Қазақ дастандарындағы мифологиялық ұғым-түсініктерден туған
бейнелер
Қазақ фольклорында да мифологиялық кейіпкер бар. Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне, іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі – архаикалық мифте бейнеленетін ілкі ата мен жасампаз қаһарман. Алғашқы адамға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді үйретуші және оның әдет-ғұрыптарын орындаушы болып суреттеледі. Екінші топтағы кейіпкерлер – қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар, жалмауыз кемпір, т.б. Бұл кейіпкерлер, негізінен, хикаяда, ертегіде және көне батырлық жырда кездеседі. Іс-әрекетіне, сондай-ақ, шығу тегіне қарай бұл топтың өзі іштей екіге жіктеледі. Албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, күлдіргіш тәрізді кейіпкерлер көне мифтен туған хикаяларда, айдаһар мен жалмауыз кемпір ертегіде болады. Ал кейінгі замандарда, исламның әсерінен бұлармен қатар пері, дию, шайтан сияқты ежелгі араб-иран әдебиетіндегі кейіпкерлер де көріне бастады.
Хикаяда мифологиялық кейіпкер алғашқы қауым адамының әлем туралы өзін қоршаған орта жайындағы мифтік түсініктеріне негізделген наным нәтижесінде ойдан шығарған. Патриархалдық дәуірде Полинезияда, Понтида,Якутияда, Африка тайпаларында бас құдайларды дүниені құрушы деп түсіндіреді. Гомеролимпке дейінгі Зевстің образын тарихи күрделі және көп бейнелі болды деп суреттейді. Матриархалдық дәуірде олар үш басты, төрт басты, жүз қолды зұлым да кекшіл аждаһалар түрінде бейнеленген. Кейінгі заманда аталмыш мифологиялық кейіпкер басқа жанрларға ауысқан және өздері типтес жаңа кейіпкерлер туғызған. Мысалы, көне батырлық ертегілер кейбір эпостарда ұшырасатын жеті басты жалмауыз, екі басты Самұрық құс, мыстан кемпір, сондай-ақ, Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ секілді кейіпкерлер бір жағынан көне мифтік сананың жемісі болса, екінші жағынан, ойдан шығарылған шартты көркем бейнелер. Мыстан кемпір - ежелгі жалмауыз кемпірдің феодализм дәуіріндегі өзгерген түрі. Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ - мифтік сана кезіндегі түсінік бойынша таудың, көлдің, желдің иелері. Бұл образды халық жаңаша көркем символ ретінде пайдаланып, оларға өзінің арман-аңсарын жүктеген. Сөйтіп, адамдардың ұшқыш кілемді армандағаны сияқты, қабілеті мол адамды армандағаны халықтың қиялынан туған десе де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |