Философия үнді философиясы



Pdf көрінісі
Дата12.10.2023
өлшемі149,74 Kb.
#185037
Байланысты:
Философия үнді философиясы2



Үнді философиясы
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті 
Спорт жəне өнер факультеті 
Орындаған:Бақытжан Д 
Тобы:Мдш212 
Қабылдаған:Кузембаева С


Кіріспе
Философия — барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол — үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының 
жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пəнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бəрі 
де бағалайды. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес одағындағы барлық республикаларда коммунистік идеология 
жеке-дара үстемдік құрып тұрған кезде орта, арнаулы орта жəне жоғарғы оқу орындарында философия 
марксизмнің үш негізінің бірі — маркстік-лениндік философия тұрғысынан ғана оқытылды. Сондықтан 
философияның негіздері, заңдары мен категорияларына, əлемдік философия дамуының тарихында 
дүниеге келген түрлі философиялық ағымдар мен бағыттарға сыңаржақ көзқарас үстем болып, дəлірек 
айтқанда, оларға тек маркстік-лениндік əдістеме тұрғысынан баға беріліп келді. Əрине, марксизм де — 
əлемдік философия дамуынан өзіне лайықты орын алатын ілім, сондықтан оны философия тарихынан 
мүлде сызып тастауға болмайды. Мəселе оны үстем философиялық ғылым ретінде қарастырмай, дүние 
жүзілік философиялық ой-сананың дамуы контексінде қарастыруда. Егер бұрынғы Кеңес дəуірінде 
философтар əйтеуір оның үстемдігін, бірден-бір дұрыстығын дəлелдеуге тырысып келсе, ендігі мақсат — 
оның əдістемелік негізін, ұстаған бағыт-бағдарын, ішкі мəнін талдау арқылы марксизм-ленинизмнің қасаң 
қағидаға, догматизмге негізделгендігін, қате-кемшіліктерін ашып көрсету. Сонымен қатар оның бүгінгі 
қоғамдық дамудың қажетіне жарайтын тұстарын да шығармашылықпен дамытып, ғылым игілігіне 
айналдыру.


Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның 
орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: 
брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (əскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) жəне шудралар 
(құлдар). Əр варна тұйықталған əлеуметтік топ болды да, əрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды жəне 
өздеріне ғана тəн дəстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, 
кшатрииларға — əскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кəсібі, саудагерлік тисе, 
шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, əлеуметтік қатынастарға сай келетін 
мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мəдениетінің 
ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: І.Самхит—
құдайларға арналған гимндер жинағы. 2. Брахман-самхитті түсіндіретін əр түрлі мифологиялық əңгімелер. 
3. Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тəн ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап 
құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас. 4.Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" 
дəстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы 
жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі — Брахман—бар əлемнің 
генетикалық, түпнегіздік бастамасы жəне олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі — 
қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, 
қозғалыста болады жəне ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі — жалкы. Кейбір жағдайларда 
брахманмен қатар, синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады.


Үнді пəлсапасы б.з.д. II жəне I мыңжылдықтың бас кезінде, 
арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, 
олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың 
құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің 
пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында 
раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы 
ақсүйектердің билігіне жəне рулық абыздық билікке тірелді. 
Ежелгі Үндістан қоғамының əлеуметтік стратификациялануын 
төмендегідей сипаттауға болады:Варналар - топтар Варналардың 
өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Əскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна


Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай 
ықпал етті жəне білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал 
етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, 
дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар 
болды. Б.з.д. II жəне I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, жəне адамзаттың əдеби ескерткіштерінің 
ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мəдениетінің дамуына, оның 
ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен 
аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар 
əнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық 
көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі жəне адамгершілік туралы алғашқы 
философиялық түсінігі берілген.


Вайшешика
Өңдеу
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген 
мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» 
деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.
д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл 
дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі 
арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт 
түрлері – жердің, ауаның оттың жəне судың атомдар 
байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай 
тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп 
атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда 
болуы мен жойылу тəртібін, олардың мəңгі еместігін 
түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын 
сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана 
түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер 
мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі 
тəртіпті мораль, адамгершілік тəртібі дерлік. Өйткені 
өмір мен əрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен 
уақыттың физикалық заңдарына ғана тəуелді емес, 
олар карманың жалпылама моральдық заңына да 
бағынышты


Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта 
Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі 
ақиқат ілім негізделген.
Азаптану.
Азаптанудың себебі.
Азаптанудан босану.
Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің жəне нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген 
Будда сөзіне сену;
Тура, əділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-əрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмəнді нəрсені қудалап, жағымдыны 
жалғастыру;
Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі жəне төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе 
шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.


Пайдаланылған əдебиеттер 
Wikipedia.org 
Google.kz 
Strudel.kz 
Qowert.org


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет