Ғылыми жоба



Дата24.11.2023
өлшемі0,74 Mb.
#193321
Байланысты:
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ

ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ


Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың әдістемелік негіздерін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі логикалық ойлауды дамыту мәселесін жүйелеу;
- оқушылардың логикалық ойлауын дамыту ерекшеліктерін сипаттау;
- оқушылардың оқу процесінде логикалық ойлауын дамытудың педагогикалық шарттарын жүйелеу;
- оқушылардың оқу процесінде логикалық ойлауын дамыту бағдарламасын негіздеу;
- зерттеу мәселесі бойынша психологиялық - педагогикалық, әдістемелік және оқу әдебиеттерін талдау негізінде логикалық ойлауды дамытудың теориялық аспектілерін зерттеу;
- негізгі ұғымдардың мазмұнын ашу, логикалық ойлауды дамыту тәсілдерін айқындау;
- бастауыш мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау үшін диагностиканы таңдау және жүргізу;
- бастауыш мектеп жасындағы балалардың логикалық ойлауын дамыту бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізу;
- тәжірибелік - іздестіру жұмысының тиімділігін тексеру.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫНЫҢ ДАМУЫ
- материалды зерделеу барысында білімнің қақтығысы және олардың қайшылықтары болуы тиіс, бұл ретте қалыптасқан жанжалды оқушылар көптеген жағдайларда өздері шешеді;
- оқушы дұрыс емес жауап беруден қорықпайтын оқытуда вариативтілікті қолдану, өйткені әр түрлі жағынан мәселеге бірнеше көзқарас бар.
Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:
- барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрдс қальштастыру;
- ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
- трансформация әрекетін, яғни объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Геометрия есептерінің шарттарын қалағанымызша өзгерту арқылы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге болады. Геометрия есептері - зерттеу жүргізудің негізі.
Ойлау - алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс. Математиканы оқу барысында оқушының кемел ақыл-ойы қалыптасады, сана-сезімі, тұжырымды дәйекті және дәлелді түрде жеткізе білуі тәрбиеленеді, табиғаттағы кез келген құбылыс пен үрдісті талдау қабілеті дамиды, жеке дербес фактілерді қорытындылау негізінде жалпыны таба білу және жалпы ережені дербес жағдайларда қолдану іскерлігі қалыптасады. Осы айтқандарымыздың барығын ойдағыдай іске асыру көп жағдайдаоқушының ойлау қабілетін қалыптастыру және дамытудыңкейбір психологиялық және әдістемелік ерекшеліктерін оңтайландырып пайдаланғанда ғана мүмкін болады.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалдарды оқып үйренгенімен, қабылдауымен қатар терең де берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған ынтасы зорлар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады.
Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда ондай жеке оқушыларға күрделірек жаттығулар ұсынылуы, міндетті емес, логикалық ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен кітапқа, оқуға, білім алуға, деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығарып отыру қажет. Осындай іс-әрекет барысында баланың математикаға деген ынтасын, қызығушылығын қолдау мақсатында әдістемелік шешімдер, тәсілдер және жолдармен қатар, кейбір психологиялық тұрғыдағы шешімдерге де барып отыру қажет болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • Көбенұлы Н., Жұмаділдаев А. Математика әлемі. Пәндік энциклопедия. - Алматы, 2011
  • Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информационные технологий в системе образования. – М.:, 2007.
  • Қайыңбаев Ж. Т. «Математика және Физика журналы» №3, 2017
  • Генденштейн Л.Э., Ершова А. П., Ершова А.С. Наглядный справочник по математике с примерами. Для абитурентов, школьников,учителей. – М.: Илекса, 2005
  • Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. Математикадан бірыңғай ұлттық тестілеуге (ҰБТ) дайындауғаарналған тренажер. Бірінші басылым. – Алматы, 2014
  • Гусев В.А., Мордкович А. Г. Математика: Справ. материалы – М.: Просвещение, 1999
  • Титаренко А.М. 6000 задач по математике от простейших до олимпиадных. – Ростов н/Д: Феникс, 2011
  • Кулагин Е.Д. и др 3000 конкурсных задач по математике. – М., 2003
  • Бидосов Ә. Математиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. 2-ші басылым. – Алматы, 2007
  • Саранцев Г.И. Упражнения в обучении математике. 2-е изд,. дораб. – М. Просвещение, 2005


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет