Филология факультетінің



бет3/6
Дата10.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#11327
1   2   3   4   5   6



  1. Жаңа сөз, сөз тіркестерін пайдалана отырып «Танысу» тақырыбына сұқбат құрастырыңыз.

Үлгі:

-Сәлеметсіз бе, Асқар Әділұлы!

- Амансың ба, Жанар! Қал-жағдайың қалай?

- Жақсымын, рахмет. Сіздің қаліңіз қалай?

- Құдайға шүкір?

- Денсаулығыңыз жақсы ма? Қызмет барысыңыз қалай?

- Жаман емес….

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова

«Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы «Арман» - 2001 ж. 12-24 бб

2. Ә.Хазимова «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу» Алматы «Олжас» баспасы, 2004ж. 4-6 бб.



ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Сәлемдесу. Танысу.

  2. Іскери қарым-қатынас барысында танысу (грамматикалық минимум)

  3. Ресми жағдайда қоштасу үлгілері



СӨЖ мазмұны:

1. Жаңа ұжыммен танысуда қолданылатын сөз тіркестерін көрсетіңіз



2-апта

1 кредит сағат

2-практикалық сағат

Тақырып: Танысу. Визит карточкасы.

Практикалық сабақтың мазмұны:

Визит карточкалары.

Қазіргі кезде визит карточкалары адамдардың іскерлік қарым-қатынасының бөлінбес атрибутына айналды. Бүгінгі таңда бірден көзге ұратын әдемі визиткалармен ешкімді таңдандыра алмайсыз. Дегенмен сіздің визиткаңыз іскерлік қарым-қатынасты да, жеке басыңызға қатысты қарым-қатынасты да дамыту үшін не істеу керек? Визит карточкасы қандай болу керек? Бұл әрине, онда не жазылғанына байланысты.

Әдетте визит карточкасының бет жағына, анық оқылатын шрифтімен (негізгі жазулар үшін жартылай қанық бояулы Times – 14 қолданылады) төмендегі мәліметтер жазылады:

- аты-жөні, әкесінің аты (Фамилия үлкен әріптермен теріледі); Мысалы, БОЛАТОВ Марат Асқарұлы

Ағылшын тілінде жазылатын вариантында алдымен фамилия, содан кейін әкесінің атының бірінші әрпі және өз аты жазылады. Мысалы, BOLATOW A. Marat.

- Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. «Міндетін атқарушы», «уақытша орындаушы», «уақытша» сөздері визит карточкаларына жазылмайды. Мысалы, бөлім бастығының міндетін атқарушы т.б. Ресми қабылданған, көпшілікке түсінікті қысқарған сөздерді ғана пайдаланыңыз. Бұл сіздің визиткаңыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға өз әсерін тигізеді. Түсініксіз қысқартылған сөздер мен шартты белгілерді қолданудан аулақ болыңыз. Одан да мейлінше ұсақ шрифтімен беріңіз немесе визитканың артқы бетін пайдаланыңыз. Қызмет істейтін мекеменің аты толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы,

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Кадрлардың бас басқармасы

Әкімшілік бөлімі

- Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар. Визит карточка иесінің белгілі қызметі болмағанда немесе атқаратын қызметін жасырын ұстау қажет болған жағдайда тек атағы көрсетіледі. Мысалы,

МОЛДАБЕКОВ Қанат Сапарұлы

Жазушы


- Үй телефоны;

- Жұмы орнының толық мекен жайы;

- Жұмыс телефоны; Алдымен хатшының (немесе департамент бойынша кезекшінің) телефоны жазылады. Қажет деп тапқан жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды да және ұялы телефон нөмірін де көрсетуге болады.

Визит карточкасының безендірілуі. Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ. Бірақ көбінесе ол 50х90 мм көлемдегі қатты қағазда жасалады.

-Үкімет құрылымында жасайтын қызметкерлер көбінесе ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендіріп жасайды;

- қаржы ұйымдарының немесе банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түстермен жасатқанды жөн санайды. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр күміс түстес, жасыл т.б. түстер.

Түрлі дәрежедегі басқару орындарында істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк немесе фон – ақшыл сия түсті, шрифт – қара қоңыр т.б.) қалайды. Әр мамандық иесінің өз саласына лайықтап безендіруіне болады. Мысалы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатқанды жақсы көреді. Орман шаруашылығы қызметкерлері жасыл түске жақын етіп жасатады.

Шығармашылық адамдары өз визиткаларының бірден көзге ұрып тұқратындай болғанын қалайды. Осыдан келіп түрлі түстерді бір-бірімен сәйкестендіріп немесе түрлі фигуралар, өрнектер, бедерлер салынған визиткаларды мысалы, жазушының визит карточкасынан төгілген сияның, музыкант визиткасынан нота белгілерін көруге болады. Қызыл түсті визит карточкалары сирек кездеседі.

Енді визит карточкаларындағы рәміздер туралы. Мемлекет қайраткерлері, фирма қызметкерлері мемлекеттік ту, елтаңба не өз фирмасының эмблемасын көрсете алады.

Іссапар, конференция, семинар іскерлік байланыс жасайтын жерлерге жиналғанда визит карточкаңызды көп етіп алып шығыңыз. Ол сіздің жеке басыңыздың құжаты ретінде де, кепілдеме ретінде де сізге көп пайдасын тигізеді.



  1. Сөзікті жаттап алыңыз:

жұмыс орны – место работы

бастық ,басшы – начальник

орынбасар – заместитель

жетекші – руководитель

меңгеруші – заведующий

іскер әріптес – деловой партнер, коллега

мекен-жай – адрес

организация – ұйым, мекеме

министерство – министрлік



  1. Визит карточкасының үлгісімен танысыңыз. Сөздіксіз аударыңыз.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



АЛДОҢҒАРОВ

Манас Сарсекұлы

Ғылыми кітапхана меңгерушісі

Жұмыс тел.: 51-54-60

Үй тел.: 26-90-26

Ұялы тел.: 87024581424





Министерство здавоохранения Республики Казахстан

АО «Талап»


КАЛИБЕКОВ

Ержан Азатович

Директор АО «Талап»

Служ.тел.: 22-30-56

Дом.тел.:

Сот.тел.: 87775689545





  1. Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңіз туралы баяндап беріңіз

  1. Сіздің аты-жөніңіз

  2. Қай мекемеде, кім болып жұмыс жасайсыз?

  3. Жұмыс орныңыз қайда орналасқан?

  4. Қызмет барысында алған атақтарыңыз немесе ғылыми дәрежеңіз туралы айтып беріңіз

  5. Сіз іскерлік кездесулерге барғанда визит карточкаларын өзіңізбен бірге алып үресіз бе? Неге?


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Л.Дүйсембекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу»-Алматы «Ана тілі»-2001ж. 137-140 б.б.

2. Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова

«Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы «Арман» - 2001 ж.122-126 бб


ОЖСӨЖ мазмұны:

1.Визит карточкасының маңызы

2. Визит карточкасын рәсімдеу:

а) Визит карточкасында көрсетілетін мәліметтер реті

б) Визит карточкасының безендірілуі
СӨЖ мазмұны:

1. Түрлі сала қызметкерлерінің визит карточкасының үлгілерін жасап алып келіңіз



3-апта:

1 кредит сағат

Практикалық сабақ тақырыбы: Іскерлік әдеп

Практикалық сабақ мазмұны:

Адамдар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынас ережелері мен мінез-құлық нормаларының бар екендігі барлығымызға белгілі. Мұндай ережелерді моральдық кодекс деп атайды. Күнделікті тұрмыстағы, әдеп және мораль ұғымдарынан басқа өндірістік және қызмет қарым қатынасының да әдеп пен мораль нормалары бар. Арамдық, өтірік, алдау, басқаның дүниесін иемдену, басқа адамдардың мүдделерін ескертмеу, қызғаншақтық – арсыз адамдардың істері. Іскер адамға керек ең негізгісі – адалдық және бастауын содан алатын әділдік.

Міндеттілік. Уәде етілген нәрсе орындалуы тиіс.

Сыйластық. Басқа адамдарға сыйластықпен қарап, олардың мүддесін түсінуі керек.

Заңға бағынушылық. Заңдарды, қабылданған нормалар мен тыйымдарды сақтау.

Қайырымдылықы. Өз табысын қоғамның әлеуметтік демеуді немесе көмекті қажет ететін тобымен бөлісе білу.

Сабырлылық және қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және көре білу.

Іскер адам жалпы адамзаттықтан басқа , оның білімін, біліктілігін және ерекшеліктерін түсінуін сипаттайтын кәсіби қасиеттерге ие болуы керек.

Біріншіден, қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білу.

Екіншіден, уақытты пайдалана білу. Уақытты жоғалтқанда, өз мүмкіндігіңді жоғалтасың.

Үшіншіден, еркі мықты болу. Мақсат қойсаң, оған жет.

Төртіншіден, өз ісіңді таба білу қабілеті.

Бесіншіден, нақтылық пен ұқыптылық..

Алтыншыдан, өзін-өзі ұстай білу.

Жетіншіден, іске бағыттала білу.

Сегізіншіден, салауатты ойлау.

Тоғызыншыдан, құрбандыққа даяр болу.


  1. Сөздік жұмысы

Іскери – деловой

Әдеп – этика

Қоғам – общество

Қолайлы – удобный

Сан қырлы – многогранный

Өркениет – цивилизация

Қызмет бабын пайдалану – использование своего служебного положения

Ұқыптылық – аккуратность





Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.370-372бб

2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 115-118бб



ОЖСӨЖ мазмұны:

1.Сұрақтарға жауап беріңіздер

    • Сен жақсы іскер болып шыға алар ма едің?

    • Қалайша? Іскер болу үшін қандай қасиеттер қажет?

    • Іскер адамның моральдық принциптері туралы түсінігің қандай?

    • Бұл принциптер біздің өмірімізде неліктен сақталмайды?

    • Іскер адамның біліктілігі қандай болуы керек? Оны өз бойыңда қалай қалыптастыруға болады?


Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.370-372бб

2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 125-128бб



СӨЖ мазмұны:

Іскерлік әдепке байланысты қолданылатын сөздерге сөздік құрастыру.



4 апта:

1 кредит сағат

Практикалық сабақ тақырыбы: Жұмыс аптасын жоспарлай білесіз бе?
Практикалық сабақ мазмұны:

Қазіргі заманның іскер адамы үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де өнеді, табысы да көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана біледі. Өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады. Мәселен, шетелдерде жеке шаруашылықпен,бизнеспен айналыса бастаған кәсіпкер ертеңгі күннің жоспарын бір күн бұрын жоспарлайды екен. Жоспар қағазға түсіріледі, олардың ішінде ең маңыздысы, екінші кезекте орындалатындары белгіленеді.

Іскер адам үшін, әрине, ең маңыздысы – табысты молайтудың көзін іздеу, іскер әріптестер табу. Ал ұжым қызметкерлеріне тапсырма беру, құжаттар дайындау және оларға қол қою, телефон арқылы әртүрлі мәселелрді шешу сияқты күнделікті жұмыстарды маңызды істерді атқарумен қатар жүргізуге болады. Сондықтан, бір аптада, тіпті бір күнде жасайтын жұмыстарыңызды белгілеп алыңыз. Айталық, Сіз үшін ертеңгі жұмыс күніндегі ең маңызды шарруа – іскер әріптесіңізбен мәжіліс өткізу. Ендеше, бұл – бірінші кезекке шығарылатын жұмыс түрі.


  1. Сөздік жұмысы

Жұмыс аптасы – рабочая неделя

Заман – время

Барлық – все

Ісі де өнеді – дело спорится

Табыс та көбейеді – увеличатся доходы

Тырысу – стараться

Өз кәсібін – свою профессию

Ұтымды – выгодно

Шаруашылық – хозяйство

Ертеңгі күннің жоспары – план завтрашнего дня

Қағазға түсіру - написать

Мәселерді шешу – решить проблемы

Маңызды істер – важные дела

Іскер әріптестер –деловые партнеры

Бірінші кезек – первая очередь


  1. Ісіңіз өнсін десеңіз, әр күнді сағатына дейін жоспарлап көрсеткен дұрыс. Оқыңыз. Үлгі бойынша әр күннің жоспарын жасаңыз.

9:00 – 9:30 лездеме

9:35 – 10:35 бөлім мәжілісіне дайындық: есеп, жоспар

10:40 – 11:00 (келісім туралы) министрлікке, баспаға телефон соғу

11:00 – 12:00 келісім бойынша орынбасармен бірге шаралар жоспарын құру

12:00 – 13:00 бөлім қызметкерлерінің берілген тапсырма бойынша есебін тыңдау

14:00 – 16:00 жеке адамдарды қабылдау

16:30 – 17:00 өткен күннің қорытындысын шығару, келесі күннің жоспарын құру


  1. Төмендегі сөздерді және сөз тіркестерін оқыңыз. Сөйлем құраңыз.

Қазіргі заман, іскер адам, пайдалы іс, ұтымды пайдалану, жеке шаруашылық, іскер әріптестер, ұжым қызметкерлері, қол қою, күнделікті жұмыстар, маңызды іс, жоспарланған жұмыс, жоспарды орындау.



  1. Қазақ тіліне аударыңыз.

Планируемая работа, реализуемый план, выполненное задание, выполнимое поручение.


  1. Төмендегі сұхбаттарды толықтырыңыз.

  1. – Төлеген, жұма күні қолың бос па?

    • Жоқ, ............., сенбіде ғана бос уақытым бар.

    • Алло, сәлеметсіз бе, Арман Жақсылықұлы? Сізбен дүйсенбіде кездесейік деп едік, анықтайтын бір мәселе бар. Уақытыңыз бола ма?

    • Өкінішке орай, .............. Бейсенбі күні кездессек, қалай қарайсыз. Сізге ыңғайлы ма?

    • Әрине, ............... Онда бейсенбіде ...........

  2. – Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?

    • Сәлеметсіз бе, жоғарылатыңыз. Не айтайын деп едіңіз?

    • Мен кезектен тыс демалыс туралы ............... едім.

    • Қандай себеппен?

    • Денсаулық жағдайыма байланысты.

  1. Сіз әріптесіңізге кешегі бөлім мәжілісі туралы әңгімелеп отырсыз. Кім не деді? Мәжіліс жұмыс тәртібіне арналған. 7-8 адам қатысты. Әңгімеде мынадай сөз тіркестерін қатыстырыңыз.

Тәртіп сақтау, тапсырманы орындау, уақытты ұқыпты пайдалау, уақытты жоспарлау, ұсыныс жасау, жан-жақты талұылау, уақытты бағалай білу.
Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.186-198бб

2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 152-155бб


ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Жұмыс аптасын жоспарлай білесіз бе?

  2. Жұмыс жоспарын қағазға түсіру

  3. Апталық, айлық, жылдық жұмыс жоспарын құраңыз. Жұмыстың түрлерін, әріптестермен іскери кездесулерді, шетелдік қонақтарды қабылдауды жоспарға енгізіңіз.

  4. Оқыңыз және жазыңыз. Төмендегі коммуникативтік репликаларды толықтыратын сұхбат құрыңыз. Назар аударыңыз! Сұхбатта олардың қай-қайсысын да пайдалануға болады: міндетті түрде, әрине, ыңғайлы ма? Қолыңыз бос бола ма?

-Кездесуге уақытыңыз бола ма?

- Міндетті түрде келемін. Бейсенбі күні кездессек, Сізге ыңғайлы ма?

-Әрине!

- Жақсы, келемін.



5. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Іскер адам болу үшін не істеу керек? Апталық жоспарға қандай жұмыстар ену керек? Жоспарланған жұмыс орындалмаса не істеу керек? Апталық жоспар адамға не үшін қажет? Сіз бір аптаға, бір жылға жоспар жасацсыз ба? Сіз келесі күнді сағат бойынша жоспарлайсыз ба? Сіз жұмыс күнінің аяғында өзіңізге есеп бересіз бе?


СӨЖ мазмұны:

  1. «Уақыт – алтыннан қымбат» тақырыбына эссе жазыңыз

5 - апта:

1 кредит сағат

Практикалық сабақ тақырыбы: Маманды қалай таңдайсыз?

Практикалық сабақ мазмұны:

Сіз – кәсіпорын басшысыз. Мекемеңіздегі бос қызмет орнына лайықты маман таңдап алуыңыз керек. Жоғары оқу орнын бітірген бірнеше жас маман жұмысқа орналасуға тілек білдірді. Олардың бірін іріктеп, таңдап алу үшін әңгімелесу-сұхбат әдісін пайдаланып көріңіз.



  1. Әңгімеңізді алдын-ала дайындалған сауалнама түрінде өткізуге болады. Дайын сұрақтарға дәл, анық, біілікті жауап берген жас маман Сіздің назарыңызды аударуы мүмкін.

  2. Сұхбат кезінде жұмысқа кандидатқа ресми және бейресми тақырыптар бойынша сұрақтар қойыңыз. Алуан мәселелр төңірегінде әңгімелесе отырып, Сіз жас маманның ой-өрісін, білімін, мінез-құлқының ерекшеліктерін біршама байқайсыз.

  3. Жұмысқа алуға өтініш білдірген жас маманға қандай да бір проблеманы шешуді ұсынып көріңіз. Бұған, әрине, жас маман қысылып, дағдарып қалуы да мүмкін, дегенмен бұл арқылы сіз тәуекелшіл, батыл, өз пікірін анық айта алатын кадр таңдай аласыз.



  1. Сөздік жұмысы

Лайықты – удобно

Сауалнама – прос

Ой-өрісі – кругозор

Дағдару – растеряться

Тәуекел – риск

Әдіс – способ, метод

Тәуекелшіл – рискованный


  1. Қызмет, лауазым аттарын білесіз бе? Есте сақтаңыз!

  1. Бас маман, жетекші маман

  2. Ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер

  3. Аудармашы-хатшы, аудармашы

  4. Референт-көмекші,

  5. Заңгер, заңгер-есепші

  6. Әрлендіруші-суретші


3.Мәтінді оқыңыз. Қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз.

Ожас Болатұлының шағын кәсіпорынға жаңа қызметкерлер іріктеуі қажет. Қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайға, қоғамдық бетбұрыстарға сәйкес жұмысқа алынатын қызметкерлер жоғары талапқа сай болуы керек. Біріншіден, жұмысқа кандидаттың жасы жиырма бес пен елудің аралығында, екіншіден, қаланың тұрғыны болуы керек, үшіншіден, жан-жақты іскер адам болуы керек, төртіншіден, жоғары білімі болуы керек. Осы жағдайларды ескере отырып, Олжас «Жұмыс» газетіне үш хабарландыру берді.



  1. Шағын кәсіпорынға заңгер-шаруагер керек. Қойылатын талаптар: жасы:27-40, жоғары білімді, қала тұрғыны, мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі 5-10 жыл, қазіргі қолданылып жүрген заңдарды, нормативтік актілерді білу, компьютерде жұмыс істеу. Жалақы – 25000 теңге

  2. Шағын кәсіпорвнға қаржы директоры керек. Қойылатын талаптар: жасы – 30-35, жоғары білімді, экономист, мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі 5-10 жыл, Еңбек тәжірибесі – қаржы жөніндегі жоспарлау, қаражат айналымын бақылау. Жалақы – 35000 теңге

  3. Шағын кәсіпорынға аудармашы-хатшы керек. Қойылатын талаптар: әйел адам, жасы 30-ға дейін, жоғары білімді, ағылшын тілін жетік білу, еңбек тәжірибесі – келіссөз жүргізу, келісімшарт жасау, іс қағаздарын жүргізу.




  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Олжас Болатұлы мамандарға қандай талап қояды? Заңгер-шаруагер мамандығы бойынша не білу керек? Қаржы директоры қызметі бойынша не білу керек? Аудармашы-хатшыға қандай талаптар қойылады?



Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.223-230бб.

2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 129-130бб




ОЖСӨЖ мазмұны:

1.Сіз бірлескен кәсіпорын директорысыз. Кәсіпорынға бас бухгалтер, заңгер-шаруагер, жүргізуші, қорғаушы бағдарламашы керек. Әрқайсысына қандай талап қою керек? Сөздікді пайдаланып хабарландыру жазыңыз.

2.Мамандық бойынша конкурс жариялауға бола ма? Мамандық атауларын аударыңыз.

Басшы, жетекші, үйлестіруші, шолушы, түсіндірмеші, бағдарламашы, құрылтайшы, хатшы, көмекші, жазушы, сыншы, тыңдаушы, саясаткер, мәжіліскер, ғарышкер, ардагер, зейнеткер, әдіскер, сахнагер, қаламгер.

3.Сөз тіркесінің баламасын табыңыз.

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Сенаттың Төрағасы, Акционерлік қоғамның құрылтайшысы, Ұйымның төрағасы, қоғамның төрайымы, Төраға орынбасарының көмекшісі.



СӨЖ мазмұны:

  1. Сіз заңгер, қаржы директоры, аудармашы-хатшының қызметіне лайықтысыз ба? Ойлап, пайымдап көріңіз.

  2. Кім не білу керек? Ойланыңыз.

Аудармашы, хатшы, заңгер, жүргізуші, бухгалтер
6 апта

1 кредит сағат

Практикалық сабақ тақырыбы: Жаңалықтардан дер кезінде хабардар болу – қазіргі заман талабы.
Практикалық сабақ мазмұны:

Қазіргі қоғамдағы әрбір кәсіпкер, әрбір бизнесмен өз жұмысын дұрыс жэолға қойып, елеулі табыстарға жету үшін, әлемдегі барлық жаңалықтардан, ақпараттар мен мәліметтерден дер кезінде хабардар болып тұруы керек. Бұл – бизнестегі табыстың бір көзі, әрі қажеттілік. Фирманы, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрған кезден бастап қажетті мәліметтерді, әрине басылымдардан да табуға болады. Сонымен қатар қызметтің әрбір түріне байланысты өткізілетін арнаулы көрмелердің пайдасы зор.

  1. Сөздік жұмысы.

Жұмысты дұрыс жолға қою – выбрать правильное направление работы

Елеулі табыс – значительный успех

Табысқа жету – достичь успеха

Дер кезінде – своевременно

Хабардар болу – быть осведомленным

Табыстың көзі – источник успеха

Арнаулы көрме – специализированные выставка

Басылым – печать

Қажетті деректер – необходимое данные

Демеуші – спонсор

Қолдау көрсеткендер – спонсировавшие

Бас демеуші – главный спонсор

Қазіргі озық әдістер – современные передовые методы

Мүмкіндік жасау – предоставить возможность


2.Қазақшаға жазбаша түрде аударыңыз

Где можно получить необходимую информацию? Есть ли у Вас сведения о программе семинара? Информационная программа «Хабар». Выпуск новостей. Получили ли вы сообщение о выставке? Передача «Хабар-бизнес», Сообщение о погоде. Есть ли у Вас о завтрашней погоде.




  1. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Мүмкіндік жасау, назар аудару, табысқа жету, хабардар болу, қолдау көрсету, жолға қою, көрмені ұйымдастыру.
3.Төмендегі сұхбатты толтырыңыз.

1. – Сіз дүйсенбіде ашылатын көрме туралы білесіз бе?

- ..........?

- Көрме бухгалтерлік есептің стандарттарына арналған.

- :.........?

-Иә, салық салу мәселесіне де арналған материалдар бар сияқты.

- .........?

- Жарайды, бірге барайық.




  1. - .....?

    • Иә, көрме-жәрмеңкенің шеңберінде бірнеше семинар өткізіледі. Меніңше, осындай семинарлардың пайдасы зор.

    • ....?

    • Иә, семинарға қатысу үшін ақы төлеу керек және тапсырыс-анкета толтыру керек.

    • .....?

    • Иә, семинарларда жаңа технологиямен, озық әдістермен толық танысып шығасыз және көрме ұйымдастырушылар қажетті ақпараттық құжаттармен, анықтамалармен қамтамасыз етеді. Керек болса, семинарды үнтаспаға жазып алуға болады.


Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова

«Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.294-300бб.

2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 135-138бб


ОЖСӨЖ мазмұны:


  1. Бизнесті, кәсіпкерлік жұмысты дұрыс жолға қоюда хабардарлықтың рөлі қандай?

  2. Кәсіпкер, бизнесмен, фирма және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкерлері үшін көрмелердің қажеттілігі қандай?

  3. Сіз кейінгі екі жылда мүдделі адам ретінде қандай көрмелерге қатыстыңыз?

  4. Төмендегі сөздің мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз.

Хабардар болу – бизнестегі табыстың көзі, әрі қажеттілік.

5. Тақырыпқа байланысты сөздік жаттау



СӨЖ мазмұны:

1.Мамандыққа байланысты баспасөз беттерінен соңғы жаңалықтарды әңгімелеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет