6.2 СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Студенттің оқытушымен өздік жұмысының (СОӨЖ)
мақсаты мен міндеттері
Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. СОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. СОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.
Әрбір СОӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.
СОӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.
Кеңес беру қызметтері:
әрбір пән бойынша студенттердің өздік жұмысына көмек беру;
материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;
студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;
оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;
ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өздік жұмысына көмек беру.
СОӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).
Стилистика және тіл мәдениеті пәні бойынша СОӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.
Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.
Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.
Тақырыптар бойынша конспект жасау
Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.
Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.
Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы,мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.
Реферат дайындау
Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.
Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.
Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.
Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін.
Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.
Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.
6.3 ҚОСЫМША АҚПАРАТТАРМЕН ЖҰМЫС
1. Студенттер сабақ бағдарламасында қарастырған тақырыптар бойынша күнделікті өз білім-біліктерін дамытып отыруы тиіс. Сондықтан газет, журнал, түрлі әдебиеттерден, ғаламтор материалдары бойынша қосымша ақпараттар жинап, аудиторияда қысқаша баяндап беруге дағдылануы тиіс;
2. Жинақталған қосымша ақпараттар өздік жұмыс папкасында жинақталуы тиіс.
6.4 ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР
Эссе – студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).
Эссенің кейбір модификациялары
1) Көршінің сұрағына жауап
Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.
2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе
Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).
3) «Үшбу хат»
Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.
6.5 ЖОБАЛЫҚ /ПРЕЗЕНТАЦИЯ/ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Презентация өткізу жоспары:
/Презентациялар силлабус тақырыптары негізінде болуы қажет/
Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Талаптар:
-қызықты өткізуге аса мән беру;
-презентация барысында\қолды шамадан тыс көп сермемеу;
-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;
- киім киісіне назар аудару;
-өзін салмақты ұстау;
-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;
-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;
- орыс тілін араластырмау;
-презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.
Презентацияға берілетін уақыт: бір студентке 5-7 минут.
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады: жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру; оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс-әрекет ретінде көрінуі.
Оқу процесін ақпараттандыру - жаппай қолға алу, оның ғылыми-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу.
Интерактивті оқыту деп психологияға негізделген адамдардың өзара қарым-қатынасын мен өзара әрекетін айтады.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;
2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруге мүмкіндік туады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Ақпараттық технология – компьютер жадында жазылған педагогикалық бағдарламалық құралдарда бейнеленген формальды мазмұн нобайына негізделеді.
Оқытуды компьютерлендіру - қазіргі білім жүйесінің барлық сипаттарына: мақсатына, міндетіне, мазмұнына, әдістемесіне, технолгиясына белгілі бір әсерін тигізеді.
Ақпараттық технологияның жүйелік параметрі:
а) қолдану деңгейі бойынша-жалпы педагогикалық.
б) философиялық негізі бойынша-бейімделуші + ғылыми технократтық.
в) негізгі даму факторы бойынша-қоғамдық + психогендік.
г) білімді игеру бойынша-ассоциативті-рефленторлы.
д) тұлғалық құрылымға бағдарлануы бойынша-ақпараттық + амалдық
(БЕД + іс әрекет)
е) мазмұны бойынша-кез келген мазмұнға лайық.
ж) танымдық әрекет басқаруы бойынша-компьютерлік
з) ұйымдастыру фомалары бойынша –жеке+топтар
и) оқушымен қарым-қатынасы бойынша-қызметтестік
к) оқыту әдісі бойынша-ақпараттық + амалдық
л) жаңарту бағыты-бойынша-ұйымдастыру және басқарудың нәтижелігі
м) оқушылардың категориясы бойынша-барлық түрлері
Ақпараттық технологияның мақсаты:
1. Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, коммуникативті қабілеттерін дамыту;
2. Ақпаратты қоғам тұрғысын қалыптастыру;
3. Оқушыға игере алатын,мүмкіндігінше мол материал беру;
4. Зерттеушілік ебдейліктері мен дұрыс шешім табу дағдыларын қалыптастыру.
Ақпараттық технологияның тұжырымдамасы:
Оқыту - баланың компьютермен қарым-қатынасы. Бейімділік принципі - компьютерді бала ерекшелігіне бейімдеп оқытудың диалогты сипаты;
Басқарымдылығы: оқу үрдісін мұғалім кез келген уақытта өзгерте алуы;
Жеке және топтап оқытуды дұрыс үйлестіру: компьютермен жұмыс істейтін оқушының психологиялық көңіл күйі жақсы болуы;
Шектеусіз оқыту: оқыту мазмұны оның талқылану және қолданылу аясы шектеусіз болуы.
Ақпараттық технологияның әдістемелік ерекшеліктері:
Компьютерлік оқыту құралдары интерактивті (өзара белсенді), олар мұғалімнің не оқушының әрекетіне жауап бере алады.
Компьютерлі оқыту құралдары оқушымен өзара қатынасқа түсе алуы ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютер білім беру үрдісінің барлық көздерінде қолданыла алады: жаңа тақырыпты түсіндіргенде, бекіткенде, қайталауда, БЕД-н (білім, дағды) бақылағанда.
Қатысу деп – компьютерлік оқыту құралдарын жасау мен қолдану әдістемесін, ақпараттық технологияларға негізделген оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын, жаңа ақпараттық технологиялардың қажеттігін анықтай білуді, әдіскер немесе автор есебінде компьютер оқыту құралдарын жасауға қатысуды айтады. Оқу әдістемесі оқу материалымен ғана емес, компьютерлі бағдарламалардың модельдері және алгоритмдерімен де, терең байланыста болуы керек.
Интерактивті құралдарды сабақта пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- алған білімді жүйелеу;
- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- оқушыға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) - бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Информатика – адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән.
Бейнелік ақпарат – табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттар.
Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.
10 ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ГРАФИГІ
№
|
Бақылау түрі
|
Апталар
|
Қорыт.
балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16-17
|
|
1
|
Сабаққа қатысу және белсенділік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Тест тапсырмалары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
СӨЖ: Үй тапсырмалары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Топтық жоба және презентация
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Аралық емтихан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Қорытынды емтихан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
100
|
4. Пәнді оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы
«Білім берудегі жаңа технологиялар»
№ р/с
|
Пән атауы
|
Студент саны
|
Әдебиеттер (аты, авторы, жылы)
|
Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (аты, авторы, жылы)*
|
Дана
|
1
|
Білім берудегі жаңа технологиялар
|
20
|
Бітібаева, Қ.О.
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы [Текст]: Оқу құралы / Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева.- Астана: Дарын, 2012.- 271 с.
|
Қазіргі кезең әдебиетін инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытудың тиімді жолдары [Мәтін]: Монография / Ж.Б. Абдуалиева.- Тараз, 2010.- 185 б.
|
1/1
|
|
|
|
Балапанов, Е.Қ.
Жаңа Информациялық Технологиялар: Информатикадан 30 сабақ [Мәтін] / Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов.- Алматы: ЖТИ, 2009.- 408 б.
|
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 15 жылдығына арналған "Білім және ғылым саласындағы инновациялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері [Мәтін] = Труды Международной научно-практической конференции "Инновации в образовании и науке" посвященной 20-летию Независимости РК и 15-летию университета им. С.Демиреля: Сборник.- Алматы: СДУ, 2011.- 631 б.
|
1/28
|
|
|
|
Садвакасова, З.М.
Социально-педагогические технологии в организациях образования [Текст]: Учебно-методическое пособие / З.М. Садвакасова, А.К. Асубаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.- 304 с.
|
Қазіргі шеттілдік білім беру инновациялары: тәжірибесі, мәселелері және келешегі [Мәтін]: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары = Инновации современного тноязычного образования: опыт, проблемы, перспективы / К.У.Кунакова.- Алматы: Абылай хан атындағы қазақ ХҚ және ӘТУ, 2013.- 511 б.
|
10/1
|
|
|
|
Мамаев, Қ.С.
Информатиканың теориялық негіздері [Мәтін] / Қ.С. Мамаев, Ш.И. Айдосов, Н.Қ. Серікбаев.- Шымкент: Әлем, 2013.- 200 б.
|
Құрманова, Н.
Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы [Мәтін]: Монография / Н. Құрманова.- Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007.- 140 б.
|
40/2
|
|
|
|
Мусабаева, Ж.
Кредиттік техналогия жүйесінде болашақ мұғалімдерді арнайы пәндер арқылы даярлаудың жаңа моделі [Мәтін] / Жамиля Мусабаева; Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдиевич.- Алматы, 2013.- 87 б.
|
|
1
|
|
|
|
Рысбеков, Б.
Оқушылардың білімдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік жолдары [Мәтін] / Бахытжан Рысбеков; Kанлыбаев Курманали.- Алматы, 2013.- 89 б.
|
|
1
|
|
|
|
Білім берудегі жаңа технологиялар [Мәтін]: Оқу құралы / А.Б. Айтбаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.- 162 б.
|
|
15
|
|
|
|
Бидайбеков, Е.Ы.
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері [Мәтін]: Оқулық / Е.Ы. Бидайбеков; Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов.- Алматы: Дәуір, 2014.- 352 б.
|
|
20
|
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1- тақырып: Ғылымдағы инновация түсінігі.
Сабақтың мақсаты: Білім мен ғылымдағы инновациялар мен жаңа технологиялардың орнын айқындау.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. АғылшыншаInnovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Intel компониясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran-ның пікірінше инновацияның үш түрі бар:
1. Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып, түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы адамзат тарихында лампаның тапқырлануы, сандық технологияның тапқырлануы;
2. Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы бәлім саланы, мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені бұрынғысынан тіпті де керемет ету.. Мысалы, Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.
3. Жаңаша қолдану. Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.
Келесі сабақ тапсырмасы:
Білім беру процесіндегі инновациялық технологиялардың рөлі қандай?
Қандай жаңа технологиялардың түрлерін білім беру үрдісінде пайлануға болады?
Инновация ұғымы тағы қандай салаларда қолданылады?
Әдебиеттер:
Красильникова В.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – М.: Дом педагогики, 2006.
Информационные и коммуникационные технологии в образовании :
монография / Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. : ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 320 стр.
2-тақырып: АКТ ұғымы. АКТ-ның әлеуметтік-тұрмыстық қолданысы. АКТ ғылым саласында.
Сабақтың мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың білім саласындағы маңызын көрсету.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі «inter»-бірлесу, «act»-әрекет) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Келесі сабақ тапсырмасы:
Білім беруде АКТ-ның рөлі қандай?
АКТ-ның қандай түрлері бар?
АКТ-ны қолдану арқылы оқытушы қандай мүмкіндіктерге қол жеткізе алады?
Әдебиеттер:
Нургалиев Г.К., Тажигулова А.И. Педагогические технологии информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002.
Жатапова А.А., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. Педагогика ХХІ-го века на пороге школ. – А., 2009.
3-тақырып: АКТ құзыреттілік кәсіби құзыреттіліктің бір бөлшегі ретінде.
Сабақтың мақсаты: АКТ құзыреттілігіне ие маман моделін құрастыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған. Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда. Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау.
Бақылау сұрақтары:
АКТ құзыреттілігіне нелер жатады?
ECDL стандарттарының негізі қандай компоненттерден құралады?
Білім беру саласында жұмыс істейтін маманға қоятын ЮНЕСКО талаптары қандай?
Әдебиеттер:
Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб. для студ. высш. и сред. пед. учеб. заведений. Под ред. С.А.Смирнова. – 4-е изд., испр. – М.: Издат. Центр «Академия», 2000. – 512 стр.
Машбиц В.В. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М., 2005.
4-тақырып: «Ақпараттық мәдениет» ұғымы.
Сабақтың мақсаты: Болашақ білім саласындағы маман ретінде студент бойында «ақпараттық мәдениеттілікті» қалыптастыру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланылатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Оқушылардың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.
Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т.б. адам сезіне білуі керек.Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет. Яғни, ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін бейнелейтін ақпараттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және адамда келесі білім меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет:
Ақпараттың тасымалдануы мен оны сақтау тәсілдерін білу;
Ақпаратты алу үшін ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын білу;
Алынған ақпараттың сипатын бағалай білу;
Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жүйеден ақпарат іздеу, алу тәсілдерін білу;
Өзіңнің ақпаратыңды жасау және сақтау тәсілдерін білу, т.б.
Бақылау сұрақтары:
«Ақпараттық қоқыс» санатына кіретін мәліметтер?
«Ақпараттық мәдениеттілікті» қалай меңгеруге болады?
Әдебиеттер:
Бөлекбаева Қ. Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы). – Алматы, 2007.
Рудик Г.А. Культура умственного труда или 101 техника учения. – Кустанай, 2010.
5-тақырып: Электрондық ресурстар. Олардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Электрондық ресурстардың түрлерін ажырату және бір-бірінен айырмашылықтарын түсіну.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеті де, дүниежүзіндегі көптеген дамыған елдердегідей: өркениетті дамытудың бірден-бір маңызды стратегиялық мәселесі ретінде білімді ақпараттандыру қағидасына ерекше назар аударуда. Қазақстандағы білім саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттің тың саясаты да осының дәлелі іспеттес.
Қазақстан Ресбуликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: «…білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» - деп атап көрсеткен. Білім беруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану мен енгізу мәселелері Қазақстанның және шет аймақтардың педагогикалық зерттеулерінде қаралуда. Осындай мәселелер С.А. Жданов, А.А. Абдукадыров, Б.С. Ахметов, Т.О. Балықбаев, С.А. Бешенкова, Н.Х. Розов, Е.Ы. Бидайбеков, Ю.А. Первин, Н.Ф. Талызин, Н.Д. Угринович және т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Бұл еңбектерде оқу құралы ретінде қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру мен компьютерлерді қолдануда мамандарды дайындаудың қарқындылығы өсетіндігін көрсетілген.
Информатиканы оқытудың электрондық құралдары М.Н. Алексеев, С.Г. Григорьев, Л.Б. Рахимжанова, И.Н. Скопин, Н.А. Талпаков, Т. Хакимова және басқа да ғалымдардың жұмыстарында кездеседі . Республикада білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңінің ерекшелігі ретінде оқу процесінде қолданылатын әртүрлі электрондық құралдар мен ресурстарды, яғни электрондық анықтамалар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, студенттер білімін бақылаудың автоматтандырылған құралдары, электрондық оқулықтар және бағдарламалық-әдістемелік кешендерге біріктірілген тренажерларды игеруге ұмтылу басты мақсат болып отыр.
Е.Ы. Бидайбеков, С.Г. Григорьев және В.В. Гриншкун ұсынған білім беру электрондық ресурстарын тек білім саласында ғана емес, барлық салада қолданылатын электрондық ресурстардың жалпы түсінігі арқылы екі кезеңмен анықтаудың тәсілдері бар. Бұл жағдайда электрондық ресурстар ретінде графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, музыкалық, видео-, фото- және басқа да ақпараттардың жиынтығы деп қарастыру ұсынылған. Бір электрондық ресурста ақпараттық немесе ақпаратты-анықтамалық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары бөліп көрсетілуі мүмкін. Электрондық ресурс кез-келген электрондық тасымалдағышта орындалуы мүмкін, сонымен бірге электрондық компьютерлік жүйеде жариялануы мүмкін. Электрондық ресурстарды төмендегідей жіктеуге болады:
Электрондық ресурстардың жасалу мәселері
1) Электрондық ресурстарға қойылатын талаптарды орындау;
2) Электрондық ресурстарды жасау үшін көптеген мамандардың қатысуы;
3) Сапалы электрондық ресурстарды жасауға көп уақытты жұмсауы;
4) Электрондық ресурстарды жасауға қажетті бағдарламалық жабдықтарды жетік білмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |