Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»


Әлеуметтік желілердегі жаргондар мен сленгтер



бет3/10
Дата26.04.2024
өлшемі40,96 Kb.
#201460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба Исаева Роза

2.2. Әлеуметтік желілердегі жаргондар мен сленгтер
Бүгінде ғаламторды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын жан тым сирек. Әрине, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ғаламтордың игілігі жетерлік. Бірақ оның қоғамға тигізер кері әсерлері де жоқ емес. Әсіресе, қазақ тілінің тілдік нормаларын бұзып бара жатқаны жанға батады. Әлеуметтік желілердегі қате сөздер мен орашолақ сөйлемдердің тасқынын ауыздықтау қолдан келмей отырған тәрізді.
Бүгінгі күннің сәніне айналған әлеуметтік желі біз үшін қаншалықты қажет? Сауаттылық, тіл тазалығы мәселелері қаншалықты шешімін тауып жүр? Ең бай, оралымды тіл деп бағаланған қазақ тілі заман ағымымен бірге лайланып бара жатқан жоқ па? Жасыратыны жоқ, заманауи деп танылған интернет торабының қазақ тілінің тазалығын сақтаудағы кері әсері көбейді. Жастардың ғаламтордағы жазбаларында немесе бір-бірімен хат алмасқанда пайдаланатын түрлі жаргон сөздер, оған қоса бір сөйлемде қолданылатын бірнеше тілдегі сөздер сәнге айналып барады. Мәселен, «базар жоқ», «құлақтан тепті», «қораға кірді», «лақтырып кетті», «сындырды» деген сарындағы сәнге айналған сөздерге жастар қауымы тым құмартып алған. Бұл көшенің сөздерін бүгін ғаламторда пайдаланған жас буын ертең сөйлегенде де қолданады. Ал түрлі чаттардағы хаттар, ғаламтордағы сайттар, теледидардағы мәнсіз бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жеңіл әңгімелер арқылы жастардың сөздік қорына енген мұндай сөздер қазақтың тілін, сөйлеу мәдениетін жоғалтпасына кім кепіл?! Ғабит Мүсіреповтің «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген аталы сөзі бар. Бұған қарап, «бүгінгі қазақ жастарының бәрі өз тілімізге өгей болғаны ма?» деген сауал пайда болады. Сұрақтың туындауы да заңды. Өйткені жастардың бүгінгі сөйлеу тілімен біз жақсы таныспыз. [11. Б. 1]
Қазақ тілінің бай сөздік қорындағы сөздерді аздық ететін жас буын өкілдері тілді шұбарландырып, орысша сөздер мен жаргондарды қосып сөйлеуді әдетке айналдырғалы қашан. Белгілі бір ортада ғана қолданылатын жаргондар қазақ лексиконына еніп бара жатқан тәрізді. Таңның атысы, күннің батысы әлеуметтік желіде отыратын жастар ұзақ жазуға еріне ме, әлде мұның өзге себебі бар ма, әйтеуір, жаргондармен қысқа ғана жазуға құмар. Жастардың күн сайын қолданатын жаргондарының қатарында мынадай сөздер кездеседі. Мәселен, «тормозы ұстап қалды», «зависать етіп қалды» – бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, «блатной болу» – менменсу, «маяк тастау» – қысқа ғана қоңырау шалу, «вызов тастау» – кездесуге (разборка) шақыру, «құлаққа лапша ілу» – өтірік алдау, «базар жоқ» – сөз жоқ, «маған сынып қалды» – мені ұнатып қалды, «қораға кірді» – басы бәлеге қалды, «лақтырды» – сөзінде тұрмады, «қоянның суретін салып кетті» – қашып кетті деген мағынаны білдіреді. Мұндай жаргондар қатарын жалғастыра берсең, ұзынсонар тізім болары анық.
Ғаламтордағы түрлі сайттар, ше­телдік телеарналар мен ондағы бағ­дар­ламалар, компьютерлік ойындар осы тектес паразит сөздердің туын­да­уына себепші болып отыр. Жаһандану дәуіріндегі жан-жақтан ретсіз келіп жатқан ақпараттар тасқыны жастардың санасын осындай сөздермен улап жатқаны айқын. Бірақ бұл мәселеге бас ауыртып жүргендер шамалы. Соған қарағанда, әлі де болса еліміздің ертеңі ана тілінің болашағына байланысты екенін жиі жадымыздан шығарып алып жүрміз-ау. Ана тіліміздің құндылығын дәріптеп, қазақ тілі үшін аянбай күрескен Алаш арыстары бүгінгі ұрпаққа тіліміздің тағдырын да сеніп тапсырды емес пе? Ал бүгінгі тіл тағдырына жауапты жастардың сөйлеу мәнері жоғарыдағыдай болса, тіл тазалығын кімнен талап етеміз?
Жаргондардан бөлек жастардың әрбір сөзінен орыс тілінің компонент­терін де байқауға болады. Мысалы, копировать ету – көшіру, сохранить ете сал – сақтап қой, удалить ет – өшір, комнатамдамын – бөлмемдемін. Өз туған тілін егжей-тегжейлі білмей жатып, өзгенің тіліне жармасқан жастарды тәртіпке шақыратын жандар да сирек. Өйткені қазіргі уақытта ешкім де өзге біреу үшін бас ауыртқысы келмейді. Қазақ тілін осындай сөздермен ластап, шұбарландырып жүргендердің санасында намыс пен ұлттық рухты ояту әзірге қолдан келмей тұр.
Бүгінгі жастар сленгтер (белгілі бір аптада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздер) мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолдануы мүмкін: әсер қалдыру, елден ерекше болу, өзгелер түсінбеу үшін, белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, кейде әзіл ретінде де айтып жататындары бар. Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарына қатты әуестеніп кетті. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымды білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Мұны жастар күнделікті тіршілікті де қолдануды әдетке айналдырды.
Осындай түсініксіз сөздердің нәтижесінде қазақ тілінің көркемдік стилі жоғалып барады. «Әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді». Бүгінгі тіл тазалығына қатысты қоғамда мұндай да пікір бар. Алайда дана Абайдың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы» деген сөзін жадымыздан шығармағанымыз жөн. [8. Б. 1]
Әлеуметтік желілер адамды мәде­ниет­ті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айыруда. «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар», – деген жазушы Әлжаппар Әбішевтің пікірі де бекерге айтылмаған.
Қазақ тілінің дамуы ақсап келе жатқанын ұрандап айтуда алдына жан салмайтындар кінәні өзгеден іздейтіні белгілі. «Қазақ тілі мәселесінің кері кетуіне үкімет кінәлі, бәрі өз тілін білмейтін қазақтардың кінәсі» деп басқаларға айып тағатындар көп-ақ. Әлбетте, өзгеге кінә арту – ең оңай жұмыс. Абзалы, барлығын әр адам өзінен бастауы қажет.
Бүгінде интернет қолданушы жастардың өз «тілі» қалыптасқан. Ең бірінші мәселе – қазақ тілінің қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ, ө тәрізді төл әріптерінің қолданылмауы. Әлеуметтік желілерді пайдаланатын жастардың басым көпшілігі жоғарыда аталған әріптерді алмастырып, қазақ тіліндегі сөздерді жетімсіретіп қолданатыны жасырын емес. Желіні қолданушылар көп жағдайда қазақ әріптерін орыс графикасында бар таңбалармен алмастырып қолдануды және латын графикасындағы таңбалармен жазуды үрдіске айналдырып келеді (әсіресе, агент тілінде), яғни оқушы жастар кейбір сөздердің графикалық формасын қалауына қарай өзгерте береді. Жоғарыдағы әріптерді қолданып жазатындардың қатары бірен-саран. Мұны жастардың өзі де мойындайды. «Әлеуметтік желілерде хат жазғанда, қазақ әріптерін қолданбайтындығымды жасырмаймын. Маған орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырып, барлық сөзді орфографияға сай жазу қиындау. Сондықтан, өзіме ыңғайлы жолмен жаза беремін. Ол үшін әлеуметтік желіде мені ешкім сынға алмайды. «Салем», «калайсын?», «жаксы», «бари дурыс» деген сөздерде қазақ әріптері алмастырылғанымен, қазір бізге бұл сөздердің дұрыс жазылуы осындай секілді болып көрінеді. Өйткені біздің көзіміз осыған үйреніп кеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет