Ғылыми конференциясының материалдары



бет53/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.», 2010 ж.


2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. – 344 бет.
3. Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпыредакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 482 б.

ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ


Нұрғазы Жайдар (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нусупбаева С.А.

Осман Мемлекеті – 1299-1922 жылдар аралығында өмір сүрген ислам және түрік мемлекеті. 1299-1383 Осман Бейлігі, 1383-1516 жылдары Осман Сұлтандығы және 1516-1922 жылдары Осман Халифаты деп аталды. Қазіргі түрік тілінде Осман Империясы деген атау да бар.


Империя XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокканың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалайға дейінгі аймақты қамтып жатқан. Бұл империя алты ғасыр бойы Шығыс және Батыс дүниелерінің қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Осман Империясы 42 уялаяттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдавия және Трансильвания князьдіктері алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл деген атпен белгілі Константинополь қаласын өз астанасына айналдырған Осман Империясын көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим Империясының және Византия Империясының исламдық мұрагері деп атауға болады.
Құрылуы (1299-1402). Османдар ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа сол кездегі моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолы жеріне көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалел-әд Дин Менгубердінің қызметінде болады. Кейінірек Ертоғрыл бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны Алаеддин Кейкубад Ертоғрылға Анадолыдағы Сөғүт қаласын сыйлайды. Ертоғрылдың ұлы Осман I Сөгүтте 1299 жылы Осман Бейлігінің негізін қалайды. Осылайша Осман Мемлекетінің тарихы басталды. Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы әйелден атақты Орхан сұлтан туады. Осман хан осы ұлы Орхонның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтып, қайтыс болады. Өзінің тәж-тағының Бурсаға көшірілуі және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді. Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көреген, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жұрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние-мүлкі болмаған. Орхан I Анадолының батысын толығымен басып алды. Мұрад I өз әкесі мен атасы сияқты Анадолының әжептәуір жерлерін басып алды. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзін «сұлтан» етіп жариялайды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово даласындағы шайқаста серб князі Милош Обилиятің қолынан қаза табады. Баезід I Косово даласындағы шайқаста өз әкесі сербтерден қаза болуына байланысты ол кек алу мақсатымен көптеген сербтерді қырып-жойды. Сербиядағы жеңістен кеін ол өз отарлауын Анадолыда жалғастырады: Айдын, Сарухан, Гермиян, Ментеше, Хамид және Караман бейліктерін басып алады. Осылайша Баезід I осман иеліктерін тез арада екі есе арттырды. Бірақ ол бұл иеліктерді қалай шапшаң басып алса, солай айырылып қалды. Бұның себебі – Баезіт I-нің замандасы Әмір Темір болуы және ең бастысы Баезіт I көкірекшілдікке беріліп кетуі. Баезіт I Әмір Темірге көптеген хаттарында оны жәбірлейтін сөздер жазып, оны жете бағаламайды. Әмір Темір жауап ретінде османдықтардың басып алған бейліктерді жаулап, оларға қайтадан тәуелсіздік береді. Ал Әмір мен Сұлтанның арасындағы шешуші шайқас Анкара жерінде болады. Соғыста Әмір Сұлтанды жеңіп оны қамауға алады. Йылдырым қамауда 20 шілде 1402 жылы қаза табады.
Өркендеуі (1413-1453). Меһмед I патшааралықтан жеңімпаз болып шығып, өзін күллі Осман Мемлекетінің сұлтаны деп жариялады. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін қайта жаулап алады. Сонымен, Осман Мемлекеті қайта өз қалпына келе бастайды. Меһмед I 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады. Мұрад II 1422 жылы Константинополис қаласын қоршайды. Бірақ османдықтар сол кезде әлі флоты да, артиллериясы да болған жоқ. Бұған қарамастан олар Византия астанасына шабуыл жасап, көп жауынгерлерінен айырылды. Оған қоса Анадолыдағы бейліктер жаңа бүліншіліктерді бастайды. Сондықтан Мұрад II бүліншіліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. Балқандарда олар кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Сұлтан Мұрад II Қожа Едірне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы және ізбасары әйгілі әскербасы әрі саясаткер Меһмед II Жаулаушы болады. 1452 жылдың жазында түріктер Константинопольды басып алу үшін тікелей әзірлікке кірісті. Олар оны сыртқы дүниеден бөліп тастап, блокода ұйымдастырды. 1453 жылы көкектің басында II Меһмед сұлтан құрлықтағы және теңіздегі үлкен күшпен Византия астанасын қоршады. Константинопольге қарама-қарсы Алтын мүйіз шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан Генуя отары Галатаның басшылары қаланы қоршап алғанға дейін-ақ II Меһмедпен өздерінің сауда артықшылықтарын сақтап қалу жөнінде келіссөз жүргізіп, түрік әскеріне жасырын түрде көмек көрсетіп отырды. Осының бәрі жиналып, халықтың бір бөлігі түріктерге ерлікпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Константинополь 1453 жылы 29 мамырда түріктердің үдере шабуылымен алынды және үш күн бойы тоналды. Византияның соңғы императоры Констонтин XI Палеолог шайқас үстінде өлтірілді. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатты. Константинопольдің атын Стамбул деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Түркия Осман империясы болып жарияланды. II Меһмедтің әскерлері Константинопольді алғаннан кейін арада 25 жыл өткен соң бүкіл Балқан түбегін Дунайға дейін Осман империясына қаратты. Түріктер Молдова мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. 1516 жылы бүкіл Сирия, Мекке мен Медине, 1517 жылы Каир, 1574 жылы Кипр мен Тунис, іле-шала Алжир мен Триполи сұлтан өкіметін мойындады. Оңтүстігі Венгрияны, Критті, Подолия мен Украинаның бір бөлігін басып алды.
Дамуы (1453-1566). Меһмед II 1453 жылы Византия Империясының астанасы Константине қаласын жаулап алып, империяны толығымен жояды. Жаулаушы Константиниемен ғана шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулап алуға кірісті. Бірақ оның көптеген жоспарларына кедергі болды. 1481 жылы ол Гебзе қаласында мерт болды. Фатиһ мешітінде жерленген. Селім I 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Сол жылы Айбарлы өзіне Халифа атағын алады. Енді бұл атақ келесі осман сұлтандарының да атағы болды. Осылайша Осман Мемлекеті «Халифат» атанды. Селім I өзінің бар-жоғы 8 жылдық билік жүргізген заманында Курдистанды, Левантты, Мысырды, Мединені, Меккені және Алжирды жаулып алды. Сүлейман I 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерін екі-ақ қана сағат ішінде толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстанның патшасы Лайош II батпаққа батып мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османдықтардың еуропадағы беделі арттырылды. Сүлейман I өзінің 42 жылдық билік жүргізген заманында Босния және Герцеговинаны, Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті жаулап алды. Сүлейман I тұсында османдықтар билігі шарықтауының шыңына жетті. Ұлы Сұлтан 7 қыркүйек 1566 жылы Зигетвар шайқасында қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймание мешітінде жерлейді.
Әлсіреуі (1566-1656). Сүлейман I қайтыс болғаннан кейін, оның жалғыз тірі қалған ұлы Селім II таққа отырады. Оның тұсында сарайдағы әйелдер осман саясатына үлкен ықпал тигізді. Соның ішіндегі ең көрнектісі сұлтанның әйелі Хасекеи Нұрбану Сұлтан болды. Осылайша «Қатындар Сұлтанаты» заманы басталды. Осы заман тұсында Осман Империясы әлсіреп, дағдарысқа ұшырай бастады. Селім II 1574 жылдың 21 желтоқсанында Топкапы сарайында қайтыс болады. Едірнедегі Селимие мешітінде жерленеді. Көптеген көтерілістер мен бүлікшілер әсерінен әлсіреген Осман Мемлекетін көрген Тұрһан Хатиже Валиде-Сұлтан өз немересі сұлтан Меһмед IV Көпрүлү Меһмед пашаны садразам етіп тағайындауға кеңес береді. Көпрүлү Меһмед пашаның саяси жетістіктері осыған себеп болды. Көпрүлү Меһмед паша өзінің 5 жылдық билік жүргізген заманында Крит пен Чанаккале жерлерінде Венеция Республикасына қарсы сәтті шайқас жүргізді, Лемнос пен Тенедос аралдарын жаулап алды, секта Кадизаделидің төңкерісін басты, Абаза һасан пашаның бүлігін басты, өзінің қарамағына саясаткерлер мен әскербасыларды алды және «лауазымды сатып алу» салтын біржолата тоқтатты. Көпрүлү Меһмед паша қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары оның саясатын жалғастырды. Көпрүлүлер басқарған заманда Осман Империясының ішкі және сыртқы саясатында тұрақтылық болды және биліктің беделі қайта өрлей бастады.
Осман империясы әлсіреуінің негізгі себептерін айта келе Тұрғыт Өзәлі «Түркия-Еуропа аясында» атты мақаласында: «Осман империясы Еуропа саясатында елеулі рөл атқарды. Алайда XVII ғасырдың аяғынан-ақ оның тұғыры әлсірей бастады. Жаңа теңіз жолдарының ашылуы Жерорта теңізінің әлеми сауда-саттық көздерін жабады. Империяны қорғау қажеттігі, ұдайы болып жататын соғыстар оның ішкі қорын сарқиды. Осман империясының әлсіреп құлауының басты себебі – сол өзінің экономикалық даму жолын таба алмады. Батыс Еуропа болса, оның жөні басқа еді. Ол бұл кезде Жаңғыру реформасын жасау, француз революциясы, либерализм, өнеркәсіп революциясы кезеңдерінен өткен еді. Ал Осман мемлекеті Византия империясының дәстүрлерін айнытпай қабылдаған болатын. Ал оның экономикасы мемлекеттің басқару мен бақылауына негізделген еді. Ол бағаны белгілеуден және қымбат тауарлар мен тұтыну заттарын сатуды уысынан шығармаудан анық көрінетін. Бұл дәстүрлерді экономиканың ислами қағидасымен үйлестіру өте қиын іс еді. Империя әлсіреуінің алғашқы белгілері үкіметті алаңдатпай тұра алмады. Билеушілердің рухы түсті. Бірақ реформашылар тек мемлекетті күшті үкіметпен нығайту жайын ойлады. Олар сөйтіп өткенде болған нәрселерді ғана қалпына келтіруге ұмтылды. Империяның құлдырай бастауы Батыстың оған деген көзқарасын өзгертті. XVI ғасырда құрмет-қошеметке бөленген түріктер енді надан да жабайы деген атқа ие бола бастады. Сөйтіп, Түркияның өз ісіндегі христиандарға көмектесу саясаты-ның негізі қаланды. Ал дін Батыстың нағыз шын саяси мақсаттарын бүркемелеуге қызмет етті. Осман империясындағы елді еуропаландыру жөнінде жүргізілген реформалар экономикалық жаңғыруға қажетті жағдайларды жасай алмады. Тек Батыс институттарын қабылдап қана қою мүлде жеткіліксіз болды. Ол қайта империя мен Батыс Еуропа дамуының арасындағы айырмашылықтың бұрынғыдан бетер жақындай алмайды деген пікір де туды. Батыстағы өркениеттің негізгі қозғаушысы-жеке бастың шымыр-ширақтығы Осман түріктерінде мүлдем жоқ, үкімет билігінен тыс жерде ешбір принцип те, ереже де болмады»,-деп жазды.
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа Германия жағынан қатысты. Бұл соғыста Осман империсы жеңіліп, Мудрос уақытша бітіміне қол қойылғаннан кейін, жеңген державалар оның аумағын бөлісуге кірісті, сондай-ақ астанасы Стамбулды өз бақылауына алды. Осман империясы соғыста жеңілуінің нәтижесінде іс жүзінде өзінің бүкіл аумағынан айырылды. Елдің ыдырауы мен мемлекеттіліктің жойылу қаупі түрік қоғамының ұлттық-прогресшіл күштерін төңкеріс жасауға итермеледі. Зайырлы ұлттық тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктер, яғни, түрік зиялылары мен офицерлері ұлт-азаттық төңкерісті ұйымдастыру мен жүргізуге жетекшілік етті. Олардың арасынан Мұстафа Кемал-паша (Ататүрік) ерекше көзге түсті. Бұл уақытқа қарай Осман империясы өмір сүруін тоқтатқан. Ататүрік Түркия үшін өмірлік маңызы бар реформаларды жүзеге асырды. 1922-1923 жылдарда өткен Лозанна конференциясының нәтижесінде 1923 жылы 24-шілдеде Түркия мен оның дүниежүзілік соғыстағы қарсыластарының арасында Лозанна бейбіт келісімшартына қол қойды. Лозанна бейбіт келісімшартының аумақтық баптары Осман империясының жойылғанын заңды түрде көрсете отырып, сондай-ақ, қазіргі Түркия аумағын белгілей отырып, Түркияның жаңа шекараларын бекітті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет