Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Орта Азия мен Қазақстандағы библиографияның дамуы» Орындаған



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#110323
  1   2   3   4
Байланысты:
Ғылыми зерттеу жұмысы ҒЗЖ


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ИНСТИТУТЫ

«КІТАПХАНАТАНУ ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯ» КАФЕДРАСЫ



Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Орта Азия мен Қазақстандағы библиографияның дамуы»

Орындаған:2 курс студенті,Нұргалы Балжан

Ғылыми жетекші:пед.ғ.кон,Г.И.Нұржанова

Алматы 2021

Білім бар жерде жерде кітап көбейеді. Кітап бар жерде білім өркендейді. Қазірге дейін кітапханаларға болған көзқарас, сол қоғам мүшелерінің білімге деген көзқарасының өлшеуі болып саналады. Кітап–білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше екені анық. Сондай біліммен сусындайтын кітап барда,оны сақтайтын кітапхана барда,оны басып шығарып данасын көбейтіп отыратын библиографиялық қызметтің болуы айтса да айтпаса да бар болатыны түсінікті.

Кітаптар –(білім мен тәрбиенің,ойлар мен сезімдердің) ертедегі тарихи кезеңдер мен қазіргі заманғы адамдардың творчестволық ой-өрісінің, білімі мен тәжірибесінің жиынтығын құрайды. Кітаптарда, адамзаттың өмірінде кездесетін барлық жетістіктер жазылып, кейінгі ұрпақтарға мұра ретінде сақталып келеді. Кітаптарды немесе барлық саладағы әдебиеттерді бір қоғамдық кезеңнен, екінші кезеңге жеткізу үшін оларды жинақтайтын орын және таратушы ғылым саласы болуы қажет. Егерде мұндай әрекеттер іске аспайтын болса, халықтардың кітап бетінде жарық көрген білімі мүлдем жойылып кеткен болар еді. Бірақ адамзаттың қоғамының дамуына байланысты, білім көздерін сақтап, оны таратып отыратын құралды ойлап тапты. Бұл -жазба құралы болатын. Ең әуелі қолжазба кітаптар пайда болып, содан кейін кітаптарды баспаханаларда басып шығару әдісі дүниеге келді. Дегенмен, библиография қай кезден бастау алды?,Ол Орта Азияда болды ма?,Библиография дегеніміз не?-деген сияқты сұрақтарға осы жұмыстың аясында жауап іздейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет