Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім



Дата05.11.2016
өлшемі313,76 Kb.
#690
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім







«Абайдың асыл шәкірті»

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл
Библиографиялық көмекші құрал


Орал, 2008
Оқырманға
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кітапханасының «Ақпараттық-библиографиялық» бөлімі Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына орай жазушының шығармалары мен өмірі, ол туралы жазылған баспасөз беттеріндегі мақалалар тізімінен тұратын библиографиялық көмекші құралын ұсынады. Алғашқы бөлімінде жазушының өмірбаяны толықтай баяндалады. «Шәкәрім - қазақ әдебиетінің классигі» бөлімінде ұлы жазушының жарық көрген кітап басылымдары алфавиттік тізіммен көрсетіледі. «Алаш ардақтысын ұлықтады» бөлімінде Шәкәрім шығармашылығы мен өмірі туралы мақалалар тізімі алфавиттік тізімде жасалған. Одан әрі алфавиттік тізіммен «Поэзиялық және публицистикалық шығармалары, музыкалық мұрасы. Шәкерім - өнерде». «Шәкерім дүниетанымы», «Шәкерім ұрпақтары. Естеліктер» бөлімдері жалғасын табады.

Көмекші құралды дайындау барысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кітапханасының кітап қоры, газет-журнал мақалаларының картотекасы мен электронды каталогы пайдаланылды.

Библиографиялық көмекші көрсеткіш тарихшыларға, әдебиет мамандарына, студенттерге, сондай-ақ Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы толығырақ танысқысы келетін көпшілік оқырмандарға арналады.


Редакторы: Таушева Г.З.

Құрастырушы: Ермекқалиева Н.А.

«Өнегелі өмір»

/Ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы/
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны. Ол — сондай-ақ, прозашы, аудармашы, тарихшы және философ, ойшыл, композитор. Кейбір деректерде оның есімін "Шаһкәрім" деп те көрсетеді. Ол 24 шілдеде дүниеге келген. Туған жері — қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылы, Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Әкесінен жеті жасында жетім қалған Шәкәрімді атасы Құнанбай өз тәрбиесіне алады. Көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді. Ол жөнінде ақынның өзі: "Қажы марқұм мені "жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп, ғылымсыз өстім" деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да жете түсініп, өз бетімен оқып, үйреніп, рухани қазыналарға үңіледі. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ өмірінде болған оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық" (1877), "Жастар туралы", "Кәрілік туралы" (1979), "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", "Қалжыңбас", "Тойымсыз нәпсі" сияқты өлең-жырларын жазды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман—Мамыр" дастанын жазды (1988). "Еңлік-Кебек", "Қодардың өлімі", "Крез патша" дастандарының авторы.

1905 жылы қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" кітабын (1911), "Мұсылмандық шарты" еңбегін жазды (1911). Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың (1811-1996) "Том ағайдың балағаны" романын, Л. Н. Толстойдың "Асрахадон патша". "Үш сауал", т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің "Боран", "Дубровский" повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің "Ләйлі—Мәжнүн" дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907).

Өз елінің сөз мұрасына қоса, басқа жұрттың да асылдарына ден қояды; жаратылысты, адам қоғамын Абайша тануға, болмыстағы шындықтарды Абайша бағалауға тырысып, үлкен мектептен өтеді. Абайдың ақыл-кеңесімен өлеңдер шығара бастайды. Қазан төңкерісіне дейін-ақ ол қазақ зиялыларымен, орыс интеллигенциясымен жақын танысып, пікірлес болады, олармен бірге қоғамдық маңызы бар істерге араласады.



Барлық өткен жолын, көргені мен білгенін жырға айналдырғандықтан, оның шығармаларынан өзінің дүниеге, табиғатқа, сан салалы құбылыс-көріністерге, дінге деген көзқарастары анық көрініп отырады. Меккеге барып, "қажы" атанғанымен, ол ешқашан дінге берілген фанатик те, өмірдің куаныш-рақатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа да, бәрін жоққа шығаратын нигилист те болмаған.

Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматтық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық толғамдар да, элегия, сонет, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі

де баршылық. Осындай жан-жақтылық оның прозасына да тән. Оның тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары қазақ прозасының дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Сондай-ақ, ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгендіктен, ол осы халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналарына еркін бойлап, солардың озық үлгілерін қазақшаға аударып, халқының игілігіне айналдырды.



Шәкәрім шығармалары сан-салалығымен ерекшеленеді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шакырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адам өмірінің мән-мағынасы туралы толғанады. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", "Калжыңбас", "Тойымсыз нәпсі" сиякты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп ("Анық асық әулие", "Шын сырым"), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді ("Жастарға", 1980). "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әр түлі тап пен топ өкілдерінің ниет мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сөз етеді. Шәкәрім— қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ", т.б.) мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп уағыздайды. Көпшілік өлеңдерінде ағартушылық көзқарасты насихаттады. Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі — қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепатқа қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің ой-толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады ("Патшалар сансыз шығыс қылады", 1919; "Адам немене", 1915). "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап" (1917) өлеңдері Ақпан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет 'Шаттық" деген сөзді қолданғанымен, Шәкәрімнің жаңа заманның өзгерістеріне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда болды. "Қош жұртым" өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанымен, халықтан қол үзбегені, болашаққа сеніммен карайтыны айтылады. Бұл ойын ол С.Мұқановқа жазған хатында (3.2.1931) да айқын білдірген. Шәкәрімнің қазақ ауыз әдебиетінің, суырып салма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, өлең мазмұнының өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлендеріне өзі ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман — Мамыр" дастанын жазды (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, орта ғасырлық қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік — Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу — Нартай" поэмасы жамандықты жазаласа, "Әділ — Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқталады. Шәкәрім — "Қодардың өлімі", "Кірез патша" дастандарының авторы.

1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы

арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне үйлестіре түсіндіру мақсатымен "Мұсылмандық шарты" деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екені айқын танылады. Ол жаратушы Алланы ақылға салып түсінуге ұмтылады. Дін бұзушыларды қатты сынға алады ("Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа". "Сопының бара койман құрбанына"). Абай сияқты Шәкәрім ескіліктің қайшылықтарын жек көрді, сол кездегі казақ қоғамындағы әлеуметтік жарық шақты тани білді. Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықттар достығы мен туыстығын қуаттады ("Мен ұлтшыл емеспін, Жақыным мынау демеспін").

Орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдын шығармаларын аса жоғары бағалап ("Ақиқат сырымды айтсам. Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына"), өз халқын дүние жүзінің озат мәдениетін игеруге шақырды. Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық. гуманистік-ағартушылық 6ағытта болды. Бұл орайда ал 2 ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шығармаларында демократтық, халықтық және гуманистік көзқарастарды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға сөйтіп, қан төгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. Ол «халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тыйым салынды.

Бірақ өмірден көргені мол, қабілет-қарымы тегеурінді ақыл-ой иесінің жиған-тергенін халқына түгел беруіне отаршылдықтың озбыр саясаты мүмкіндік бермеді. Заманға жағынған, күндік тірлігінің құлы болған, ойы таяз белсенділер түртпектеп мазасын алғандықтан, Шәкәрім 72 жасқа қараған шағында "Елу бес жыл жинаған қазынамды, оңашада қорытам ойға салып" деп, табиғат тыныштығы аясында өмір сүруге бел байлап, Шыңғыс тауына кетеді. Алайда онда да тыныштық болмайды. Жан баласына жазығы болмай, уда жалғыз жүрген жетпіс үштегі қарт ақынды Қызылдың жендеттері атып өлтіріп, денесін құдыққа тастайды.

Бірақ оны халқы ешқашанда ұмытқан жоқ. Тек 1988 жылы ғана ақын есімі ақталды. Ел тәуелсіздігін алысымен, халқы оның жарқын есімімен қайта табысты.

Семей қаласында ақынға арналған орталықтан көше аты берілген, «Семей» мемлекеттік университеті Шәкәрім атында.

«Шәкәрім - қазақ әдебиетінің классигі»

/Шәкәрім шығармаларының тізімі/
Кудайбердиев Ш. Поэты Казахстана. Л., 1978.
Кудайбердиев Ш. Три истины.-А.:Казахстан,1991.-80 с. /на каз. и русс.яз./
Кудайбердиев Ш. Поэма о любви: Стихи и поэмы/ Сост.М.Магауин.-Алма-Ата: Жалын, 1988.-256 с.
Кудайбердиулы Ш. Тьму раздвинул.: Сочинения.-А.:

Дарын, 2001.-116 с.


Кудайбердиулы Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий.-А.: Дастан, 1990.-120 с.
Қазақ халқының философиялық мұрасы:20 томдық

/Құраст. Нысанбаев Ә.,Кенжетай Д.- Астана:Аударма.-

(Мәдени мұра).4 том: Ислам философиясы.-2005.-534б.

Кудайбердиев Ш. Три истины .-А. :Казахстан, 1991.-77с.


Құдайбердиев Ш. Қазақ айнасы, 1-бөлім. 1912;
Құдайбердиев Ш. Қалқаман— Мамыр. Семей. 1912;
Құдайбердиев Ш. Дубровский әңгімесі. Семей, 1924;
Құдайбердиев Ш. Ләйлі— Мәжнүн. А.. 1934;
Құдайбердиев Ш. Шығармалар. А., 1988;
Құдайбердиев Ш.К. Түрік, қырғыз -қазақ хам ханлар

шежіресі.-2-е изд., доп .-Астана:Алтын кітап .-

(Библиотека казахской этнографии). Т.28.-2007.-270б.
Құдайбердиев Ш. Өлеңдер мен поэмалары / Құр.Х.Шүйіншәлиев.-А.:Рауан, 1990.-208 б.
Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары: өлеңдер, дастардар, прозалар / Құр. М.Жармухамедов. С.Дауитов, А.Кудайбердиев.-А.:Жазушы, 1988.-560 б.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ, хәм хандар

шежіресі.-Алматы:Казахстан,1991.-80с.

Құдайбердіұлы Ш. Жол табалық ақылмен: Шығармаларының бір томдық жинағы/ Құр. К.Серікбаева.-А.:Халықаралық Абай клубы, 2006.-724 б.
Шәкәрім. Иманым.-А.:Арыс, 2000.-321 б.
Шәкәрім. Қазақ айнасы:Өлеңдер мен поэмалар.-А.:Атамұра, 2003.-296 б.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолсыз жаза:Өлеңдер мен поэмалар.-А., 1988.-256 б.

Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ.-

А.:Раритет. Т.1.-2007.-448б.

Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ.-А.:Раритет.-(Атамекен). Т.2.-2007.-376б.



«Алаш ардақтысын ұлықтады»

(шығармашылығы мен өмірі

туралы мақалалар тізімі)

Ахметов, З. Шәкәрім - қазақ әдебиетінің классигі.//Абай.-2007.-№4.-б.7.


Әсерова, Ш. Сөз өнерін меңгерту - тұлғаның рухани дамуының қазығы. //Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика.-2007.-№3.-б. 44.
Әубәкір, Ж. Шәкәрімнің алғашқы қарымы. //Ұлт тағылымы.-2007.-№4.-б.302.

Әбдіғазиұлы, Б. Ақын аудармаларының асыл қыры.//Әлем әдебиеті.-2008.-№4.-б.3.


Байтұрсынұлы, Д.Тарихтың сабағы:Шәкәрім - 150.

//Әдебиет айдыны.-2008.-№39.-б.5.


Бақытбекова З. Шәкәрім және еңбек тәрбиесі. //Қазақстан мектебі.-2006.-№10.-б.48.
Бақтыбаева, Г."Адамдық борышын":Ш.Құдайбердиев 6 сыныпта өлеңін оқыту. //Тәрбие құралы.-2008.-№3.-б.28.
Батырова, С. Шәкәрім - ірі тұлға:Х сынып. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2007.-№ 7. - б. 17.
Бес анық:Шәкәрім туралы естеліктер.//Дала мен қала.-2008.-4 қыркүйек-б.16.
Биданова, А. Шакарим-гений степи/А.Биданова.

//Казахстанская правда.-2007.-30мая.-с.12.


Бисенғали З. Шәкәрiмнiң "Әдiл-Мәрия" романының

көркемдiгi.//Қазакстан жоғары мектебi .-2002.-№3.-172-175б.


Бұланова, Ф. Шәкәрімнің педагогикалық идеялары. //Тәрбие құралы.-2008.-№2.-б.9.
Бүркiтбаева А Ақынның эстетикалық көзқарастары.//

Абай.-2001.-№3.-65-66б.


Ғұлама:Ш.Құдайбердиев - 150 жыл.//Жас алаш.-2008.-11 қыркүйек.-б. 5.

Дербісәлин, Ә. Шәкәрімнің поэмалары. //Абай.-2007.-№2.- б. 5.

Дербісәлі Ә.Шәкәрім және ислам мәдениеті. //Жас қазақ.-2008.-22 тамыз.-б.7.

Досай, К. Абай мен Шәкәрімнің суфизмге қатысы.//Абай .-2007.-№ 2. - б. 21.


Дөңқабак, О. Ұлының мұраты да, мұрасы да ұрпаққа үлгі:Құдайбердиев Шәкәрім.//Дала мен қала .-2008 .-11 шілде.-б.16.
Ердембеков, Б. Сүрген өмір жайымды түгел ұқсаң, сонда анық білерсің кімдігімді:Шәкәрім Құдайбердиев туралы.//Әдебиет айдыны.-2008.-26 маусым.-б.5.

Ердембеков, Б. Еңлік пен Кебек хикаясы хақында.

//Қазақ әдебиеті.-2008 .-18 шілде.- б.14.

Кемелбаева, А. «Анадан алғаш туғанымда»:Шәкәрім Құдайбердиев туралы//Жас қазақ.-2008.-№36.-б.7.

Күмісбаев Ү. Шәкәрім және шығыс әдебиеті. //Егемен Қазақстан.-2008.-27 ақпан.-б.8.

Күмісбаев, Ү. Шәкәрім және шығыс әдебиеті. //Түркістан.-2007.-19 шілде - б.7.


Күмісбаев, О. Шәкәрімнің Хафизден алған аудармалары.//Жұлдыз.-2008.-№7.-б.124.

Күмісбаев, О. Шәкәрім мен Хафиз жүрегіндегі үндестік.//Егемен Қазақстан.-2008.-10 қыркүйек-б.4.


Кудайбердиев Ш. // Казахская литература:Учеб.для

10-11 кл. русских школ. Сост.Сатпаева Ш.К. -2-е изд.-А.:Рауан,1996.-256 с


Кітапбаев, Б. Ахат Шәкәрімұлы жайлы бір үзік сыр. //Қазақ.-2008.-2 мамыр.-б.4.

Қадырұлы, Б. Шәкерімнің үш анығы немесе таным таразысындағы ақиқат. //Абай.-2007.-№ 2. - б. 36.


Қалиев С. Ы.Алтынсарин мен Ш. Құдайбердiұлының

дiни тәрбие жөнiндегi көзқарастарындағы үндестiктер.

//Ұлт тағылымы.-2002.-№2.-20-25б.
Қамарбекова Ө. Сөз -кұдайдан шыққан бу:Шәкәрiм мен парсы поэзиясы. //Жұлдыз.-2004.-№9.-176б.
Қамбарбекова, Ә. "Бәйшешек бақшасы": Ш.Құдайбердиев туралы. //Әдебиет айдыны.-2008.-10 сәуір.-б.8.

Қарабеков Б.Шәкерiм қажының Қызылқұмға келуi:Поэма.//Абай.-2001.-№3.-83-90б.

Қожамқұлова, Ж. "Шәкәрім ілімі - жан, ар, рух тазалығы". //Биология және салауаттылық негізі.-2007.-№6 .-б. 61.
Құдайбердіұлы Шәкәрім// Елтұтқа.-Астана, 2001.-244 б.
Құрманғазы және ғасырлар тоғысындағы дәстүрлi музыка//Курмангазы и традиционная музыка на рубеже тысячелетий: Материалы международной конференций, посвященной 175-летию Курмангазы.Алматы,9-11 ноября 1998г.-А.:Дайк-Пресс,1998.-236 с.

Қыдырбайқызы, Д. Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?//

Қазақстан мұғалімі.-2008 .-2 тамыз.-б.9.
Мажитов, М. Әділеттілікті ту тұтқан тұлға:

Ш. Құдайбердиев - 150 жыл.//Ел.-2008.-12 тамыз.-б.5.


Максимова ,М. Казахский феникс-Шакарим. //Казахстанская правда.-2008.-7июня.-с.7.

Молдабаева Г. "Как пламень жертвенный":Историко-литературная композиция. //История Казахстана в школе

и вузах .-2002.-№5.-C.13-21.
Мұқанова, Ш. Мәңгілік махаббат дастаны. //Шағын мектеп.-2007.-№8.-б.34.
Мүкібекұлы, А. Астанада Шәкәрім тойының алғашқы

шаралары басталды. //Қазақ әдебиеті.-2008 .-18 шілде.-б.2.

Мырзахметұлы, М. Алыптар армандаған ар ғылымы:

Шәкәрім -150. //Әдебиет айдыны.-2008.-№38.-б.4.


Негимов С. Көркемдiк өнер:Шәкәрiм Құдайбердиев

//Абай.-2001.-№3.-61-64б.

Несіпбай, А. Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі: Шәкәрім - 150//Егемен Қазақстан.-2008.-10 қыркүйек-б.5.
Оқас, Ж. Шығыстың шыңға біткен шынары:

Ш. Құдайбердиевке 150 жыл.//Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында.-2008.-№2.-б.27.


Омаров, А. Алаш үкіметінің төбе биі. //Егемен Қазақстан.-2008.-27 тамыз.-б.8-9.
Омаров, А. Кемеңгерлікке жету кезеңі. //Абай.-2007 .-№4.-б.12.

Омаров, А. Шалқар ойлы Шәкәрім.//Алтын орда.-2008 .-31 шілде-6 тамыз.-б.26.

Омаров, А. Шәкәрім және Мұхтар:Ш. Құдайбердиевке арналған бет. //Егемен Қазақстан.-2008.-22 наурыз.-б.9.

Омаров, А. Шәкәрім мұрасы: жаңсақтық пен олқылық орын алмаса дейміз //Егемен Қазақстан.-2007.-18 тамыз. - б.5.


Омаров, А. Шәкәрімнің өмібаяны. //Абай.-2007.-№2. - б. 42.
Оразалин, Н."Иесіз өзім кестім кіндігімді ":Шәкәрім хақындағы сөз. //Әдебиет айдыны.-2008.-№37.-б. 6-7.
Оразалин, Н. Алаш ардақтысын ұлықтады:Шәкәрім -150 (арнаулы бет).//Әдебиет айдыны.-2008.-№38.-б. 6-7.
Оспанов, С. Көсемсөзші //Егемен Қазақстан.-2008.-10 қыркүйек-б.4.
Сейсенұлы, Д. Абайдың асыл шәкірті. //Егемен Қазақстан.-2007.-3 қараша.-б. 5.

Сейсенұлы, Д. Ақынның шығармашылық әлемі:ф.ғ.д.,

профессор Балтабай Әбдіғазыұлымен сұхбат.//Егемен Қазақстан.-2008.-10 қыркүйек-б.1.
Сейсенұлы, Д. Қажы әндері:Шәкәрім - 150 жыл.//Егемен Қазақстан.-2008.-26 тамыз.-б.7.
Сейсенұлы, Д. Шәкәрім сөзі - халықтың асыл қазынасы.

//Егемен Қазақстан.-2007.-23 қазан.-б.5.


Сейсенұлы Д. Шәкәрiмнiң ұлы:Ахат Құдайбердиев туралы не бiлемiз?//Егемен Қазақстан.-2004 .-29 қыркүйек.
Сейсенұлы, Д. Шәкәрім мұраларынын қамқоршылары:

Шәкәрім - 150.//Егемен Қазақстан.-2008.-10 қыркүйек-б.8.


Симәділ, К."Шәкәрімнің деңгейіне жете қойған жоқпыз":

дөңгелек үстел талқысы.//Қазақ әдебиеті .-2008 .-1 тамыз.-б.10.

Сыдықов Е. Алашорда ақсақалы:Ш.Құдайбердиев туралы. //Егемен Қазақстан.-2007.-28 қараша- б.10.
Сыдықов, Е. Ақын тойына - толымды тарту. //Егемен Қазақстан.-2008.-10 кыркүйек-б.6.
Талап пен ақыл. Өлең: Ш.Құдайбердіұлының туғанына - 150 жыл. Мұқабада.//Тәрбие құралы.-2008.-№3.-б.
Тебегенов, Т. Шәкәрімтану жемістері//Әдебиет айдыны.-2008 .-22 мамыр.-б.4.
Тұматаева А. Шәкәрiм және саяси-құқықтық ой-пiкiрдi қайраткерлерi. //Қазақ тiлi мен әдебиетi .-2000.-№12.-27-29б.

Узбекулы С. Идеал Шакарима Кудайбердиева. //Фемида.-

2002.-№1.-C.61-64.-Библиогр.:С.64(4 источн.).
Узбекұлы, С. Шәкәрім діннің құқықтық мәселелері туралы.//Егемен Қазақстан.-2008.-28 мамыр.-б.9.

Ысқақұлы, Д. Физули қазақ тілінде. //Әдебиет айдыны.-2008 .-22 мамыр.-б.4.


Шаңбай, Т. Шәкірімнің философиялық лирикасы. //Қазақстан мектебі.-2008.-№4.-б.70.

Шамұратов, М. "Даналықтың төркіні бір":ақын Шәкәрім

мен суретші Сәкен дүниелерінің үндестігі хақында.

//Алтын орда.-2007.-19-25 шілде. - б. 23.

Шаповал Ю. Образование - путь ценностей и смыслов (концепция Шакарима Кудайбердиева). //Саясат.-2005.-№4.-С.22.
Шәкәрімнің үн қатуы:арнайы бет. //Егемен Қазақстан.-2008.-27 тамыз.-б.8-9.
Шәкәрімтану мәселелері:сериялық ғылыми 5 томдық жинақ туралы. //Қазақ әдебиеті. Кітап әлемі.-2008.-25 қаңтар.

Шойынбет, Ж. Абай мен Шәкәрім қағидалары неге

бұрмаланады?// Қазақ.-2008.-7 наурыз.-б.8.

Шәкәрім//Қазақстан жазушылары XX ғасыр. Анықтамалық.-Алматы: "Ана тілі" баспасы ЖШС. 2004.-338 6.

Шәкерім Құдайбердіұлы //Қазақстан. Ұлттық

энциклопедия. Т.9.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007.-472 б.

Шәкәрім Құдайбердіұлы //Тарихи тұлғалар.-А.:Алматыкітап, 2006.-177 б.
Шәкәрім Құдайбердіұлы // Көркемсуретті Қазақстан тарихы:Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін 4 томдық/Құраст.:О.Жанайдаров .-Алматы.:Каз.энцикл. 3-том.-2007.-320б.
Шәкәрім Құдайбердіұлы // Қазақ жерiнiң зиялы азаматттары-Почитаемые люди земли Казахской. Құр. Уралбаев Ж.А. -5-шi кiтап ҚР бойынша .-А. :Дәуiр, 2002 .-496б.-(ғұмырнамалық жинақтар сериясы).
Шәкәрім Құдайбердіұлы// Қазақ әдебиеті:Оқулық.- Құр. Мақпырұлы С. Астана:Фолиант. 1 - бөлім.-2007.-192б.

Поэзиялық және публицистикалық шығармалары, музыкалық мұрасы. Шәкерім - өнерде
Ахметжанов А. Шәкерім әндері нотаға қалай түсті // Абай.-1994.-№9.-б.47-57
Әлімбаев М. Мәнді нақыл - әрлі ақыл (Шәкерім поэзиясының нақыштылығы жөнінде)//Абай.-1993.-№3.-б.24-26
Әлімбаев М. Шәкерім поэзиясының шалқарында (эссе) //Абай.-1995.-№1-2.-б.149-156
Әсімжанов Ә. «Ел қайда?» әні жөнінде// Абай.-1994.-№9.-б.49
Базарбаев Т. Сахараның ұлы сазгері// Абай.-1994.- № 9.-б.43-45

Базарбаев Теміржан - Құдайбердіұлы Шәкерім. Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек.// Абай.-1998.-№2.-б.8


Бөкейханов Әлихан. "Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі". [1913] // Абай.- 1994.-№ 9.-б.38-39
Бүркітбаева Анар. Абай шәкірттерінің маңдай алды (Шәкерімнің сатиралық шығармалары төңірегінде). // Абай.- 2000.-№3.-б. 58-60
Забытый. "Незабытое" прошлое и настоящее киргизов. Очерки //Абай.- 1995.-№1-2.-б. 56-62
Имаханов Бекен. Шәкерімді толық танып болдық па? //Абай. -1994.-№ 9.-б. 18-19

Құдайбердиев Шакарим. Енлик и Кебек. /Перевод с казахского:Султанбеков Мурат// Абай.- 1998.-№ 2.-б. 1-7


Кудайбердиев Шакарим. Калкаман и Мамыр: Поэма /Перевод с казахского: Султанбеков Мурат.// Абай.- 1998.-№ 1.-б. 1-5
Құдайбердіұлы Шәкерім. Ел қайда / Нотаға түсірген Маңғытаев Мыңжасар// Абай.- 1994.-№ 9.-б. 45

Құдайбердіұлы Шәкерім. Қазақтың түп атасы [Өлеңдер] // Абай.- 1992.-№ 1.-б. 30-36

Құдайбердіұлы Шәкерім. [Публицистикалық шығармалары]: Білімдіден бестүрлі сөздің шешімін сұраймын. Өтініш. Би һәм билік туралы. Қазақша ай аты жоқ. Ашық хат. Семей облысына қараған барша қазақ ағайындарға ашық хат. Сын әлі сынауды сынау. Сөз таласы. Қазақтың ескі жолының бірі - енші. [1912-1918] // Абай.- 1994.-№ 9.-б.58-63
Құдайбердіұлы Шәкерім. Ұлтшылдық туралы [1918] // Абай.-1992.-№ 2.-б. 39
Құдайбердіұлы Шәкерім. Ұлы ұстазы хақында. Шәкерімнің Абай туралы өлеңдері мен сөздерінен.//Абай.- 1994.-№ 9.-б. 1-6
Құдайбердіұлы Шәкерім. Шын бақтың айнасы: (Ескі сөз) [1918] .//Абай.-1992.-№ 3.-б. 44-45
Мусрепов Г. ЦК КП Казахстана. Товарищу Рахманову А.// Абай.-1994.-№ 9
Тоқжігітов Шаймардан, Әлімбетов Имам, Дөнентаев Сәбит. Сөз мазмұны [Пушкиннің Дубровский баяны және Шәкерім аудармасы]// Абай.-1994.-б.9
Шәкерімнің соңғы шығармаларынан. [Өлеңдер] //Абай.-1994.-№ 9.-б. 8-17
Шәкәрім Құдайбердіұлы:өлеңдер. //Бала тәрбиесі .-2007.-№ 4. - б.5.

Ыбырайұлы Мерғали. Шәкерім. Екі бөлімді тарихи таргедия.//Абай.- 1994.-№ 9.-б. 81-92




Шәкерім дүниетанымы
Айтбайқызы Африза. Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние? //Абай.- 1998.-№ 3.-б. 17-19
Батыршаев Б. Шәкәрім дүниетанымындағы дін мәселесі. //Ақиқат.-2006.-№9.-б.54.

Бегалинова К.К., Альжанова У.К Несколько слов о философии Шакерима.//Абай.- 2000.-№ 3.-б. 52-57


Әбдезұлы, К. Жаралыс басы - қозғалыс. Қозғауға керек қолғабыс:Шәкәрім данышпандығының танымдық және тағылымдық болмысы.//Егемен Қазақстан.-2008.-6 кыркүйек.-б.5.
Есім Ғарифолла. "Адамға өлген соң рахат, бейнет, "оауап, азап" бар ма?.." Қажының үшінші сауалына жауап-ізденістер. //Абай.-1998.-№ 4.-б.13
Есім Ғарифолла. "Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?" (Шәкерімнің білімділерден шешуін сүраған екінші сауалы). //Абай.- 1998.-№ 3.-б. 11
Есім Ғарифолла. Ең жақсы адам не қылған кісі? (Шәкерім қажының төртінші сауалы). //Абай.- 1999.-№ 3.-б. 27-33
Есім Ғарифолла. "Заман өткен сайын адамның адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?.." (Шәкерімнің бесінші сауалына жауап) //Абай.-1994.-№ 4.-б.1-7
Есім, Ғ. Мұтылған философиясы:Ш.Құдайбердиев туралы.//Егемен Қазақстан.-2008.-30 қаңтар.-б.9.
Есім Ғарифолла. Шәкерім сауалдары төңірегінде [Шәкерімнің бірінші сауалы] //Абай.-1998.-№ 2.-б.9-1
Құдайбердіұлы Шәкерім. Анық пен танық. [Философиялық өлеңдер] //Абай.- 1994.-№ 9.-б.35
Құдайбердіұлы Шәкерім. Дін. Тіршілік, жан туралы. [Философиялық өлеңдері] //Абай.- 1994.-№ 9.-б. 25-28
Құдайбердіұлы Шәкерім. Тіршілік, жан туралы //Абай.-1994.-№ 9.-б. 28-31

Құдайбердіұлы Шәкерім. Үш анық дегеніміз не? [Шәкерімдегі тура мағынасындағы емес шартты сөздер] //Абай.-1994.-№. 9.-б. 23-24


Мырзахметов, М. Абай мен Шәкәрімнің сопылыққа қатысы. //Түркістан.-2007.-31 мамыр - б. 9.


Шәкерім ұрпақтары. Естеліктер

Азалы жылдар сырлары [Шәкерім балаларының өлеңдері, 1930 жылдар] //Абай.- 1994.-№ 9.-б.68


Аманжол, К. Ұлыдан ұрпақ қалса игі. :Шәкәрім қажының немересі Мереке Зиятұлы кемеңгер атасынын көптеген өлең-дастандарын жатқа айтады.//Егемен Қазақстан.-2008.-10 қыркүйек-б.1.

Ахат Құдайбердіұлы (1900-1984) //Абай.- 2000.-№ 4.-б. 94


Биданова,А. Прямой потомок Шакарима/А. Биданова

//Казахстанская правда.-2008.-23мая.-с.24.

Досаев Тауфиқ. Құнанбай ауылдары мен ноғай ауылдарының байланысы //Абай.- 2000.-1994.-№ 9.-б.41-42
Есентайұлы Ертұғыр. Әкем айтқан әңгімелерден //Абай.- 2000.-№ 4.-б 89-90
Жақыпұлы Қанаш. "Асыл адам айнымас..." //Абай.- 1999.-№ 4.-б. 7-8

Құдайбердиев Ахат Шәкерімұлы. Аштық азабы [1931] //Абай.-1994.-№ 9.-б. 69-77

[Құдайбердиев]Ахат Шәкерімұлы. Қажылық сапары//Абай.-1994.-№ 9.-б.36-37
[Құдайбердиев]Ахат Шәкерімұлы. Құрдастарға. Кетпеші балалық. Домбыра мен қобыз керек қой. Мағрифа жеңгейдің маған айқаны.Күндей жанам. Өзіме. Семейден қырға қайтқанда. [Өлеңдер] //Абай.- 1992.-№ 4.-б. 83-86

Құдайбердінің ұл-қыздарының балалары / Құрастырған Ибрагимов//Абай.- 1994 .-№ 9.-б.41


Төкен Оразбекұлы Қ. Нақтылы болған жағдай еді//Абай.- 1994.-№ 9.-б. 64-66
[Шәкерімқызы Гүллар]. Әкесі өлгенде Гүллардың айтқаны (1931 жыл) //Абай.-1994.-№ 9.-б. 77-79
Шәкерімұлы Зият. Әкеме. Ұлы едім. Қоштасу.//Абай.-1994.-№ 9.-б. 79-80

Шәкерімұлы Зият туралы.//Абай.-1994.-№ 9.-б.80


[Шәкерімұлы] Қабыштың әкесіне айтқаны.//Абай.- 1994.-№ 9.-б.69

МАЗМҰНЫ

Оқырманға........................................................


«Өнегелі өмір»: Ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы .............................................
«Шәкәрім - қазақ әдебиетінің классигі» /Шәкәрім шығармаларының тізімі/.......................................
«Алаш ардақтысын ұлықтады» /шығармашылығы

мен өмірі туралы мақалалар тізімі/ .............................


Поэзиялық және публицистикалық шығармалары, музыкалық мұрасы. Шәкерім - өнерде....................................................
Шәкерім дүниетанымы..........................................
Шәкерім ұрпақтары.Естеліктер..............................
Каталог: images -> stories -> bibliograf ukaz
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
bibliograf ukaz -> Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам
bibliograf ukaz -> Библиографический путеводитель новых поступлений
bibliograf ukaz -> Библиографический путеводитель новых публикаций
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет