Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет14/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

ЖҰЛДЫЗДАР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
Жұлдыздар туралы ғылымға келсек, бұлай аталатын екі ғылым белгілі:
Біріншісі - жұлдыздар өкімі туралы ғылым /45/: бұл болашақта не болатынын, қазір болып жатқан және бұрын болып өткен нәрселердің көбісін жұлдыздардың қалай көрсететіндігін баяндайтын ғылым.
Екіншісі - жұлдыздар туралы математикалық ғылым /46/; бұл ғылымдарда және математикада қолданылатын ғылым. Жоғарыдағы айтылған [бірінші] ғылымға келсек, (58-бет) ол [болашақта] болатын нәрсені алдын ала ескертуге адамға мүмкіндік беретін күштердің немесе кәсіптердің бірі, [мысалы], түстерді жору, құстардың ұшқан жолы бойынша бал ашу, болашақты айту және тағы сол тектес нәрселер.
Жұлдыздар туралы математикалық ғылым аспан денелері мен Жер туралы үш мәселе төңірегінде зерттейді:
біріншіден, олардың формаларын; денелердің көлемін, біреулерінің басқаларына қарағанда орналасуын, бұлардың бірінің бірінен ара қашықтығының қаншалықты екенін және Жердің өзінің тұтас қалпымен не өз орнынан, не өз орнында еш жаққа ауыспайтынын зерттейді.
Екіншіден, аспан денелерінің қозғалысын, олардың қанша екенін, бұлардың бәрінің қозғалысы айналмалы қозғалыс екенін және осы [айналмалы қозғалыс] осылардың бәріне, жұлдыздар да жұлдыз еместерді де және барлық аспан денелері үшін ортақ екенін көрсететін ғылым; сонан соң әрбір аспан денесіне тән қозғалыстар қандай екенін және оның әрқайсысында осы қозғалыстардың түрлері қанша екенін; олар қай бағытта қозғалатынын және олардың әрқайсысына бұл қозғалыстың қандай бағыты сәйкес келетінін [зерттейді]; ол шоқжұлдыздардың әрбір жұлдызы өзі орналасқан орнына белгілі бір уақытта және өз қозғалысының барлық түрлері арқылы қандай жолмен жететінін түсіндіреді.
Ол сондай-ақ, барлық аспан денелеріне және жеке алғанда олардың әрқайсысына тән шоқжұлдыздардағы қозғалыстарын және осыларға тән бір-біріне толықтыру ретіндегі бірігу, бөліну, ажырату немесе бір-біріне қарағандағы орналасуын зерттейді. Жалпы алғанда, бұлардың қозғалыстарына тән нәрсенің барлығын олардың Жерге қатынасына қарамай-ақ зерттейді, мысалы, күннің тұтылуы және Жердің Ғаламдағы орналасқан орнына байланысты осыларға тән нәрселердің бәрін түсіндіруі, мысалы, айдың тұтылуы сияқты; [ол ғылым] бөгде құбылыстарды, олардың қанша екенін, бұлар қандай жағдайларда және қандай уақытта орын алады және қанша уақытқа созылады; мысалы, күннің шығуы мен батуы және т.б.
(60-бет) Үшіншіден, [бұл ғылым] Жердің ел мекендеген және мекендемеген жерлерін зерттейді; мекендеген жерлердің қаншалықты екенін; ол қанша үлкен-үлкен бөліктерден, яғни климаттардан тұратынын сипаттайды; сол уақытта олардың әрқайсысының бар екендігі мойындалған ел мекендеген жерлер; әрбір мұндай ел мекендеген жердің қайда орналасқанын және оның ғаламдағы тәртібі тізбектеледі. Әлемнің барлық шыр айналымына тарала, әрбір климат пен әрбір жерге қажетті түрде ненің тән екендігі туралы зерттейді; ал мұның өзі Жердің орналасқан орнындағы жағдайына байланысты күн мен түннің айналымы; мысалы, күннің шығуы мен батуы, күн мен түннің ұзаруы мен қысқаруы және т.б. осыған ұқсас құбылыстар. Міне, бұлардың бәрін осы ғылым қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет