Ғылым жолына жетелеген ұстаз



Дата26.06.2018
өлшемі31,66 Kb.
#44227

Ғылым жолына жетелеген ұстаз







17.11.11.

Бұрынғы жүйе бойынша ғылым жолына түскен әр адам аспирантурада оқитын. 1992 жылдың желтоқсан айында мен де Семей пединститутында қызмет ете жүріп, Ш.Уә­ли­ханов атындағы Тарих және этнология институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасына түстім. Ғы­­­­­­­­­лыми тақырыпты таңдауда Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, про­­фессор, ҰҒА академигі М.Қозы­баев қабылдауында болып, ол Сібір жылнамаларының бірнеше нұсқасын оқып, библиография жасап келуді тапсырды. «Мүмкіндігің болса аларсың, қиын болса, оңай тақырып аларсың» деді. Араға он күн салып, емтихан тапсыратын студент сияқты ағайдың алдына келіп, Сібір жылнамалары туралы айтып бердім. «Қалқам, алып кетесің, Сібір жылна­малары бойынша диссертация тақырыбын бекітейік» деп, келісімін берді. Осылайша сібіртану тақырыбы өзімнің де рухани жан дүниеме жақын болып, тақырыпқа кіріп кеттім.

Манаш Қабашұлы өмірде өте қарапайым, салмақты, жан дүниесі кең, мәдениетті адам болатын. Аспиранттардың аттестациясы кезінде кабинетінде қабылдап, істелген жұмыстарды сұрап, алдына отырғызып қойып, өзінің пікірін ауызша айтып, жазғызатын. Адамға талапты да кесек қоя білетін. Кандидаттық диссертация дайын болған кезде, бір аптада оқып, пікірін айтып, кемшіліктерді айтқан болатын. Уәде еткен уақытын ұмытпайтын. «Бір ай болды, диссертациямызды ағайымыз әлі қайтарған жоқ» деп кейбір аспиранттар өздерінің жетекшілері туралы айтатынын естіп қалатынбыз. Есіктен сығалап жүрген аспирант болған соң, мен де, Манаш ағаның айтқан сейсенбі күні емес, келесі аптаның сейсен­өбісінде кабинетіне рұқсат сұрап кіргенімде, «Қалқам, қайда жүр­сің?» деген болатын. Осындай ұс­таз­дың арқасында 1997 жылы мен тарих ғылымдарының канди­да­ты деген ғылыми атаққа ие болдым.


Манаш Қабашұлының адами қасиеті жоғары, өзі де адам тани білетін білікті ұстаз еді. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп, Мұқағали айтқандай, Алматыға күпі киіп, ғылым қуып, келген талай қазақ жастарына Манаш Қабашұлы шекпен кигізіп, үлкен ғылым жолына аттандырып жататын.
Ғылым жолындағы жетекшінің білгір ғалым, білікті ұстаз болғаны адамға үлкен бақыт. Бұл дүниеде ғылымда ғана әділдік болады, ғылым заманға қарамайтынын үйреткен де - Манаш аға.
Қазақстан тарихында академик М.Қозыбаев өз еңбектерінде орта ғасырдағы Қазақстанның біраз мәселелерін Сібір жылнамалары негізінде ашып көрсетті. Кеңес дәуірінде империялық рухта пайымдалған тұжырымдамаларды қайта қарады, әсіресе, атаман Ермактың бет-пердесін ашып, қазақ тарихындағы ақтаңдықтарды анықтауды күн тәртібіне қойды.
Ғылыми жетекші ретінде Манаш аға методологияға баса назар аударуды үйретті. Оның ғылыми методологияға қатысты берген кеңестері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Әсіресе, Ресейге тән шығыс мәселесін зерттеушілерді төрт топқа жүйелеуге берген бағыты өте ұтымды еді.
Бірінші топқа кіретін тарихшылар (С.Ремезов, М.Щербатов, М.Ломоносов, С.Соловьев, П.Буцинский, А.Дмитриев, Р.Скрынников т.б.) ең алдымен патша өкіметінің Азия сахарасын жаулап алудың стратегиялық бағытын толық қолдау жасайды. Сібірді жаулап алу заңдылығын, қажеттілігін негіздеуге тырысады. Азиялық Шығыс Россия экономикасын көтерудің шешуші факторы екендігі дәлелденеді. Міне, осылай отаршылық саясат тарих алдында ақталды, шығысты жаулап алу игеру саясатына айналды. Осы бағытта жазылған еңбектердің биігінде Кеңес дәуірінде жазылған Р.Скрынниковтың еңбектерін жеке атаған жөн. Автордың позициясы ашықтан-ашық ұлы державалық рухымен көзге түседі. Ол қарақшы Ермакты ұлттық қаһарман етіп көрсетіп қана қоймай, Сібір жылнамаларындағы фактілерді бұрмалауға дейін барады. Зерттеушілердің екінші тобы Азиялық Шығысты, ең алдымен, Сібір хандығын жаулап алудың қырлары мен сырларына талдау жасайды. Бұл бағыттағы зерттеушілер Азиялық Шығысты империя кәдесіне жарату, бірнеше ғасырға созылған стратегиялық патша өкіметінің саясаты, екендігін Ермак сияқты шапқыншылардың сол саясаттың құлы, қолшоқпары болғанын, Сібір хандығының Қазақиямен етене байланысып, ен даланы жайлаған тайпалардың енді тоз-тоз болып, қазақтардың, баш­құрттардың, Сібір татарларының құрамды бөлігіне айналғандығын, Сібір хандығы Россияның отары, Азияға сұғанақтап енуге керекті плацдарм екендігін тұжырым­дайды. Мысалы, Г.Миллер /История Сибири. Т.1.Л.,1937/, И.Фишер /Сибирская история. Спб.,1774/ неміс халқының менталитетіне тән мұқияттық пен дәлдікке негізделген аса құнды еңбектер жазып, патша өкіметінің саясатын дөп басады. Ал Н.Карамзин болса, жылнамаларға сүйене отырып, Г.Миллердің концепциясын дамыта түседі. Ол, әсіресе, Ермактың сұрқия бейнесін тереңірек ашады.
Зерттеушілердің үшінші тобы /В.Вельяминов-Зернов, В.Бартольд/ шығыс деректері негізінде қазақ-орыс қатынастарын ғылыми тұрғыда пайымдайды. Орта ғасырдағы қазақтардың тарихын зерттеуде В.Бартольдтың еңбектерінің маңызы зор. Осы зерттеулерде ХVІ - ХVІІІ ғғ. Орта Азияның сая­си, әлеуметтік-экономикалық жә­не мәдени тарихы жөнінде шығыс тарихшыларының мәлі­меттері жинақталған, қазақтардың көрші халықтармен сыртқы саяси байланыстары сипатталған. Ал ғылыми есептерінде В.Бартольд Шайбанидтер мен Аштарханидтер тарихына байланысты Шадидің «Фатх-наме», Абдаллах Насрал­лахидің «Зубдат ал-асар», Махмуд ибн Валидің «Бахр ал-асрар» сияқты бірқатар деректері алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Шығыстанушылардың көпшілігі шығыс қолжазбаларымен В.Бартольдтың еңбектері арқылы танысты.
Зерттеушілердің төртінші тобы Қазақстан, Орта Азия тарихын зерттеуші ғалымдар болып табыла­ды.
Қазақстан тарих ғылымында Шоқан Уәлиханов Сібір жылнамаларын терең біліп, орынды пайдаланған. Әсіресе, Сібір қырғыздары туралы жазбаларында, Оразмұхамед жөнінде жазған профессор Березинге хатында шебер қолданғанын байқаймыз. Сонымен бірге қазақтардың қоныстануы, рулық құрамы, эпостар мен аңыздар туралы көп мағлұмат қалдырған.
Ермак Пелым князының шабуылына құлақ аспады. Отанының дұшпанымен әділ күрестен қорықты ма, земство басшыларынан және мақсатпен Сібірге барған жоқ, Көшім ханның айбарынан да қашты. Сол кезде патша әскері ғана Сібірді жаулады.
Ермак орыстарды тағдырдың тәлкегіне түсірді. Ермактың тобыры да татарларды, Көшім хандығын тонауға бірауыздан келісті, Строгановтарға бұл қарақшы Ұрылардың қаупі төнді. Олар шақырылмаған қонақтан құтылғысы келді. Азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етпекші болды. Строганов жылнамасында «Ермакқа зеңбірек те берді» деп жазылған. Ол мүмкін емес.
Ермак 1581 ж тамызда Чусо­вой­ға келіп, үстемдігін пайда­ланып, чусовойлық шаруаларды тонауы мүмкін және 1 қыркүйек 1581 жылы із-түзін білдірмей, тығылуы да ықтимал. Ол шынында да осылай. Строгановтардың өздері Чусовойда тұрған жоқ, Камада тұрды. Чусовой халқының қарақшыларға тойтарыс беруге жағдайы жоқ. Сан жағынан да көп болды, әрі 40 Строганов шаруаларын, казактарды қосып алған. Ермактың қайда екені белгісіз болды.
Бузунов жылнамасы дәл осы оқиғаны былай сипаттайды: «Сібір қаласын алғаннан кейін, Ермак салық және көп тұтқындар жинады, Москваға ұлы тақсырға 50 адамдық казак отрядымен бас июге жіберді. Сібірді алғаны жөнінде хат берді және өз қолынан челобитная берді, онда қарақшылық жасағаны жөнінде өз кінәсін мойындады, кешіруін өтінді және сіңірген еңбегі үшін оны ұмыт деп, Сібір хандығын өз вотчинасына беруін сұрады. Патша Ермакты Сібір князы деп атауды бұйырды».
Мұнда Ермакты асыра сілтегені байқалады. Бірақ Ермактың жорығымен Сібір хандығы жойылды деген сөз емес. Солай бола тұрса да патша өкіметінің шығыстағы саясаты қарқынды түрде дамығаны даусыз.
Ермак бүкіл өмірін қарақ­шылықпен өткізді. Жергілікті халықты өлшеусіз трагедияға душар еткен қанды жорықты басқарды. Бұл патша өкіметінің өз қолтығына су бүріккен қарақ­шылық, алдын ала жоспарлаған отаршылық еді. Оған Строгановтар көмектесті. Демек, өкімет қолға алғаннан кейін мемлекеттік дәрежедегі отарлау осылай жүзеге аса бастады.
Жылнамаларда жазылған осындай жайттардың терең тұңғиы­ғына барғысы келмейтін орыс тарихшыларының шо­вин­ис­тік көзқарасына адам таңғалады. Яғни Ресейде мыңдаған шақырым қашықтықтағы өз жерін қорғаған «агрессор» болыпты және ол жерге қаһарлы Иван әскері «қорғану» үшін келіпті. Қалай болғанда да олар тарих шындығын аттап кете алмас. Осындай тарихтың «ақ­таңдақ» беттерін ашып көрсетуде М.Қозыбаев Ібір-Сібір жұр­тындағы оқиғалармен ұштастыра отырып талдауы - оның тарихшы ретіндегі шеберлігін айқындайды. Ресейдің Шығысында түркі халықтарының ішінде тәуелсіздік үшін күресті Көшім бастағанын Манаш аға бекемдеді. Осы бағыттағы оның ғылыми ұстанымы «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінен толық байқалады.
Тау тұлғалы Манаш аға шәкірттері мен өзінің ғылыми мектебі негізінде өмірі мен шығармашылығы жалғасуда деп білеміз.


Факия ШАМШИДЕНОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану
кафедрасының доценті


Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет