Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/



бет28/39
Дата07.02.2022
өлшемі407,5 Kb.
#86909
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
77f620ea-3691-11e3-a987-f6d299da70eeформа-3

Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/.

Оқущылардың жас шамасын ескере отырып қазақ халқының бай тарихынан /әдебиет, сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді, спорт ойындары, ән-күй, тәлім-тәрбие тарихы т.б./ жүйелі мәлімет беру. Ұлттық санасын азаматтығының негіздерін қалыптастыру.
Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы бар».
Мектептегі тәрбие жүйесінің екінші бөлімі – арнайы тәрбие. Бұл түрлі әдіс-тәсілдерге, баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына негізделген оқытудағы тәрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы.

  • Халықтың, мәдениетін, өнерін, ғылымының тарихи даму негіздерін зерттеу;

  • Отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені байланыстыра отырып жаңа мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері», «Қол өнері», «ұлттық ойындар», «сөз хат», «Шежіре», «Шешендік өнер», т.б. үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.

  • Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу;

  • «Әкелер», «әжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін ұйымдастыру;

  • Үй шаруасы сабағын ұлттық тәрбие кезіне айналдыру.

  • Ата тарихын зерттеу, зерделеу. Сол арқылы баланы ел тарихына, өз әулетіне, тегіне үңілуге баулу;

  • Тарихи-этнографиялық орындарда/ұлы жібек жолы, жоңғар қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру.

  • Ғылым, мәдениет қайраткерлерімен, көпті көрген қариялармен кездесу кештері, пікір алысу.

  • Жоғары кластарда халықтың ауыз әдебиеті үлгілері, шежірелері бойынша шығармашылық сайыстары өткізуді дәстүрге айналдыру;

  • Киноклубтар жұмыстарын жандандыру;

  • Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру;

  • Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті күшейту мақсатында «Халық педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру.

Қазақ мектептеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие жұмысының бағдарламасын айтқанда әсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық, ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми-педагогикалық және методикалық бағдарлама болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын/штабын/ құру. «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық /творчествалық/ - көріністік ойындарын өткізу, өз Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін /значогін/, ұлттық киім формасын және өзге рәсімдік-символдық белгілерді иелену әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер ашу.
Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан тұрады. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этномәдениеті, этностық тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық ағарту-тәрбие процестерін кешенді /комплексті/ түрде қарастырған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептерден тыс мекемелерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен училищелерінде іс-әрекет етуші штабтар-«Атамекен» ордасы құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1-4 класс «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 кластар-«Мұрагер» бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай және тілектеріне қарай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып салтанатты және дәстүрлі түрде жалғастырылып отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады.
Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рәсімдік символдық елтаңбасын /эмблемасын/ иеленеді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет