Ғылыми жоба «Шолпының тәрбиелік мәні» Орындаған: Әзілхан Сандуғаш Дәулетқызы



бет3/10
Дата17.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#191719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Шолпы ғылыми жоба

II.Негізгі бөлім
2.1 Қыздың көркі ұзын шаш
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? Абай.
Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі-шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады. Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі. Ақындар оларға «қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» (Ақан сері) деп таңдаған. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру-үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет – осының бір дәлелі.
Бұрым деп әйел адамдардың өрілген ұзын шашын айтады. Бұрым – сұлулықтың сәні деген ата-бабаларымыз қыздарының жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрымды жалғыз өрім, қос өрім деп бөліп, шаштың қалың болуы мен жұқа болуына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым деп бөлген. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, әпкесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Соған сәйкес қазақта Қосбұрым деген де қыздың есімі бар. Бұрым – қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы деп санаған халқымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады деген. Африка мен Өзбекстанда да қыз баланың шашын көп бұрым етіп өреді. Қазір бірқатар бойжеткендер африкалық стильде бұрым өруге құштар. Бұл олардың Шығыс халқының көп бұрымды қалай өретінін білмегендігінен шығар. Адам шашының құпия қасиеттерін зерттеуші ғалымдар «көп бұрымды шаш сол баланың отбасындағы тұрмыс-тіршілікке оң ықпалын тигізіп, жақсартады» деп ғылыми тұрғыда нақты деректермен дәлелдейді. Жалпы айтқанда қазіргі кезде жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеген қазағымыздың ежелгі салтын ұмыт қалдырып жатқандаймыз немесе оны мүлде басқа қырынан танып білгендейміз.

Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Жас әйелдер шашын маңдайынан айырып, екі бұрым етіп өрген соң, оның арасын бір сүйемдей етіп ұшын бір-біріне жалғайды, бұл «Жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Ал қыздар бұрымын дара өреді немесе қос бұрымын бір-біріне жалғамайды. Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш, Шолпы деп ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді. Жеңгелері қайын сіңлілеріне ат қойғанда Шашбаулым, Шаштеңгелім, Сырғалым деп сызылуында да сұлу сыр жатыр. Демек, шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап – әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет