Ғылыми конференциясының материалдары



бет64/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Хасан Оралтай «Елім-айлап өткен өмір», Пионер Мұхтасыров «Бәйтеріктің оқшау шыққан бұтағы», Dogu Turkistan Hatiralari, ANAYURT Dergisi,. Frankfurt, 1984 (журналдың үш санында)


«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ЗАҢДАР ЖИНАҒЫ


Серікқызы Мейіргүл (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Ибрагимова М.Н.

Жеті Жарғы – Тәуке хан (1678-1718 жж.) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды. Ереже қазақ қоғамында сол уақытқа дейін мәлім болған заңдар ережелердің табиғи жалғасы, сондай-ақ заман талабына бейімделген нұсқасы еді. «Жарғы» заңы қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдіреді. «Жеті Жарғы» – жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Жеті Жарғы» ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген. «Жеті Жарғы» көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:


-қанға-қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500 қой);
-ұрлық-қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
-денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100-қой, шынашақ – 20 қой);
-егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
-төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
-егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
-ата-ана өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесілген;
-өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;
-бала үшін, егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса, бес айлық – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына бір түйеден (анықтама үшін 100 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
-әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылды;
-егер ері әйелінің көзіне шөп салу кезінде ұсталса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс, әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күмәнсіз деп табылады, жазадан босатылады;
-біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
-әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы қажет, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
-қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырады;
-құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
-кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
-құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;
-ата-анасынана тіл тигізген ұлды мойынына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабалап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
-ұрлық жасаған адам үш тоғызы мен қайтарылуыға тиіс;
-ерінің ұрлығын біле тұра әйелі мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкенге шағым айту әбестік саналады;
-өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
-даудан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс;
-дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
-куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
-билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
-егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;
-ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;
-егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал-мүлкі әкесіне тиесілі;
Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде-бір қазақтың қару-жарақсыз келуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ақ қару ұстап жүре алатын кезкелген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған.
Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптыларына сай келеді. Онда әкімшілік, қылмысты істер азаматтық құқық өлшемдер, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қоғамына заңдылықты, тәртіпті, нығайтудағы рөліде зор болды. «Жеті жарғының» қазақ тілінде толық нұсқасы сақталмаған оның үзінділірін К.Шүкірәлиевтің (1804ж), Я. Гавардосвскийдің (1806ж), А.Левшиннің (1832ж) жазбаларынан оқуға болады. Сондай-ақ, Н.Гродеков, Л.А.Словоходов, А.П.Чулочников тәрізді орыс ғалымдарының зеріттеушілері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқа жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерісте төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. «Жеті Жарғы» қазақ халқы XIX ғасырдың ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір заңдар қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің заманымызға «Жеті Жарғының» түпнұсқасы жеткен жоқ алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәлметтері негізінде «Жеті Жарғының» он бір үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспа сөзінің бетінде жарияланды. «Жеті Жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А.Левшиннің зеріттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті Жарғы» жарыққа шыққаннан кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті жанрында жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет