Филология факультеті



бет2/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент «Ежелгі қазақ әдебиеті» пәні және сақ, ғұн дәуірлеріндегі әдебиетінің қалыптасу тарихын анықтай отырып, оларды ажырата, нақтылай алатын болады және оқыту процесінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Әдебиетті дәуірлеу мәселелері. Зерттелуі. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (б.з.б. VII – б.з. IV ғ.).


Геродоттың «Тарих», Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-Гудың «Ханнама» кітаптарындағы маңызды деректер. Сақ түріктерінің ежелгі грек, парсылармен мәдени байланыстары, оның әдебиетке әсері. Авестаның шыққан ортасы туралы В.В. Радловтың, Ә. Марғұланның пікірлері. Өлім мен өмір, жаратылыс, о дүние туралы Авеста түсініктері, оның өліммен күрескен Алып Ер Тұңға, Қорқыт атамен ұқсастықтары. Тұран ойшылдарының өліммен күресінің бастапқы қайнар көзі Гилгамеш, Авестада екені.
Тарғытай, оның үш ұлы туралы аңыз-миф. Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде айтылуы. Алып Ер Тұңға – түркілердің ілкі көсемі. Ол туралы жоқтау жыры. Тұмар патшайым – ұлы сақ даласының билеушісі. Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр. Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда). Түркілердің кие тегі – Көк бөрі аңыз-мифтері. Есік қаласынан табылған күміс тостағандағы жазудың маңызы мен мәні. Деректі жазу бар жерде әдебиет болатындығы. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың мәселелері.


Өзін өзі тексеру үшін сұрақтар:



  1. «Ежелгі қазақ әдебиеті» пәнінің мақсат-міндетін түсіндіріңіз.

  2. Түркі мәдениетінің сақ, ғұн дәуірлеріндегі жағдайы жайында айтыңыз.

  3. Біздің заманымызға дейінгі сақтар мен ғұндардың тарихи-әлеуметтік жағдайларына мысалдар келтіріңіз.

  4. Сақтар мен ғұндар мәдениетінің қазақ әдебиетінің қалыптасуына әсерін сөз етіңіз.

  5. Сақтар әдебиетінің аңыз-әңгімелеріне тоқталыңыз.

  6. Ғұндар әдебиетінің мұраларын атап көрсетіңіз.

  7. Сақтар мен ғұндар әдеби мұраларының жанрлық ерекшелігі туралы айтыңыз.

  8. Сақтар мен ғұндар әдеби мұраларының көркемдік ерекшелігі туралы айтыңыз.

  9. Сақтар мен ғұндардың әдеби мұраларын зерттеген ғалымдардың еңбектерін атаңыз.

  10. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың маңызы және жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері туралы сөз етіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет