Ғылыми конференциясының материалдары



бет48/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер



  1. Абдиров М.Ж. История казачество Казахстана. – Алматы, 1994.

  2. Мәшімбаев С.М. Пaтшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы, 1994.

  3. Казахско-русские отношение в XVI-XVII в. – А, 1961. – 299 стр.

  4. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. Ой толғамдар. – Алматы: «Жазушы», 1996. – 211-212 б.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

Құнапия Гүлнар (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Ибрагимова М.Н.

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы Ахмет Ясауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Ясауи шығармаларының құндылығы осында.


Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбаб бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады. Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды. Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Ясауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Ясауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Ясауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен, - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады. Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың хикметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы. Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмаған». Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхаммедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кесенесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.
Қ.А.Ясауидің «мейірімсіз менмендерден қаштым міне» деп жер астына түскеніне де біршама уақыт өтіпті. Қолдағы мәліметтерге қарағанда Ахмет Ясауи Шымкент қаласының шығысында орналасқан Шахияр өзенінің кішігірім саласы Қарасудың жағасындағы Сайрам қалашығында дүниеге келген. Исфиджап немесе Аққала (Акшехир) деп аталған Сайрам маңызды елді мекен болған. Халқы түріктерден және парсылардан тұратын. Кейбір деректерде оның Яссыда туылғандығы жайында айтылғанмен, мұның шындық екендігін растау мүмкін емес. Бір хикметінде туған жерін Түркістан ретінде көрсеткенмен, мұны Яссы қаласы емес, Түркістан аймағы деп түсінсек дұрысырақ болар еді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жыл деп белгілейді. Қ.А. Ясауи – бүкіл түркі халықтарының атасы, XII ғасырда көне түркі тілінде жазылған «Диуани хикмет» кітабының авторы. Қ.А.Ясауи Исламға шақыруын, насихаттарын хикмет атымен уағыздаған. Бұл таңдау болса керек. Өйткені Құран Кәрімнің Нахл сүресінің 125 аятында: «Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық және көркем үгіт) арқылы шақыр» деп бұйырылған. Хикметтің мағынасын ашатын болсақ даналық, туралық, кәміл ақылдылық, ой пікір, білімділік, өнер дегенді білдіреді. Одан басқа хикмет халал (адал) және харамды (арам) білу, білімді амал жасау мағыналарына келеді.
Өзінің хикметтері арқылы жеті принципін жеткізген:
1 Аллаһқа деген махаббат
2 Ықылас пен шынайылық
3 Адамға деген сүйіспеншілік
4 Кішіпейілділік
5 Әйел мен еркек теңдігі
6 Еңбекті бағалау
7 Ілім мәселесі
«Диуани хикмет» (Даналық кітабы) оғыз-қыпшақ тілінде өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған әдеби туынды. Хикмет тілі дін Исламнан хабары бар жанға жеңіл. Хикметтерді тереңірек үңіліп, мән бере оқыған адам Ясауи жырларының қыпшақ тіліне өте жақын екендігін аңғарады. Сондықтан, Қ.А.Ясауи шығармалары бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани мұра. Ақынның шамамен 143 хикметі бар. «Диуани хикметтің» алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын, парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады. «Диуани хикмет» адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып жазылған шығарма.
Ақын «Диуани хикмет» еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын.
Махшар күні тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халықтан қаштым міне.
Бұл хикметінде ақын адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды.
Қ.А.Ясауи өзінің «Диуани хикмет» шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне ерекше мән берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні – Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет:
Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ,
Болмайды Расул сөзін танып әлек,–дейді. Ақын өз өмірінен қорытынды шығарып, былай дейді:
Бар дүние менікі деген сұлтандарға,
Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға.
Өмірі сауық-сайран құрғандарға,
Өлім неше бір опа қылмайды деп
Осындай дүние-мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді.
Күрмеуге келмес қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық заман қыспағында Қ.А.Ясауи бабамыздың хикметтерінің маңызы зор. Егер әрбір пенде күнделікті өмір, күйбең тіршілік қам-қарекеттерін күйттеп, рухани ілім, білім, әдебиет, мәдениет мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі елдік қайда, егемендіктен не пайда?!
Дәуірлер, замандар көші алға озуда. Алайда, ата-бабаларымыздан қалған асыл сөз ешқашан көнермек емес, «Ғалымның хаты өлмейді» дегендей Ясауи кітабын тек әдеби шығарма деп бағалау аз. Мұндай асыл-мұралар, тарихи туындылар адамды тығырықтан шығарып, тұтқиылдан босатар, инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді шығарма. Бұл туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар-ұят аталған әлемдік жарасым әміршісі-Аллаһқа деген сенімде, шексіз махабатта жатыр. Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі ақ жолынан бастау алған, ағайын. Ұлы баба Қ.А.Ясауи хикметтерінің негізгі идеясы да осы, яғни:
Бір құдайға жеткізген соң бұл даусын,
Білгендерге шапағат нұр жаусын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет