АЛҒЫ СӨЗ Курстың қысқаша сипаттамасы: “Психология” курсын оқу мен зерттеу барысында алынған білімдер адамдармен, ұжыммен сәтті өзара қарым-қатынас жасай алуды құру үшін қажет. Адам өзін терең тануға және басқаларды жақсы тануға, өмір мен жұмыстың жаңа шарттарына сәтті бейімделуге, нәтижесінде табысты өмір мен сәтті кәсіби іс-әрекетті жасай алу үшін аса қажетті курс болып табылады.
Курстың мақсаты "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.