Ғылыми жоба


Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері



бет6/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,77 Mb.
#32991
1   2   3   4   5   6

Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері.




Өлшемі

Түсінік

1

Көген бойы

Көгеннің ұзындығы

2

Көген тастам

Көген бойы, жақын

3

Қазық бойы

Қазықтың ұзындығы

4

Найза бойы

Найза ұзындығымен шамалас келетін халықтық өлшем

5

Оқ бойы

Тым таяу, оқ жетер мөлшеріндегі қашықтық

6

Тізгін бойы

Тым қысқа бір метр шамасында

Қашықтық өлшемдері.


Өте жақын деген мағынада айтылытын қашықтық өлшемдері:

1.  Аттам (бір аттам) жер.

2.  Бөрік тастам жер.

3.  Иек артпа жер.

4.  Қозы көген жер.

5.    Қол (құлаш) созым жер.

6.    Қырық қадам.

7.    Тас лақтырым жер.

8.    Таяқ тастам жер.

9.    Сідік шаптырым жер.




Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері.


1.    Ат жетер жер.

2.    Ат шаптырым жер.

3.    Аяқ жетер жер.

4.    Әудем жер.

5.    Қозы көш жер.

6.    Құнан шаптырым жер.

7.    Тай шаптырым жер.

8.    Сәскелік жер.

9.    Талай жер.



Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері.


1.    Айшылық жер.

2.    Ит өлген жер.

3.    Қырық күншілік жер.

Тереңдік өлшемдері.


Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдер.

1.    Тобыққа дейін.

2.    Тізе бойы.

3.    Белуар (белбуар) бойы.

4.    Кіндік бойы.

5.    Кісі бойы.


Саусақтардың атаулары.

1.Бас бармақ

2.Балаң үйрек[Сұқ саусақ]

3.Ортаң терек[Ортаңғы саусақ]

4.Шылдыр шүмек[Аты жоқ саусақ]

5.Шынашақ[Кішкентай саусақ].

Өлшемдердің адам өміріндегі маңыздылығы.

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. 
Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. «Тарих дегеніміз адамзаттың кең арналы тәжірибесі, адам баласының ғасыр айдынында жүздесуі» дейді Марк Блок. Расында да мұқалуды білмейтін сөзді немен салыстыруға болар еді ? Мысалы «жұп» сөзін алайықшы, «тең» дегенді білдірмей ме ? Адамзат ана мен әке болып тең бөлінеді. Тау болса, ойпат неге болмасқа ? Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған. 
Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян – қырлы, қара – құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі – бүгінді, шым – шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген. 





Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Интернет желісінен.

2.(Алгорифм) журналынан.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет