Филология факультеті



бет5/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың мақсаты:

  • Оғыз қағанаты дәуіріндегі әдебиетті оқудың маңызын түсіне білуіне;

  • студенттің Оғыз қағанаты дәуіріндегі мәдениет пен әдебиеттің қалыптасу кезеңдерін талдай білуіне;

  • түркі халықтарына ортақ Оғыз қағанаты дәуіріндегі әдеби мұралардың ерекшеліктерін ажырата білуіне;

  • Оғыз қағанаты дәуіріндегі ескерткіштердің өзгешелігін көрсете білуіне;

  • Оғыз қағанаты дәуіріндегі әдеби мұралардың көркемдік іздерін кейінгі кезеңдердегі әдебиеттерден таба білуіне үйрету.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Оғыз қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің қалыптасу тарихын анықтай отырып, оларды ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Оғыз мемлекетінің құрылуы жөніндегі түсінік. «Оғыз қаған» жырының зерттелуі, аударылуы. Жырдағы көк бөрі бейнесі, жырдың тарихи негіздері. Ондағы қыпшақ, қарлұқ, қалаш, оғыз, қаңлы, т.б. ру-тайпаларының шығу тегін бір адамнан тарату сарыны (персонификациялау). Түркілердің он екі мүшел жыл санауындағы хайуанаттардың өз тотемдерінен хабар беретіндігі. Жырдың негізгі желісі, оған ұйытқы болған кейіпкер – Оғыздың өгіз тотемінен шығып, хатқа түскенге дейінгі аралықта түркі тайпаларының өміріне қатысты көптеген аңыздарды жинақтау, екшеу сатысынан өтіп келгендігі. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.




Өзін өзі тексеру үшін сұрақтар:



              1. Оғыз қағанаты дәуіріндегі ескерткіштерді оқып-білудің мақсат-міндетін түсіндіріңіз.

              2. Оғыз қағанаты дәуіріндегі тарихи-әлеуметтік жағдайларына мысалдар келтіріңіз.

              3. Оғыз қағанаты дәуіріндегі мәдениет пен әдебиеттің қазақ әдебиетінің қалыптасуына әсерін сөз етіңіз.

              4. Оғыздар әдебиетінің мұраларын атап көрсетіңіз.

              5. «Оғыз қаған» ескерткішінің мазмұнына тоқталыңыз.

              6. «Оғыз қаған» ескерткішінің идеясына тоқталыңыз.

              7. Оғыздар мұраларының жанрлық ерекшелігі туралы айтыңыз.

              8. Оғыздар әдеби мұраларының көркемдік ерекшелігі туралы айтыңыз.

              9. Оғыздар әдеби мұраларының көтерген басты мәселелеріне тоқталыңыз.

              10. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың маңызы және жаңа тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері туралы сөз етіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет