Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы соөж тақырыбы:«Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер»
Қазақстан білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы СОӨЖ Тақырыбы:«Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер». Мамандық:6В01701 –Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындау Орындаған: Сайлау Диана 404 топ Қабылдаған: ф.ғ.д. проф. Қосымова Г.
Алматы, 2023
Жоспар: Кіріспе ............................................2
Негізгі бөлім 1.1 Тіліміздегі фузия құбылысы............................3
1.2 Орта және көне түркі жазба ескерткіштері..................5
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Тіліміздегі кейбір сөздердің әуелде қандай бөлшектерден құралғаны бірден аңғарылмайтындай болып кірігіп, бір сөзге айналып кетеді. Оны біз морфологиялық сіңісу, ығысу немесе жылысу деп те айтамыз. Кіріккен сөздердің өзара тұтасып кетеді де, жеке қолданылатын түбір сөздердің түпкі түбірінің көне сөзжасам қосымшалармен тұтасып, жігі білінбейтін бүтін бір сөзге (түбірге) айналады. Мысалы, әкел, әкет деген кіріккен сөздер тіл дамуының көне бір дәуірлерінде алып кел, алып кет деген тіркесте қолданылған сөздер. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қоысмшалары жалғасып, жымдасып кеткен. Қазіргі тілімізде байырғы түбір деп қаралатын толып жатқан бір буынды сөздердің морфологиялық қарапайымдану процесінің нәтижесінде барып қалыптасқан. А.Н.Кононов мұны фузия, яғни жымдасу, Рамстедт сращение деп атайды. Фузияның тағы бір түрі — қазір жеке қолданылмайтын түпкі түбір тұлғалардың көне қосымшаларымен тұтасып, жігі білінбейтін сөзге айналып кетуі. Бүндай сөздердің сырын, құрамын, тарихын этимологиялық тұрғыдан талдау арқылы анықталады. Осы тұрғыдан көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістерге тоқталсақ.