«Философия» пәні бойынша бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus)



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата26.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#166491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
80578e2c289cf8b674d102a4c2427411
Документ (2), 325793.pptx
 
 3 Тақырып. Сана, рух және тіл. 
Жан, ақыл, түйсік, рух. Антика философиядағы рух пен түйсіктің 
космологизмі. Аристотель «Жан туралы». Фәлсафа дәстүріндегі 
рух ұғымы: Ибн Сина рух туралы. Ортағасыр дәуірінде жан мен 
рухтың теологиялық түсіндірмесі. Сананың гносеологиялық 
модельдері. Жаңа заман философиядағы тума идеялар 
концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық 
философиясындағы 
сананың 
трансценденттік 
негіздері. 
Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім жаны туралы. Адамның жаны 
мен рухани белсенділігінің табиғаты. Тәндік және руханилық. 
Сана онтологиялық мәселе ретінде. Сана фактілері. Сана 
феномені. Сана қалыптастыруды анықтайтын факторлар. 
Антропосоциогенез. Сананың мәні мен қалыптасуы: негізгі 
концепциялар. Шығыс философиясында сана мәселесі. Сана 
құрылымы. Бейсаналылық, сана, жоғарғы сана. Философиядағы 
бейсаналықтың негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг). Сана 


14 
постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. 
Делез). Сана мен өзіндік сана. Сана және ұлттық сана. Заманауи 
Қазақстанның рухани жаңғыруы контексіндегі ұлттық өзіндік 
сана. 
Ойлау және тіл. М. Қашқаридің тіл философиясы. ХХ ғасыр 
философиясындағы 
«лингвистикалық 
бұрылыс»: 
сана 
философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық және 
структуралистік интерпретация). Тіл және ұлт. Қазақ тілін латын 
әліпбиіне көшіру - қазақ халқының рухани жаңаруындағы 
өркениеттік бұрылыс.
Қолданылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 14, 15, 17, 23, 24, 
42, 43, 44, 45 
4 Тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика. 
Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология – болмыс 
туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы. Болмыс
және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері.
Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс 
мәселелері. Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа 
заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, 
Б.Спиноза, 
Г.Лейбниц). 
М.Хайдеггердің 
«фундаменталды 
онтологиясы» (Dasein). «Материя» ұғымы. Материалдық әлем 
болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Философияның негізгі
ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, 
жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп,
салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс
және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай 
дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.
«Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея 
және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты 
философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 14, 15, 17, 23, 24, 
42, 43, 44, 45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет