М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Филология факультетінің деканы
____________ Ж.Ж.Шайекенов
«___»__________ 2011 ж.
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
050205 “Филология: қазақ тілі” мамандығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
күндізгі бөлім студенттеріне арналған
«Қазіргі қазақ тілі. Құрмалас сөйлем синтаксисі»
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 3
Семестр – 6
Кредит саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ– 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ –) - 45
СӨЖ – 45
Барлығы – 135 сағат
Орал, 2011ж.
«Қазіргі қазақ тілі. Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәні
бойынша бағдарлама.
2010- – 2011 оқу жылы. 6-семестр. 3 кредит.
«Филология: қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша «Қазіргі қазақ тілі. Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен. 2007ж Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті дайындаған жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.
Құрастырған: ф.ғ.к. доцент Ұ.Р.Ержанова.
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
“__01__” ___09_______ 2009 ж. № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.д., доцент А.Ы.Мамыров.
(қолы) (аты-жөні)
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
“__10_” _____09______ 2010 ж. № 1 хаттама.
Факультет оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы: Ж.Ж.Шаекенов. _______________ ___________
(қолы) (аты-жөні)
2.Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушы: «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ержанова Ұлдай Рсқалиқызы.
Оқытушының мекен-жайы: С.Есқалиев көшесі, 120\ 1 үй, 19-пәтер.
Телефон: 26-21-96.
Жұмыс орны: 4-ғимарат, 409-бөлме, «Қазақ филологиясы» кафедрасы.
2.2 Пән туралы мәлімет
« Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» Құрмалас сөйлем
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 1 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (2 дәріс, практика) екі байланыс сағаттан және 1 сағат СӨЖ, 1 ОЖСӨЖ тұрады.
Аптаға кредит – сағат санының бөлінуі
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
2
(дәріс)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50 минут+
50 минут
|
Байланыс сағаты
(дәріс)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50+50 минут
|
Байланыс сағаты
(практикалық сабақ)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50+50 минут
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
3
|
5,6
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
1.3. « Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» құрмалас сөйлем пәні – жоғары оқу орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі пән.
Курстың мақсаты: «Қазіргі қазақ тілі. Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәні- студенттердің бұған дейінгі қазақ тілінің лексикология, морфология, сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі салаларынан алған білімдерін тереңдетіп кеңейтуге мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі. Курстың мақсаты-студенттерге қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі саласының қалыптасуы мен дамуы, зерттелуі жайынан түсінік беріп, құрмалас сөйлемнің грамматикалық құрылысымен таныстыру. Атап айтқанда, сөз тіркесі мен жай сөйлемнен басты айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсету, анықтамасы, түрлері, құрылысы, мағыналық ерекшелігі, зерттелуі, басқа грамматикалық единицалармен ара қатынасы, яғни ұқсастықтары мен айырмашылықтары, өзіне тән белгілер мен критериилері, құрмаласу жолдары, құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері, жасалу жолдары сияқты мәселелер қарастырылады. Жалпы, қазақ тілінің синтаксистік құрылысына қатысты барлық теориялық мәселелер кең қамтылады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендей, қазақ тілінің синтаксистік құрылысына байланысты мәселелер туралы қазақ тіл білімінің негізін салушылар А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектерінен бастап, С.Аманжолов, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев, О.Төлегенов, Т. Қордабаев, Қ.Есеновтың еңбектерімен, ой-пікірлерімен, көзқарастарымен таныстырылады. Сөйтіп, құрмалас сөйлем синтаксисінің алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі зерттелу тарихынан хабардар ету көзделеді. Нәтижесінде, студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылысын, құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін жан-жақты, толық меңгерту мақсат етіледі.
Курстың міндетттері: «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» құрмалас сөйлем бұрын өтілген материалдарды қамти отырып, терең теориялық және практикалық мағлұматтарды беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |