Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет22/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

32. Р.Декарттың рационализмі және mathesis universalis идеясы

Рене Декарт (1596-1650жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" сынды Картезиандық күмән әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.
Декарт батыстың қазіргі замандық философиялық-ғылыми ойлауының негізін қалаушы тұлға ретінде толық философиялық жүйе жасады. Ол философияда дуализм (қоснегіз) мен рационализм (зердешілдік) бағытын дамытты.
Декарттың пікірінше адам баласы математикалық логикалық әдіс арқылы --- яғни зерделі түрде философиялық ой жүгіртуге тиіс. Адам ақылды нәрсе және барлық нәрсені ақылмен түсіндіруге болады. Зерде сезім мүшелеріне қарағанда сенімді куәлік етеді, сенімді білм береді. Мысалы, Түс көрген кезімізде біз шын өмірде жүргендей сезінеміз. Бірақ зерделеу арқылы түстік шын өмір емес екенін тұжырымдап шығамыз деді. Ол логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды:

  1. Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы.

  2. Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады.

  3. Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек.

  4. Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз.

Декарт бұл әдісті философиялық ойлауда қолданып қана қоймай, геометрияда тіке қолданып, аналитикалық геометрияның негізін қалады.


Декарт философиялық әдіснама арқылы рационалді философияның мынадай мәселелерін қарастырды:

  1. Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлі;

  2. Субстанция, оның атрибутары мен модустары;

  3. Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіру, дуализмӘ;

  4. Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет