Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Абстрактылықтан нақтылыққа көшу әдісі



бет57/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

Абстрактылықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір теорияның негізгні тұжырымдары, яғни оның постулаттары, принциаптері мен акциомалары осылардан туындайтын бүкіл білімнің іргетасын құрайды. Сондықтан да бұл тұжырымдарға енген абстракцияларды фундаменталды (іргелі) деп атайды. Тарих тура жолдармен емес, бұралаң жолдармен жүреді, кей жағдайларда көптеген тарихи үдерістер тұмшаланып,бұрмаланып жатады. Мұндай жағдайларда логикалық талдау жасап, оның фундаменталды абстракциялармен қоса теориясын жасауға болады. Ол ғасырлар бойы тұмшаланып жатқан ақиқаттарға жарық беріп, олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді. Бұл абстракциялаудан нақтылыққа көшу деп аталынады.
гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
43. Коперниктің әлемнің геоцентрлік жүйесі
Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезде,яғни XVI ғасырда, Птоломейдің барлығымызға да мәлім геоцентрлік жүйесін ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады. 
Планеталарадың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды деп айта аламыз. Өйткені, Птоломейдің геоцентрлік жүйесі әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрнекілік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік береді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын. Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айлана отырып, барлық планеталармен кеңістікке Күнді айнала қозғалады деп көрсетті, Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деген тұжырымдама жасады. 
Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық еңгізді. Сонымен қатар, көптеген ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбектері 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік (гр. Гелиос – Күн) жүйе деп аталды.
Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса жоғары да маңызды рөл атқарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылығы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И.Кеплер мен И.Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.
44. Т.Кунның парадигмасы .
Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, əдістерінің тұрақты жүйесі. əдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, əрі қарай даму барысында логикалық қатал тəртіпке бағынады. Бірақ бір кезде осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болып, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа білімді іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен, логиканың орнына психология келді. Томас Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды. Кунның анықтауынша, əлем картинасында оның мынадай маңызды компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы жəнеəне ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма бұл – тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады жəне бір парадигмадан екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, əрбір парадигманың өз ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе бірнеше парадигмаларды саластырғанда олар бір-біріне сəйкес келмейді.
45. И.Кеплер планеталар қозғалысының үш математикалық заңының ашылуы.Планеталар қозғалысының заңдарын ашуда еңбек сіңірген көрнекті неміс ғалымы Иоганн Кеплер. ХVІІ ғасырдың бас кезінде бас кезінде Кеплер Марстың Күнді айналуын зерттеу үстінде планеталар қозғалысының үш заңын ашты. I.Кеплердің бірінші заңы — планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. II. Кеплердің екінші заңы- аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде, ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.III. Кеплердің үшінші заңы- планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады.
46. Т. Кунның «нормалы» жəне «экстраординарлық» ғылымдары.
Ғылымды зерттеу тәсілінің күрт бұрылысын американдық физик Томас Кун 1962 жылы пайда болған «Ғылыми революцияның құрылымы» атты еңбегінде жасады. Ғылым немесе дәлірек айтсақ, «нормалы» ғылым, Кунның пікірінше, Кун парадигма деп атайтын және оның көзқарасы бойынша әр ғалымның әрекетін толығымен анықтайтын қатаң бағдарламамен біріктірілген ғалымдар қауымдастығы. Бұл Кунның назарында болатын тұлғааралық формацияның парадигмасы. Парадигмалардың өзгеруімен ол ғылымның дамуындағы түбегейлі өзгерістер - ғылыми төңкерістерді байланыстырады. 
Нормалы ғылым - ғылым философиясын ғылымның ерекшеліктерін анықтау мәселесіне байланысты Т.Кун енгізген термин: интеллектуалды қызметтің басқа салаларынан айырмашылығы, ғылым эксперименттік шешімдерді тексеру процедураларын қабылдады, олардың рационалдылығы белгілі бір кезеңдерде күмән туғызбайды. Мұндай рәсімдердің жиынтығы қызметтің жалпы моделін - парадигманы құрайды. Нормалы ғылым дегеніміз - ғалымдар тек осы модель бойынша әрекет ететін, концептуалды, инструменталды және математикалық есептерді қоятын және шешетін ғылым күйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет