау орталықтарның даму деңгейі әр тҥрлі болғандықтан бҧл олардың қызметтерінің әр тҥрлі бағытта қалыптасқанын кӛрсетеді. Осы тҧрғыда кейбір елдерде сараптамалық талдау орталықтары: эконмика мәселелерімен айналысатын сараптамалық талдау орталықтары саяси бағытқа қызмет ететін сараптамалық талдау орталықтарына қарағанда белсенді, жҥйелі тҥрде мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнатып, экономика саласында қабылданатын шешімдерге ықпал етуге тырысады. Кейбір едерде мемлекеттік сараптамалық талдау орталықтары жоқ, яғни тәуелсіз істермен айналысатын орталықтары, ал кейбіреулерінде сараптамалық талдау орталықтары тек мемлекеттің қармағында жҧмыс атқаратын орталықтар кездеседі.[4] Тағы бір кӛрсетіп кететін жайт, бҧл Шығыс еуропа мемлекеттеріндегі сараптамалық талдау орталықтарының Батыс еуропа мемлекеттерінің сараптамалық талдау орталықтарымен ӛзара байланыста болып отырады. Бҧл әрекеттің тиімділігі тікелей батыс мемлекеттерімен тәжірибе алмасуға, кӛз қарастарын білуге мҥмкіндік алады. Әрине осылай жасаудың да ӛзінің себептері бар, бҧл ең бастысы барлығы бірегей одақ мҥшесі болғандықтан. Бір елдің дамығаны екінші елдің дамуына әкеледі деп сенуде.
III. Посткеңестік мемлекеттер – ғалымдардың тҧжырымдауын саралай келе, сараптамалық талдау орталықтарының негізігі қызметі:


  1. зерттеу

  2. делдалдылық

  3. консалтинг

  4. білім беру деп кӛрсетеді.

Алайда посткеңестік елдердегі сараптамалық талдау орталықтарының қызметінің даму деңгейі еуроодақ мемлекеттеріндей әр тҥрлі. Сондықтан оны Ресей және Қазақстан деп екіге бӛліп қарастырамыз.


Ресей – КСРО ыдырағаннан кейін басқа посткеңестік елдердегідей, сараптамалық талдау орталықтарының пайда болуына және дамуына бастапқы кезде мемлекеттің барлық салаларындағы терең кешенді дағдарыс, қоғамның барлық салаларын қамтыған кешенді реформалар, сайлау институттарының, кӛп партиялық жҥйенің қалыптасуы және дамуы, бизнес қҧрылымдардың дамуы және олардың тарапынан зерттеулерге тапсырыс беруі, ортақ зерттеу мәселелерімен айналысытын сараптамалық талдау орталықтары арасындағы бәсекелестік сияқты ішкі себептер ӛз септігін тигізді.
Сонымен қатар, сыртқы себептерге әлемдік саясаттағы ӛз орнын анықтау және негіздеу, аймақтық және халықаралық мәселелерге араласуы, сыртқы саясат стратегиясын және негізгі бағыттарын қалыптастыру жатады.
Атақты Ресей ғалымы В. Лобановтың пікірінше «сараптамалық талдау орталықтарының негізгі қызметі - әр тҥрлі деңгейдегі саяси қайраткерлерді ғылыми және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуді қамтитын мемлекеттік мекемелердің тапсырысы бойынша кеңес беру».[5]
Жалпы ресейлік зерттеушілер сараптамалық талдау орталықтарын келесі қызмет салаларын атқарады деген:


  1. білім беру;

  2. креативті;

  3. медиаторлық (коммуникативті);

  4. енгізуші;

  5. зерттеуші.

Осы жоғарыда келтірілгендердің ішінде енгізуші қызметі сараптамалық талдау орталықтарының негізгі қызметі болмауы мҥмкін, себебі олардың жҧмысы ҧсыныс кезінде аяқталады, ал ҧсыныстарды қабылдау негізінен мемлекеттік органдар мен саясаткерлердің қҧзырына тиесілі болып табылады, сонымен енгізуші қызмет лоббистік топтарға тән.


Ресейде азаматтық қоғам мемлекетке бәсекелес емес, егер де мемлекет ӛз тарапынан азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына ӛзіндік қолдауын кӛрсетпесе, сараптамалық талдау орталықтарының дамуы да мҥмкін емес. Себебі, посткеңестік елдердің сараптамлық

66


талдау орталықтары тҧжырымдамасы азаматтық қоғам тҧжырымдамсының ажырамас бӛлігі болып табылады. Сараптамалық талдау орталықтарын қаржылай кӛмек кӛрсету дәстҥрінің және ғылыми зерттеу жҧмыстарын қолдауға бағытталған демеушілік институттарының әлсіздігі Ресей сараптамалық талдау орталықтарының дамуындағы ӛзекті мәселелердің қатарына жатады. Ресейде сараптамалық талдау орталықтарына деген сҧраныстың болмауынан зерттеушілер кӛп жағдайда оқытушылық жҧмысқа ауысып, шетелдік гранттар мен жобаларға тәуелді болады.
Қазақстан – сараптамалық талдау орталықтарын зерттегендердің пікрінше Қазақстандағы сараптамалық талдау орталықтары зерттеу, сараптамалық, болжам жасау, ҧсыныс беру сияқты қызмет тҥрлерін кӛрсетеді дейді. Жалпы Қазақстандық кӛптеген сараптамалық талдау орталықтары ӛзіне тән қызмет атқармайды. Олар бӛлек жҧмыстармен араласып кетеді. Мысалға: егер сараптамалық талдау орталығынада қызмет еткен ӛкілді мемлекеттік қызметке шақырса ол кейінен сарпатамалық талдау орталығына жҧмыс атқаруға қайтып келмейді. Бҧл айналмалы есік механизімінің тӛмен дәрежеде дамығанын айқын дәлеледейді. Сонымен Қазақстан сараптамалық талдау орталықтарының ӛзіне тән қызметтерді орындауы олардың жҧмысының тиімділігін азайтып, деңгейін тӛмендетеді, яғни әрбір саяси институт ӛзіне тән қызметті атқарған жағдайда ғана саяси жҥйенің қызмет ету деңгейі де жоғарлайды.[6]
Алайда бҧған қарамастан Қазақстанда тҧрақты жҧмыс атқаратын сараптамалық талдау орталықтары бар. Олар фундаменталды ғылыми зерттеулерді жҥргізуге бағытталған, халықаралық және сыртқы саясат мәселелерін зерттейтін, ішкі саясаттың ағымдағы мәселелерді зерттейтін, экономикалық және әлеуметтік бағыты бойынша реформаларды дайындау барысында қызмет атқаратын сараптамалық талдау орталықтары болып табылады.
Осы әр қарастырған елдің сараптамалық талдау орталықтарының тиімді қызметтерін ескеріп кететін болсақ АҚШ – сараптамалық талдау орталықтары мемлекет тарапынан қолдау таба отырып, сонымен бірге ірі бизнес корпорациялары мен қҧрылымдарының қаржыландырылуы арқылы саяси ҥдерістің негізгі акторлары болып саналады, сараптамалық талдау орталықтары мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын қалыптастыра отырып, ӛз ӛкілдерін ашу арқылы мемлекеттің сырт аймақтардағы ықпалын кҥшейту механизімін атқарады.
Еуроодақ – интеграция контексінде сараптамалық талдау орталықтары зерттеу бағыттары бойынша сыртқы саясат мәселелеріне қарағанда ҧлттық деңгейде мәселелерді талдауға бейім.
Ресей – кеңес одағының ыдырағаннан кейін бірнеше зерттеу институттарының негізінде жаңа мемлекеттік, жеке меншік сараптамалық талдау орталықтарының дамуына жинақталған мәліметтер базасы, әдіснамалық негіз, ғылыми кадрлардың болуы жағымды әсер еткен фактор болды.
Қазақстан – сараптамалық талдау орталықтары барлығы тиімді қызмет атқармағанымен, алайда Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты бойынша тҧжырымдамалар мен бағдарламалар дайындап, сараптама мен талдау жҥргізген орталықтар бар.
Алайда әлі де болса посткеңестік елдерде соның ішінде Қазақстан мен Ресей елдеріде сараптамалық талдау орталықтары институтцияланбаған және де сараптамалық талдау орталықтары саяси мектеп ретінде әлі де қалыптаспаған. Бҧл тек әлі қарастырылмаған мәселелердің кейбіреулері ғана алда кӛптеген енгізулер жасау қажет.
Біздің пікрімізше қайсы елді алсақта, АҚШ-нан басқа, сараптамалық талдау орталықтарының қызметі жӛнінде АҚШ-ның тәжірибесін қалыптастырған дҧрыс шешім болып табылады. Аспаннан қызмет тҥрін ойлап тапқанша, ғасырлар бойы қалыптасқан «revolving door» атты қызметті орнатса мемлекетің қандай болысын саласы жақсы жҧмыс атқарады. Себебі мемлекетті басқару бҧл менеджменттің бір тҥрі болып табылады. Қандайда болсын менеджмент мектептері басқарушы немесе басқарма жҥйесі мықты болады егерде басқарущы кампанияның тҥбегейлі мәселелерін біліп оны шешугке байланысты нақты іс

67


әрекеттер жасайтын болса деп тҧжырымдайды. Бҧл жағдайда мемлекет бҧл ҥлкен ҧйым ал басқарушылар бҧл мемлекет басындағы органдар. Егерде мемлекеттік органдар басына сараптамалық талдау орталықтарында қандайда болсын әлеуметтік немесе халықаралық қатынастар жҥйесін қарастырған қызметші болса, осы қызметші толғандырып отырған мәселелерді шешуге басты назар аударады. Біз келесі АҚШ-ның сараптамалық талдау орталықтарында жҧмыс атқарып кейінен билік басына келген адамдарды атап ӛтейік:
Джеймс Стейнберг – Ҧлттық қауіпсіздік жӛнінде Президент кӛмекшісінің орынбасары, Брукинг институтынан шыққан;
Генри Киссинджер – АҚШ-ның экс мемлекеттік хатшысы, Халықаралық қатынастар кеңесінен шыққан;
Д.Р. Болтон – Қару жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік жӛніндегі мемлекеттік хатшы экс орынбасары, Американдық кәсіпкерлік институттарынан шыққан;
З. Бжезинский – Ҧлттық қауіпсіздік жӛнінде кеңесші, Дж. Хопкинс атындағы Орталық стратегиялық және халықаралық зерттеу инститтутынан шыққан
Д. Чейни – АҚШ-ның экс вице президенті, Американдық кәсіпкерлік институттарынан шыққан;
К. Райс – АҚШ-ның экс мемлекеттік хатшысы, Гувер институтынан шыққан АҚШ-ның кӛптеген мемлекеттік қайраткерлері сараптамалық талдау орталықтарында
жҧмыс атқарған. Сондықтан біздің ойымызша осы «revolving door» атты жҥйені әр мемлекет басты болмасада мемлекеттік жҥйе ретінде қалыптастыру қажет.
Әдебиеттер


  1. П.Диксон. Фабрики мысли//Введение: фабрики, не загрязняющие окружающую среду// http://stra.teg.ru/library/institutes/Dikson-Thinktanks/1




  1. Внешняя политика Соединенных Штатов Америки: принципы формирования и закономерности реализации. Монография. В 2-х томах. Т.1 Колл. авт. Под общей редакцией академика О.А. Колобова. – Нижний Новгород: ФМО/ИСИ ННГУ; Изд-во АГПИ им.А.П. Гайдара, 2008 – С




  1. Boucher, Stephen, et al., Europe and its think tanks; a promise to be fulfilled. An analysis of think tanks specialised in European policy issues in the enlarged European Union, Studies and Research No 35, October, Paris, Notre Europe, 2004




  1. И.Крыстев. Влияние «мозговых центров»: признак силы гражданского общества или свидетельство слабости государства? Опыт Болгарии//Думая о немыслимом: от идеи к политике. Роль «мозговых центров» в формировании правительственной стратегии. – М.,

2004. – С.85-94

  1. В.В.Лобанов Государственное управление и общественная политика. – СПб., 2004. - С.128




  1. Жолдыбалина А.С. Саясаттағы сараптамалық талдау орталықтары: әлемдік тәжірибе және Қазақстан. Астана-2010



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет