«Философия» пәні бойынша бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus)


 Тақырып. Таным және шығармашылық



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата26.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#166491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
80578e2c289cf8b674d102a4c2427411
Документ (2), 325793.pptx
 
5 Тақырып. Таным және шығармашылық. 
Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық 
концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі 
мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің 


15 
түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм 
және агностицизм. Милет ойшылдарының натурфилософиясы 
және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. 
И.Канттың 
классикалық 
агностицизмі. 
Г.Гегельдің 
диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиядағы 
оның маңызы. К.Ясперстің «Мен – адамилық деңгейлердің 
концепциясы», К.Поппердің «субъектсіз» эпистемологиясы.
Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі 
Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі. Ақиқаттың әртүрлі 
тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік 
және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және 
эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және 
теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық 
және интуиция. 
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 14, 15, 17, 23, 25, 
42, 43, 44, 45. 
 
6 Тақырып. Білім, ғылым, техника және технологиялар. 
Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс 
мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және 
ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің 
демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім
қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау. Ғылымдардың 
классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, 
О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылыми философиясы.
Қоғам өміріндегі ғылымның ролін бағалаудағы қайшылықтар. 
Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай 
Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді адам» моделі. 
Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму 
болашағы мәселелері. Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан 
ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің 
дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа 
оқулық» жобасының үлесі. 
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 14, 15, 17, 23, 25, 
42, 43, 44, 45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет