Күтілетін нәтиже: Есептерді граф арқылы шешу тәсілдерін пайдала отырып математика пәніне деген қызығушылығын, логикалық қабілетін арттырады.
I. Кіріспе
"Есептерді граф арқылы шешу" тақырыбы бойынша көптеген нүктелерді жүргізе отырып, әр түрлі фигураларды құрастырамыз. Соның салдарынан "граф" ұғымы пайда болған. "Граф" деп кез-келген нүктелерді, яғни олардың түзумен немесе бағыттауыштармен (стрелка) байланысқаны. Көптеген элементтерді бейнелейтін нүктелерді "граф шыңы" деп атайды. Егер бағыттауыштардың(стрелка) басы мен соңы теңессе, онда оны дәнекер деп атайды.
Граф теориясы математиканың логика, комбинаторика, тағы басқа салаларында қолданылады. Сондықтан бұл тақырыпты мектепте оқыту жалпы білім беретін, мәдениет танытатын, математикалық мән-мағынасы ерекше. Күнделікті өмірде көптеген графикалық иллюстрацияларды, геометриялық елестерді және т.б. көптеген тәсілдер пайдаланылады
Оқушы граф арқылы есеп шығара отырып, өзінің логикасын дамытады. Есептерді граф арқылы шешуді есеп шығару кезінде қолдана білсе, онда олардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Граф деп бірнеше нүктелерден несандардан тұратын әр түрлі жиындарды не фигураларды айтады. Әдетте әр түрлі жиындағы пар элементтер өзара үзік не тұтас сызықтармен қосылады. Сонымен,граф деп берілген жиындардағы нүктелерді қосатын сызықтар тобын айтамыз. Граф арқылы объектілер арасындағы байланыстарды айқын көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |