Философия ғылымдардың атасы. Қазіргі күні бізге жеткен ғылым алыптары (физика, логика, механика т б.) дәл осы философияның балалары іспеттес



бет1/2
Дата13.09.2022
өлшемі17,29 Kb.
#149406
  1   2
Байланысты:
Философияның Адам рөліндегі орны
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R

Философия – ғылымдардың атасы. Қазіргі күні бізге жеткен ғылым алыптары (физика, логика, механика т.б.) дәл осы философияның балалары іспеттес.
“Философия сөзі теология мен ғылымның арасындағы нәрсе” деп Б.Рассел айтқандай, бұл ғылым дінге де ғылымға да жақын болғанымен, оларға ұқсамайтын, өзінің зерттеу объектісі бар ілім. Ол объект - адам. Сондықтан, қоғамның әр мүшесі үшін философияның рөлі маңызды деп ойлаймын.
Философияның басты мақсаттарының бірі өмір мәселесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда философия адам үшін, бүкіл қоғам үшін өте маңызды болып табылады деп ойлаймын. Меніңше, қоғам әлі күнге дейін оның адам өміріндегі маңызын жете түсінбеген. Күнделікті өмірде адамға философиялық ой, философиялық сөзді тұжырамдап айтатын болсақ ештеңке естімегендей кейіп танытады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Қазіргі заманда адамдар күнделікті өмірдің қарбалас ісіне басымен кіргендігі соншалық, тіпті көшедегі кез-келген адамнан не үшін өмір сүріп жүрсің, өмірлік мақсатын не деген сұрақ қойсан, жауап таба алмай қалады. Ал философия болса адам жанының айнасы, оның сөздігі емес пе?! Тура жолға тұру үшін, өмірдің мәнін білу үшін ең алдымен өзіндік менді түсіну керек деп ойлаймын. Ал оны тікелей философия қарастырады.
Философияны ұғу – өмірді ұғу, оны түсіну. Бұл ғылым адам, қоғамға берері мол асыл сандық тәрізді. Кез-келген адам оның кілтін таба бермейді, ал тапқан адам нағыз бақытқа жол ашады. Меніңше, өз-өзіңді түсіну, өзгелерді түсіну, өмірдегі орныңды білу бұл нағыз бақыт. Демек, философияны оқу – бақытқа апаратын жол.
Қоғамда философтардың рөлі ерекше. Философ болу адамның мамандығына, оның ұлтына, жасына байланысты емес. Ежелгі грек философтарының бірі Пифагор “Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары көру үшін келеді”. Менің ойымша, өмірде де солай - біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған. Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет