Философия негізіндегі тәрбие


Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-сөйлеу дамуының педагогикалық жүйесі



бет20/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
2 аралық бақылау

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-сөйлеу дамуының педагогикалық жүйесі.

Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым-қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнін соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтінді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғынықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жалпы мектепке дейінгі кезеңде бала үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің

барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады.

Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым қатынас кезінде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелі сөйлеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым-қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.

6 жасқа келгенде баланың сөйлеуі жоғары сатыға көтеріліп,сөздік қорының саны күрделеніп, өз ана тіліндегі сөйлеудің ерекшеліктерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгілердің тілді меңгерудегі ең негізгі ерекшелігі дұрыс сөйлеу ережесін жаттап отырмайды, ешқандай теорияға мән бермейді, зат есім, сын есім, жұрнақ, жалғаудан бейхабар болады. Мектеп жасына дейінгі балалар күнделікті сөйлеуді өзінің айналасындағылармен қарым-қатынас кезінде үлкендерге еліктей отырып, үйренеді. Сондықтан да баламен қарым-қатынас жасағанда дұрыс сөйлесіп, түсінікті тілде жауаптар қайтарған жөн. Осы жастағы баланың актив сөзінен

пассив сөзі басым болады. Бала сөзді естігені бойынша айтады. Баланың тілдік қабілетін жетілдіруде тәрбиешінің рөлі ерекше. Мысалы, бала тәрбиешінің әр сөзінің интонациясы мен дикциясына еліктеп сөзді қайталайды. Бала 7 жасқа келгенде үлкендермен қарым-қатынасының нәтежиесінде ситуациялық сөзді меңгереді.

Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз.

Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап әңгіменің мазмұнын өзі құрастырып, айтып бере алады. Соның нәтежиесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды.

Мектеп жасына дейінгілер ең алдымен дауысты дыбыстарды сонан соң дауыссыз, үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде балаға –з.-м, -ж,

-с, -ш; сияқты ашық дауыссыз дыбыстарды ызыңдап, ысылдап, ышылдап айтылатын дыбыстарды айту қиындыққа түседі. Осы кезде –р дыбысын –л немесе и дыбысына ауыстырып айтады. Шамамен алғанда баланың сөздік қоры 2 жаста 300-400, 3 жасында 1000-1500, 4 жасында 1600-1800, 5 жасында 2000-2200, 6 жасында 3400- 5000 ға дейін болады.

Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп болады. Кейіннен есімдіктер мен етістіктер және тағы басқа сөз таптарын қолдана бастайды.



Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы мен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет