Ғылыми конференциясының материалдары



бет8/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. – Алматы: – Қазполиграф, 1953. – 220 б.


2. Исаев С. Қазақ тілі. – Алматы: Ғылым, 1996. – 236 б.
3. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. – Алматы: Ғылым,1967. – 264 б.
4. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1982. – 283 б.
5. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 448 б.
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.
7. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Шың- кітап, 2015. – 312 б
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСТЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
( Ерболат Әбікенұлының шығармалары бойынша)


Әбдуәли Құндыз (ҚХР)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,аға оқытушы Ибраимова Ж.Т.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің бір түрі – қос сөздер. Қос сөз – екі сөздің қосарлануы немесе қайталанып айтылуынан жасалатын күрделі сөздің түрі. Қос сөздер қайталама және қосарлама қос сөз болып екіге бөлінеді. Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден, яғни бір түбірдің қайталануынан жасалатын қос сөз. Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау. Қосарлама қос сөз – әртүрлі сөздердің қосарлануынан жасалатын қос сөз. Мысалы: үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы.


Қос сөздер күнделікті тұрмыста да, әдеби шығармада да кеңінен қолданылатыны хақ. Бұл туралы жас жазушы Ерболат Әбікенұлының әңгімелерінде айқын орын алады.
Ерболат Әбікенұлы ҚХР, ШУАР, Санжы қаласына тікелей қарасты Мөрг ауылында туылған. 2001 жылы Санжы қалалақ он екі жылдық үшінші орта орта мектебінің қазақ бөлімін бітірген. 2007 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетін қызыл дипломмен бітірген. Көпшілікке «Министр» атты әңгімелер жинағымен таныс. Бұл әңгімелер жинағы Лондон қаласында ағылшын тілінде аударылуда.
Ал «Желтоқсан ызғары» атты әңгімелер жинағын айтар болсақ, Ерболат Әбікенұлының кейіпкерлері адам, адам болғанда да зиялы қауым. Қаузаған тақырыбы – «өмір», қаланың қайнаған ортасы. Шығармалары бастан аяқ юморға, сарказмге, иронияға құрылған. Тіпті кейде сатираның элементтерін де көптен кездестіреміз. Удай ащы, көркем де өткір тіл, дәлдікке құрылған сөйлем, лиризм мен сатираның, писихология мен натурализмнің ұштасуы бейне жаңалық іспетті. Ерболаттың кез-келген әңгімесін қолыңа алсаң, аяғына дейін оқымау мүмкін емес. Оқырманды жіпсіз байлау оның ерекшелігі. Әңгімелерді оқи отырып кейде күлесіз, кейде көзіңізге жас алып жылап та жібересіз, тіпті әңгіменің ішінен өзіңізді көргендей боласыз.
«.... – Ертең айтқанымды істемейтін болсаң, ана қиқылдап-шиқылдаған арбаңды, қазанымен қосып көлге батырып жіберем.
... есі-ақылы кіреселі-шығасылы боп жатып, бірден қарауға жүрегі дауаламады.
.... Ал мынау қиналыс ол үшін өзін істікке шаншып, қақтап-қақтап алғаннан да ауыр еді.»
Еліктеуіш сөздердің қосарлануынан жасалған қос сөз арбаның тозығының әбден жеткенін, кейіпкердің ашуға әбден булыққанын айқын бейнелеп тұр. Қосарланған синонимдер мен антонимдер және қайталанған етістік арқылы кейіпкердің жан азабын тартқанын, қалжырап-күйзелгенін көрсетті.
(«Қасірет»)
«...Оның киімдерін әлгі жәрмеңкеде, біздің байлардың таласып-тармасып сатып алғанын тикелей эфирден көрсетке жоқ па?.... Егер қазақтар, менің ескі-құсқыларымды жиі-жиі сатып алып тұрса, мен де жиі-жиі келіп тұрам.»
Етістік пен есімнің қайталануы арқылы адамдардың сондай көз соқырлығын, санасының таяздығын, тіпті ешқандай ойланудың, өзін сынға алып түзетудің жоқтығын, бір түкен орға қайта түскен ақымақтығын кекеп, ащы шындықты айпарадай ашып отыр.
(«Дамбал»)
«.... Хан өміріне бергісіз бақытты ғұмырымды бір-ақ күнде тас-талқан етті ғой!....Көз жасын көлегейлеуге тырысып, екі алақанымен бетін баса тізесіне жабыса түсті, селк-селк еткен денесінен өзін баса алмай қалғаны аңғарылды.»
Қосарлама қос сөз "тас-талқан" кейіпкердің өмірінің быт-шыт шыққынын, түбегейлі өзгеріске ұшырағанын айқын көрсетсе, етістіктің қайталануы арқылы жасалған "селк-селк" кейіпкердің қаншалық қиналғанын, өне-бойын азаптың қаншама мұжып жатқанын шарқына шығара сипаттады. Сол бір түнгі бақытсыздықтың жүрегіне қаншама терең жарақат қалдырғаны менмұндалап тұр.
(«Желтоқсан ызғары»)
«....Қыстың ала көлеңке таңында, жападан-жалғыз келе жатқан ол сызылтып ән салды.....Олар бөлімшеге келгенде, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Дағарбек екеуін әдірең-әдірең етіп қарсы алды......Сөйтіп екі дос Дағарбектің зілді-зілді бұйрығының астында көздеріне құм құйылып, бір бұрышқа кептеліп қап, енді бір бұрышқа төбесін немесе тізесін соғып, кезек-кезек жығылып жүріп жарық дүниеге шықты.... Ал дәлізде жүрген аз санды қызметкерлер ол екеуінің жүдеу-жүдеу түрлерін көріп, соғыста быт-шыты шығып жеңілген қолдан бастығының табытын көтеріп тірі қайтқан көңілсіз екі солдатқа, ал көтерген шкафтарын табытқа ұқсатқандай мүсіркей әрі кекесін көзбен қарады.»
Бұл сөйлемдердегі бір қатар қос сөздер ол кездегі кіші ғылыми қызметкердің жан ашырлық езгіге ұшырағанын, жалғыздық, дәрменсіздік, дәмін татқанын, шындықтың жанына батқанын, қорланғанын, мүсәпір күн кешіп, елдің қабағына қарап өмір сүргенін дәл орнын тауып суреттеп отыр.
«Кіші ғылыми қызметкер»
«.... Біреуі жалбыр-жұлбыр киінген әйел де, екіншісі күйеуі... Бұл кезде жеңіл киіммен шығып кеткен оның күйеуі, боз-боз болып, көгерген еріндері жыбыр-жыбыр етіп, дір-дір қағап жаялық іздеп жүр.»
Бұл қос сөздер қайталау арқылы сол іс-қимыл қалпын, заманға еліктей өзгерген әйелдің сөлекет киінісін, отбасынды орны қалмаған күйеуінің бейшара күйін оқырманның көзіне бірден елестетеді.
(«Күйеуінен қорықпайтын әйел»)
«...Жүзінде ауырсыну бар. Бет-ауызы тыржың-тыржың етеді. Министр жылы жымиды... Директор өң-түстен жұрдай, қуа жөнелді. Оның артынан жығылып-сүрініп орынбасары кетті.»
Етістіктің қайталануы іс-қимылдың үздіксіз жалғасқанын, министрдің алдында құрша жорғалаған күлкілі күйін, жағатсыған пиғылын кекей келе, астарындағы мансапқорлықты, ақшақұмарлықты айпарадай әшкере етті.
(«Министр»)
Қорыта айтқанда, Ерболат Әбікенұлының әңгімелеріндегі қос сөздер шығармада айырықшы орын алып, өзгеше мәнге ие болған. Жазушы қос сөздерді орынды қолдана отырып, заттарға жан бітіріп, кейіпкердің көңіл-күйін менмұндалатып отыр. Іс-қимылға қолданылған қос сөздер іс-әрекетті барынша әсірелеп, астарындағы психологиялық элементтерді оқырман ойына бірден салады. Удай ащы сөздері жан түршігерлік қоғам ортасын көз алдымызға елестетеді. Бейнелеуіш, еліктеуіш сөздердің қайталануы, түбір сөздердің алдынан күшейткіш буын қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қалыпты шарықтау шегіне жеткізе бейнелеген, оқырман жүрегіне қанжардай қадалып, терең ойға салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет