Ғылыми конференциясының материалдары



бет110/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Фирсова.Л.Д. Маширова А.А. Бордин.Д.С. Янова.О.Б. « Хранический гастрит». В кн «Заболевания желудка и двенадцатиперстной кишки» – М. Планида, 2011-52с.


2. Белусова.А.С., Водолагин В.Д., Жаков.В.П. « Диагностика,дифференциальная диагностика и лечение болезней органов пищеварания».-М.Медицина, 2012–424с
3. Гастроэнтерология/Под ред .В.П.Ивашкина.-М. ГЭОТАР-Медиа
МҰХАММЕД ӘЛ-ХОРЕЗМИ АЛГЕБРАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ


Жұмахан Әсия (Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Смағұл М.Ж.

Алгебраның тарихы мың жылдан асатын бай әрі даңқты, халқымыз мақтан ететін тарих. Себебі алгебраның атасы – Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу – Абдолла Мұхаммед әл – Хорезм Әбу – Абдолла Мұхаммед ибн Мұса әл – Хорезми әл – Мәджуси 780 жылдың шамасында Хиуада туып, 850 жылдың шамасында Бағдатта қайтыс болған.


Хорезми Бағдатта ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Ежелгі грек, еврей тілдерін үйренген. Бес тілді еркін меңгерген математик, астроном, географ, тарихшы, дәрігер.
Әл-Хорезми Орта Азияның ұлы математигі, әрі астрономы, жиырма жасында ғылым қуып Бағдатқа келіп, сол жерде өмірінің көп уақытын өткізген. Бағдатта өздігінен грек тілін үйренеді, сол жердегі кітапханадан грек пен үндінің ғылыми мұраларын меңгереді. Сол заманда Бағдаттағы кітапханалар мен обсерваторияларды басқару ісін өзі қолына алған. Обсерваторияда аспан денелерін зерттеп, зерттеулер нәтижесінде әйгілі «Астрономиялық кестелер» атты еңбегін жариялады. Осы еңбегінде аспан денелерін бақылау нәтижелерімен қатар тригонометриялық функциялардың кестелері, шеңбердің қасиеттері, шеңбер доғасының бөліктерінің қасиеттерімен қатар градус, минут, секунд ұғымдарының анықтамалары да бар еді, оның «Жер түрлері жайындағы кітабы» араб тілінде жазылған, онда сол заманда белгілі елді мекендер мен мемлекеттер, таулар мен теңіздер мен көлдер және олардың табиғи сипаттары суреттелген.Хорезмидің атын әлемге әйгілеген еңбегі екі кітап болып шыққан математикалық еңбегі: «Үнді есебі бойынша қосу мен азайту» («Kитaб aл-жaм ‘а бил хисабaл-Хинди») мен «Әл-Жебр мен әл-Мұқабала есебі жөніндегі кысқаша кітап» («Aл-Maкaлa фи- хисабaл-жaбрвaaл-Mұқaбалa»). 12-ші ғасырда латын тіліне аударылған, ол кітаптың ұқсамайтын екі түрлі аудармасы XVI-шы ғасырға дейін сақталған). Біріншісінде арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған. Бұл кітап математика тарихындағы алгебраға арналған тұңғыш шығарма, сондықтан да әл-Хорезмиді кейде «Алгебраның атасы» деп те атайды. Кітап үш тараудан тұрады, бірінші тарау «Теңдеуді шешу жолдары» деп аталады. Онда алты түрлі теңдеу қарастырылған, соның ішінде бірінші және екінші дәрежелі теңдеулердің шешу жолдарымен олардың қолданулары көрсетілген, ондағы формула математикалық өрнек түрінде емес, сөз жүзінде баяндалған. Ең алғашқы болып екінші дәрежелі теңдеулерді төмендегі түрге бөлген, әрі оны геометриялық жолмен шешеді. «әлховарезм» деген сөз кейіннен алгоритм деген сөзге айналып кеткен, яғни қазіргі қолданыстағы математиканың бір ережесі алгоритм термині де осы әл-Хорезмидің атымен аталады. Оның бұдан басқа еңбектерінен «Тарих кітабы» («Kитaбaт-Тaрих»), «Жер бейнесі туралы кітап», «Астролябияның құрылысы туралы кітап»; «Астролябияның көмегімен жасалатын нәрселер туралы кітап»; «Күн сағаты туралы кітап»; «Еврейлердің заманын анықтау және олардың мейрамдары туралы кітап».
Хорезми даңқын дүние жүзіне жайған, есімін тарихта мәңгі қалдырған еңбектері – математикалық шығармалары. Бұлардан бізге жеткені екі кітап – «Китаб әл-джәмуә-т тафриқбихисабәл-үнді» — «Үнділер есебі бойынша қосу мен азайту кітабы» және «Әл – Китаб әл-мұхтасар фи хисабәл-джәбіруәл-мүкәбәла» — «Әлджәбір мен уәлмикәбәла есебі жөніндегі қысқаша кітап». Бірінші кітапта арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған.
Хорезмидің арифметика негізінде «үнділер есебін» алуы кездейсоқтық емес. Санаудың үнділер шығарған он цифрлы позициялық жүйе (система) адамзат тарихында ұлы жеңіс болып табылады. Хорезми арифметикасында санау тәртібі сандардың он цифр арқылы жазылуы, аталуы, негізі төрт амал, түбір шығару, жай бөлшектерді есептеу айтылған. Қазіргі бастауыш арифметикасы негізінен алғанда, Хорезмидің арифметикасына ұқсас. Кейіннен қосылған жаңа материалдар мыналар ғана: процент, пропорционал бөлу,ондық бөлшектер. Хорезмидің кітабындағы екі амал шығып қалған: қосарлану-екіге көбейту мен жару-екіге бөлу амалдары.
Әл-Хорезмидің (алгебра жайлы жазылған) екінші кітабы «Әлджәбірдің» бізге жеткені – 1342 жылы түпнұсқадан көшірілген арабша қолжазбасы. Ол Оксфорт университетінің кітапханасында сақталуда. Хорезмидің алгебрасы латын тілінде соңғы рет 1550 жылы шыққан, оны Тюбинген университетінің профессоры Иоган Шейбль бастырып шығарды. Бұрын Еуропа университеттерінде математика латын тілінде оқытылатын. Кеплер, Галилей, Торичелли, Паскаль, Декарт, Ферма, Ньютон, Лейбниц, Бернулли, тағы басқа да математиктердің көпшілігі осы Хорезми кітабын оқыған.
Хорезми алгебрасының Оксфорт университетіндегі негізгі нұсқасын 1831 жылы Петербург университетінің шығыс тілдері профессоры Ф.Розен Лондонда бастырып шығарған. Кітап 3 бөлімнен құралған:
1) Теңдеулерді шешу жолдары;
2) Өлшеу және геометриялық есептерді шығару;
3) Адамның өлер алдындағы өз мүліктерін жақындарына бөліп беру жайындағы өсиеттері.
Соңғы бөлімнің қазіргі кезде онша маңызы болмағанымен ерте кезде мұраны бөлу есептері қоғам өмірінде елеулі орын алған. Кітаптың екінші бөлімі геометрияға арналған. Онда кесінділерді, аудандарды және көлемдерді өлшеу, үшбұрыштардың, төртбұрыштардың түрлері, шеңбер мен дөңгелек қарастырылған. Анықтамалар, теоремалар, мысалдар келтірілген материал грек геометриясының ізімен жазылған. Алгебралық материал кітаптың бірінші бөлімінде. Бұл бөлім алгебраның негізгі курсы болып табылады. Хорезми тұрғысынан алғанда алгебра – теңдеулер жайындағы ғылым. Тарихта белгілі ең көне теңдеу ежелгі мысырдың бұдан 4000 жыл бұрынғы бір жазуында кездеседі. Онда белгісіз «Хау» деп аталған. Мағынасы «Үйім» немесе «бір топ зат» дегенді білдірген. Теңдеулерді Хорезми жүйелі түрде қарастырады. Ол бірінші және екінші дәрежелі теңдеулердің толық теориясын жасап, алгебраны математиканың дербес және үлкен саласына айналдырады. Нәтижесінде алгебра жеке пән ретінде жалпы математикадан бөлініп шығады. Хорезмише сызықтық теңдеулер квадрат теңдеулердің дербес түрлері. Ол квадрат теңдеулерді жалпы алғанда алты топқа бөледі.
«Әлджәбір» шын мәнінде араб сөзі емес. Мағынасы «қалпына келтіру» екенін Сириядан шыққан араб математигі Бехаэддин Әл-Әмули (1547-1622) анықтаған. «Джәбір» ассирия тілінде екі заттың теңдігі дегенді білдіреді.
Хорезми кітабының басты ерекшелігі – түсініктілігі, өмірмен, практикамен байланыстылығы. Грек математиктері өз кітаптарын көбінесе білімді адамдарға арнап жазатын, тұрмыс есептерін қарастыратын. Хорезми математикаға практика тұрғысынан қарады, ол еңбекті жеңілдетудің және мәдениетті өркендетудің құралы деп есептеген. Теорияны толық түсіндіріп, оқушыға қамқорлық жасап отырған. Сондықтан Хорезми математик қана емес, дарынды мұғалім және тәрбиеші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет