Ғылыми жоба мақсаты



бет3/5
Дата25.12.2021
өлшемі25,65 Kb.
#104937
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми жоба физика

Күтілетін нәтиже:

Мысық бойындағы құбылыстарды зерттеу, талдау арқылы біз физика ғылымының жануарлар әлемімен тығыз байланыста екеніне көз жеткіземіз және кез келген жануарлардың физикалық қасиеттерін зерттеу арқылы олардың биомеханикалық төлқұжатын жасуаға болатынына көз жеткіземіз.



Міндеттер бойынша қорытынды:

  • Мысықтың бойындағы құбылыстарды сипаттайтын механикалық (физикалық) шамаларын өлшеу: орташа қозғалыс жылдамдығына, дене массасына, дене температурасына, тіреуге әр түрлі жағдайда әсер ету қысымына, тығыздығына толық есептеу жүргізілді;

  • Жүргізілген математикалық есептеулер нәтижесінде мысықтың биомеханикалық төлқұжаты жасалды;

  • Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, Lego Digital Designer программасында мысықтың вертуалды моделін құрастырылды.

Кіріспе


Жануарлар әлемі - бұл ғажайып ертегі елі. Олардың қозғалысы ежелден-ақ адамның назарын аударған. Солардың ішінде мысықтар - ең қызықты, өте тәкаппар және еркіндікті сүйгіш жануарлар. Алғашқы мысық тұқымдастары шамамен бес жүз жылдай бұрын пайда болған деген болжам бар. Бұл жануарлардың денесі оңай созылады, аяғы қысқа, иіс түйсігі өткір, есту қабілеті нәзік және көру қабілетті ерекше. Мысық адам даусының ырғағын немесе интонациясын ажырата алады.

Бұл жобаны зерттеудегі біздің мақсатымыз біріншіден: бізді қызықтырған мысықтың жүріс-тұрысынан физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тауып, бізге белгілі физикалық шамаларды өлшеу арқылы биомеханикалық төлқұжатын дайындау. Алға қойған мақсатымызға жету үшін өз алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:

- Мысықтың бойындағы құбылыстарды сипаттайтын механикалық (физикалық) шамаларын өлшеу: орташа қозғалыс жылдамдығына, дене массасына, дене температурасына, тіреуге әр түрлі жағдайда әсер ету қысымына, тығыздығына толық есептеу жүргізу;

- Жүргізілген математикалық есептеулер нәтижесінде мысықтың биомеханикалық төлқұжатын жасау;

- Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, Lego Digital Designer программасында мысықтың вертуалды моделін құрастыру.

Жоба кіріспеден, теориялық бөлімнен – ​​мысық бойындайындағы физикалық қасиеттерге шолу, практикалық бөлімнен - ​​мысықтың механикалық сипаттамасын есептеу, қорытынды және қосымшадан тұрады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет