4.Ерте және мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың дамуы мен ойыны.
Ойын – күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н.П. Аникеева, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин және т.б.).
Ойын дегеніміз не? «Ойын», «ойын әрекеті» ұғымдарының мазмұнына анықтама өте көп. Ойын, зерттеушілер атап көрсеткендей, шынайы өмірді бейнелеу жағынан да және оны жүзеге асыру тәсілдері жағынан да әлеуметті. Ойын әрекетін, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, Н.А. Короткова, Н.Я. Михайленко, Д.В. Менджерицкая тұжырымдарына сәйкес, бала жасамайды, үлкендердің көрсетуімен болады, олар баланы ойнауға үйретеді, ойын амалдарының қоғамда қалыптасқан тәсілдерімен таныстырады. Үлкендермен қарым-қатынаста әртүрлі ойындардың техникасын меңгеру арқылы, бала ойын тәсілдерін түсініп басқа жағдаяттары қолданады. Ойын қозғалыс әрекеті, ол баланың өзіндік шығармашылық түріне айналады, ал бұл оның дамуы үшін тиімді себеп болады.
Сонымен, ойынның мектеп жасына дейінгі баланың жетекші ісәрекеті ретінде баланың психикалық дамуында өте үлкен маңызы бар. Ойын әрқашан педагогтар мен психологтардың назарынан тыс қалған емес. Балалар ойыны саласындағы көрнекті психологтар, теоретиктер Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин. Педагогикада ойын теориясын белсенді түрде қарастырған К.Д. Ушинский, Р.И. Жуковская, Н.Я. Михайленко, Н.А. Короткова, С.А. Шмакова және т.б.
Түрлі ойындардың маңызы мен оларды дамыту жолдарын қарастырған В.Н. Аванесова, Н.В. Артемова, З.М. Богуславская, Н.Я. Михайленко, Е.Н. Радина, И. Сорокина және т.б.
Көркем өнерге тәрбиедеудегі ойынның маңызын Н.А. Ветлугина, Н.П. Сакулина және т.б. зерттеген. Шетелдік психология мен педагогикада ойынның ерекшеліктерін Э. Берн, Д.Дьюи, Ж. Пиаже, З. Фрейд, Э. Фромм, И. Хейнзорге өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың еңбектерінде әрекет ретінде ойынның мәнін, тұлға онтогенезіндегі оның рөлін, әлеуметтендіру процесінде – адамның қоғамдық тәжірибені меңгеру және пайдалану орнын түсінудің түрлі тұжырымдамалары баяндалған.
Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.
Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің ерекшеліктері болады.
Балалардың ойынында еркіндігі мен өзіндік жұмыс істей алуы баланың қалауымен болады. Бала ойынды тікелей ынталылықтан, сұраныстан бастайды. Ойын қанағаттанғандық сезімін алу үшін ойналады, ойынның мотиві – өзі үшін шындықтың маңызды жақтарын бастан өткізу (С. Л. Рубинштейн). Еркіндік және өз беттілік ойынды, оның мазмұнын, рөлдерді, басқа балалармен бірлесуде еріктілікті, ойынға кіру және шығу еркіндігін таңдағанда көрінеді.
Ойын үшін іс-қимылын, әрекетін, ойынға қатысушылардың тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ережелермен реттеледі. Әр ойында ереже әртүрлі (ойын амалының реті, тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді.
Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы – бала ойында шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді – өкпе, қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер – оң болады.
Ойынның іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей (сурет салу, еңбек, музыкалық) айқын материалдық нәтижесі болмайды. Ойынның құндылығы – жастарына қарай жан-жақты дамыту мүмкіншілігінде, диагностикалық, психотерапевтік, көңіл сергіту құралдары болуында.
Ойында балалардың арасындағы екі түрлі қарым-қатынас байқалады:
ойын мазмұнымен, ережесімен анықталатын ойын қарымқатынасы;
ойын үстінде көрінетін нақты қарым-қатынас (ойынға келісім жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені қою).
Олар балалар қоғамын ұйымдастырудың негізі болады, ол өз кезегінде ойынды олардың өмірін ұйымдастыру түрі етеді. Ойынның мазмұнын көрсететін тура немесе қосымша ережелердің болуы оны дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді.
Ойында өзінің ішкі мазмұнына қарай жеке адам үшін маңызды мақсаты бар амалдар жасалады.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі бала ойынының әрекет ретіндегі жалпы ерекшеліктерін бөліп көрсеттік. Ойынның әрбір түрінде өзінің әлеуеті мен ерекше белгілері бар, олар оларды бірінен бірін айырып тұрады. Сонымен бірге жалпы белгілер педагогтар мен ата-аналарға балалармен ойын әрекетін ұйымдастыру және дамыту тәсілдерінде бағдар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |