ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. У
ӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ (ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ).
Көкшетау – 2000.
ЕСЕНЕЕВ Т.Қ. Мал шаруашылығының негіздері. Көкшетау қаласы. … бет
Лабораториялық тәжірибе мал шаруашылығының технологиялық процестерін мханикаландыру және электрлендіру кафедрасы жиынында қарап, мақұлдап
( …. 02.2000 жылы № хаттама), баспаға ұсынған.
Лабораториялық тәжірибе ауыл шаруашылығы негіздері курсының материалдарын меңгеруде жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерніне пайдалы, қосымша құрал болып есептеледі.
Сын пікір жазған – Д.К.Найманов, профессор, ауыл шаруашылық ғылымының докторы (Қостанай мемлекеттік университеті).
ISBN 9965-497-18-4.
1. Ауыл шаруашылық малының сыртқы пішініне (экстерьері) дұрыс баға беру.
Малдың сыртқы пішініне дұрыс баға беру үшін сыртқы дене мүшелерін, оның аттарын және дамуын, тіршілігі мен оның нақтылы өнімдік қаситтерімен байланысын жақсы білу керек. Дене мүшелерін стать деп атайды.
Тапсырмалар: лабораториялық дәптерге берілген малдардың суреттерін салып, оның үстіне төменгі көрсетілген тәртіппен статьтарды цифрмен қою керек.
1-сурет.
1.1. I – тапсырма: Сауынды, сүтті типті сиырдың суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (1-сурет): 1 – мүйіз арасы; 2 – маңдайы; 3 – тұмсық; 4 – астыңғы жақ; 5 – мойын; 6 – желке; 7 – кеуде; 8 – Төс; 9 – шоқтық; 10 – жауырын; 11 – жауырын-иық буыны (төмпешігі); 12 – шынтақ; 13 – иық асты; 14 – білек; 15 – алдыңғы сирақ; 16 - тұсау буыны; 17 - арқа; 18 – бел; 19 – шабы,-; 20 – сүт құдығы; 21 – сүт тамыры; 22 – желін; 23 – құйымшақ; 24 – сауыр; 25 – мықым төмпешігі; 26 – жамбас; 27 – тізе буыны; 28 – шабу буыны; 29 – құйрық шашы; 30 – саны.
2 – сурет.
1.2. II – тапсырма: Жылқының суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (2-сурет): 1 – құлақ; 3 – кекіл; 4 – қарақұс; 5 – самай; 6 – көзінің үстіндегі ойпат; 7 – қас үстіндегі доғалар; 8 – көз; 9 – мұрын ортасы; 10 – мұрын арқасы; 11 – тұмсық; 12 – ерін; 13 – иек; 14 – иек шұңғылы; 15 – сағақ; 16 – беті; 17 – жақтың қыры; 18 – жақтың асты; 19 – шеке; 20 – жал; 21 – мойын жалы; 22 – мойын бүйірі; 23 – тамақ; 24 – мойын тамыры; 25 – шоқтық; 26 – арқа; 27 – бел; 28 – сауыр; 29 – құйымшақ; 30 – жая; 31 – құйрық негізі; 32 – құйрық; 33 – көтен; 34 - көтен аралығы; 35 – кеуде; 36 – кеуде асты; 37 – қабырға; 38 – кеуде сүйегі; 39 – жалған қабырға; 40 – қарын; 41 – аш бүйір; 42 – жыныс мүшелері; 43 – жыныс ауызы; 44 – жыныс қалтасы; 45 – жауырын; 46 – иық; 47 – жауырын мен қол жілігін қосатын буын (төмпешігі); 48 – шынтақ; 49 – иық асты; 50 – білек; 51 – сирақ; 52 – тұсау буыны; 53 – тұсау; 54 – тұяқ үсті; 55 – тұяқ; 56 – мықым төмпешігі; 57 – сан; 58 – жамбас; 59 – тізе; 60 – бұт; 61 – ахилла сіңірі; 62 - өкше; 63 – шабу буыны; 64 – артқы сирақ; 65 – каштан сүйегі; 66 – тұяқша қылы.
3 - сурет
1.3. III – тапсырма: Қойдың суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (3-сурет): 1 – тұмсық; 2 – ауыз; 3 – танау; 4 – ерін; 5 – мұрын; 6 – мұрын ортасы; 7 – маңдай; 8 – көз; 9 - құлақ; 10 – мойын; 11 – иық астындағы қатпары; 12 – шоқтық; 13 – иық; 14 – кеуде; 15 – кеуде алды; 16 – алдыңғы аяқ; 17 – арқа; 18 – бел; 19 - аш бүйір; 20 – қабырға; 21 – алдыңғы шат; 22 – қарын; 23 – артқы шат; 24 – сауыр; 25 – сан; 26 – айыл; 27 – құйрық негізі; 28 – шалбарша; 29 – артқы аяқ.
4 – сурет.
1.4. IV – тапсырма: Шошқаның суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (4-сурет): 1 – тұмсық; 2 – көз; 3 – мұрын ортасы; 4 – құлақ; 5 – жақтың асты; 6 – мойын; 7 – иық; 8 – алдыңғы аяқ; 9 – артқы аяқ; 10 – кеуде; 11 – айыл; 12 – арқа; 13 – бел; 14 – қабырға 15 – құйрық; 16 – алдыңғы шат; 17 – артқы шат; 18 – аш бүйір; 19 – сауыр; 20 – қарын; 21 – сан; 22 – тізе; 23 - өкше; 24 - тұсау буыны; 25 – тұяқша; 26 – тұяқ.
5 - сурет
1.5. V – тапсырма: Қораздың суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (5-сурет): 1 – айдар тістері; 2 – айдардың негізі; 3 – айдар бөлшегі; 4 – айдар; 5 – көз; 6 – құлақ; 7 – тұмсық; 8 – құлақ сырғашығы; 9 – сырға; 10 – шаш қауырсыны; 11 – бел; 12 – арқа; 13 – иық қауырсыны; 14 – жабан қауырсыны; 15 – қанат; 16 - кеуде; 17 – құйрықтың ұзын қауырсыны; 18 – екінші желдету қауырсыны; 19 – кіші қауырсын; 20 – бірінші желдету қауырсыны; 21 – бел қауырсыны; 22 – қарын; 23 – сирақ; 24 – сан; 25 – зөңгі; 26 - өкше; 27 – саусақ; 28 – жыныс мүшелері.
Малды жәй көзбен бағалау әдісі деп, атына сәйкес оның сыртқы пішінін, әрбір дене мүшесін көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы өзіне ғана тән сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне, жақсы-жамандығы туралы мәліметтеріне, өнімділік сапасына, жалпы түр-тұлғасының үйлесімділігіне тиісті баға беру болып табылады. Әдетте, әуелі малды алдынан, бүйірінен 1,5 – 2 метр қашықтықтан жалпы дене мүшелерінің үйлесімділігін, аяқтарының орналасуын анықтайды да, содан кейін әр дене мүшелерін, қажет болса қолмен ұстау арқылы, бағалайды.
Бұл әдіспен малдың түр-тұлғасына, дене бітіміне, мықтылығына біршама әділ баға беріледі. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі – кез-келген жерде, қосымша құралсыз-ақ қолданылады. Бұл әдісті дұрыс қолдана білу үшін маманның тиянақты түрде биологиялық, зооинженерлік білімі және бірқатар жылды қамтитын тәжірибесі болу қажет, сонымен қатар бағаланатын мал тұқымының жасына, жынысына, өскен жағдайына байланысты ерекшеліктерін жетік білуі керек.
2. Малдың түр-тұлғасы және сыртқы пішіні (экстерьер).
Малдың дене бітімі (конституциясы) дегеніміз сыртқы түр-тұлғасы (экстерьер) мен ішкі құрылысының бірлестігі (интерьер). «Экстерьер» – деген француз тілінен – «сыртқы түрі» деген сөзді білдіреді. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру тәжірибесінде малдың сыртқы түр-тұлғасына қарап баға беруге, сұрыпталуына әрқашан да ерекше мән беріледі.
Ғалымдар организмнің формасы мен қызметінің, дене бітімі мен өнімділігінің арасындағы байланысты дәлелдеп, экстерьерге баға беруде малдың өнім бағытын есептеу қажет екенін дәлелдеді. Малдың сыртқы пішінін бағалау арқылы мынадай селекциялық мәселелер шешіледі:
1. Дене бітімін бағалау;
2. Тұқымының ұқсастығын анықтау;
3. Өзіндік жеке ерекшеліктері мен өнім бағытын (еттілігін, сүттілігін, жүнділігін, т.б.) анықтау;
4. Жас ерекшеіктерін анықтау;
5. Фермерлік технологияға бейімділігін анықтау; мысалы: сиырдың желінінің формасы (астау, дөңгелек) мен көлеміне (130 см), емшегінің цилиндрге ұқсас түрі мен орналасуына, сауған кезде уақыт бірлігі ішінде қанша сүт беретініне, емшектері мен жердің ара-қашықтығына (45-50 см), бірінші рет 24 айлығында бұзаулануына емшек ұзындығына (6-9 см), еніне (2-5 см), ара- қашықтықтарына (7-15 см), сүтті толығымен сауылатынына қарап бағалау;
6. Денсаулығын анықтау.
2.1. Экстерьерді бағалау әдістері.
Малдың экстерьеріне дұрыс баға беру үшін оның сыртқы дене мүшелерін (стать), ішкі органдарының, тіршілігі мен нақтылы өнімділік қаситтерінің байланыстылығын жақсы білу қажет.
Малдың эстерьеріне баға бергенде, мынадай негізгі сыртқы мүшелеріне ерекше мән беріледі: бас, мойын, шоқтық, кеуде, арқа, бел, бөксе, аяқтары, желін және жыныс мүшелері.
Малдың сыртқы пішінін бағалау үшін мынадай әдістер қолданылады: сырт көзбен қарау, балл бойынша, суретке түсіру және өлшеу.
2.2. Өлшеу тәсілі арқылы малдың экстерьері туралы нақтылы (объективті) деректер алып, екі түрлі малды сыртқы пішіні жағынан дәлірек салыстыруға болады. Бұл тәсілде қажетті құрал-саймандар арқылы ( мысалы, сантиметрлік ұзын таяқ, сантиметрлік лента, дөңгелек циркуль) малдың дене мүшелерін өлшейді.
Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары барысында мынадай өлшеулер қолданылады:
1. Бойының (шоқтығының) биіктігі ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін өлшеуіш таяқпен өлшенеді.
2. Белінің биіктігі ең соңғы бел омыртқасының үстіңгі нүктесінен жерге дейін өлшеуіш таяқпен өлшенеді.
3. Құйымшақтың биіктігі құйымшақтың ең биік нүктесінен жерге дейін өлшеуіш таяқпен өлшенеді.
4. Кеудесінің тереңдігін шоқтықтың ең биік нүктесінен төстің ең төменгі нүктесіне дейінгі, жауырынның бойындағы сызықтың ұзындығын өлшеуіш таяқпен арқылы өлшейді.
5. Кеудесінің енділігін жауырындардың ең шеткі нүтелерін қосатын сызықтың ұзындығын үстінен өлшеуіш таяқпен арқылы өлшейді.
6. Тұрқының қиғаш ұзындығын жауырын мен қол жілігінің қосылатын буынынан жамбастың артқы төмпешігіне дейінгі ұзындығы өлшеуіш таяқпен арқылы өлшейді.
7. Сербегі аралық енділігін мықым сүйектерінің ара- қашықтығы арқылы циркульмен өлшейді.
8. Кеуде орамы жауырынның ең шеткі нүктелерінен кеуде бойымен ұзындығын сантиметрлік лентамен өлшейді.
9. Сирақ орамы сирақтың ең жіңішке жері сантиметрлік лентамен өлшенеді.
10. Мықым биіктігі мықым төмпешігінің ең биік нүктесінен жерге дейін өлшеуіш таяқпен өлшенеді.
11. Сауырдың биіктігі жерден сауырдың ең биік аралығы өлшеуіш таяқпен ((өлшенеді.
12. Артқы бөлігінің шаршылама ұзындығы жанбас сүйегінің басынан құйымшақ сүйегіне дейінгі аралықты циркульмен өлшеу арқылы анықталады.
13. Құйымшақ сүйек аралығы циркульмен өлшеу арқылы анықталады.
14. Иығының ара-қашықтығы кеуде алдынан циркульмен өлшеу арқылы анықталады.
15. Басының ұзындығы шекеден тұмсығына дейінгі қашықтықпен циркульмен өлшеу арқылы анықталады.
16. Маңдайының жалпақтығы көздерінің ара-қашықтығы циркульмен өлшеу арқылы анықталады.
17. Маңдайының ұзындығы шекеден көзаралық сызыққа дейін циркульмен өлшеу арқылы анықталады.
Әр мал түлегі үшін денені өлшеудің қалыптасқан жүйесі бар. Мысалы: ірі қара малда – 17 (1 – 17); шошқада – 10 (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11); жылқыда – 17 (1 – 17); қойда – 8 (1, 2, 11, 4, 5, 13, 9, 6).
2.3. Дене мүшелерінің өлшеулері арқылы малдың сыртқы пішінін нақтылы сипаттау үшін, дене бітімінің индексін есептейді.
Дене тұлғасының индексі деп анатомиялық тұрғыдан бір-бірімен байланысы бар дене мүшелері өлшеулерінің проценттік ара қатынасын айтады.
Мал экстерьерін жеке тексеріп, басқа малдан айырмашылығын көру үшін, сыртқы пішінінің графикалық кескінін (профилін) салу әдісін пайдаланады. Экстерьердің графикалық кескінін салу үшін кем дегенде екі малдың немесе екі топ малдың денені өлшеу көрсеткіштері болуы керек. Себебі, график сызу үшін екі топтың бірін стандарт, яғни қалыпты есебінде алып, оның денені өлшеу көрсеткіштері 100% тең деп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |