Философия пәні бойынша ІІ аралық бақылауға арналған бақылау жұмысы



бет1/3
Дата11.05.2022
өлшемі108,47 Kb.
#142727
  1   2   3
Байланысты:
Философия РК2


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақ ұлттық өнер академиясы. Жүргенов Т.
"Сән және Костюм дизайны" кафедрасы


"Философия" пәні бойынша


ІІ - аралық бақылауға арналған бақылау жұмысы

Орындаған: Жунис Алуа


2-курс
Факультет: Кескіндеме, мүсін және дизайн
Мамандығы: сән және Костюм дизайны
Қабылдады: Божбанбаев Б.М

Алматы-2022



Мазмұны:


1. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
2.М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы
3.Ислам. Исламның қалыптасуы

1. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.

Философия өмірдің мағынасы туралы. Адам мен адамзаттың алдында барлық уақыттарада тұрған толып жатқан проблемалардың ең мәнділерінің бірі – ол өмірдің мағынасы мәселесі. Қалай өмір сүру керек? Не үшін өмір сүру керек? Бұл сұрақатар адамдарды барлық тарихи дәуірлерде тоғандырған. Оларды сезіну мен дұрыс түсіну адамға мінез-құлық пен қызметте сенімді бағдар береді, өз күшіне сенімділікті арттырады, өмірінің мақсаттары мен құндылықтарына тиісті қатынастарын жасақтауға жағдай жасайды Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық (құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтік-құндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей», қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі. Өмірдің мағынасы неде? Бұл сұрақты түсінуге және осыған сәйкес оны шешуге философтар екі түрлі: жеке алынған адамның көзқарасы және рулық жаратылыс, адамзат ретіндегі адамның көзқарасы тұрғысынан келеді. Бірінші түсінуде өмірдің мағынасы – жеке адамның бірегей ішкі рухани өмірінің элементі, ол оның өзі үшін қоғамдық құндылықтардың үстемдік етуші жүйелеріне тәуелсіз тұжырымдайтыны. Бұл жерде барлық адам үшін бірыңғай өмір мағынасы туралы айтуға болмайды. Әрбір индивид оны құндылықтарының өзіндік ерекшеліктері мен өз тәжірибесінде ашады.


Сонымен бірге өмір мағынасы адам санасының феномені ретінде де өмір сүреді. Оны іздестіру өмір мағынасы неде екені туралы сұрақты түсінудің екінші қырын білдіреді. Олар адам эволюциясының ұзақ үдерісімен, оның ойлануының рефлексивтік қабілетінің дамуымен , өзіндік сананың қалыптасуымен дайындалады. Өмір мағынасы проблемасын
ұғынудың тарихи бірінші формасы діни түсінімде болды. Жүре келе философия олардың серігі мен тірегіне айналды.
«Өмір мағынасы» категориясы адам өмір сүруінің сапалық жағын сипаттайды. Ол адам үшін жоғары мақсаттар мен құндылықтардың жиынтығын көрсетеді. Сондай-ақ онда адамның тіршілік қарекетіндегі жалпы адамилықтың, тарихилықтың, әлеуметтік-топтылықтың және жекетұлғалықтың диалектикалық өзара байланысы өз өрнегін табады. Адамдар олардан өмір мағынасын көре отырып өздерінің жеке мақсаттарына ұмтылады. Және де көбінде адамға өзінің мақсаттары дүниеге байланысты еместей болып көрінеді. Әрине, мақсаттардың сипаты көп дәрежеде нақты адамға, оның тәжірибесіне, біліміне, қоғамдық жағдайына және т.б. байланысты. Алайда бұл өмір мағынасының таза субъективті нәрсе екендігін әсте білдірмейді. Өйткені адамның мақсаттары ол үшін объективті табиғи және әлеуметтік дүниеден туындайды.
Адам – қоғамдық (әлеуметтік) жаратылыс, ал бүкілқоғамдық өмір – адамдардың өз қызметі. Жеке және қоғамдық міндеттер адам қызметіне енеді, оларды ол өз өмірінің мақсаттары ретінде ұғынады. Міне, осы мақсаттар мен құндылықтардың ұғынылатындығы өмір мағынасының субъективтік жағын, яғни оны адамның өзі қалай көретінін құрайды. Өмір мағынасының объективтік жағы – бұл оны қоғамның қалай көретіндігі. Қоғам адамның өз өмірінің мағынасын оның (қоғамның) стратегиялық мақсаттарына барынша қолдау жасауынан көруіне мүдделі, алайда бұл ретте адам, тіпті гуманистік мақсаттарға қол жеткізуде болсын, құрал ретінде ғана пайдаланылмауы тиіс.
Өмір мағынасы туралы айтқан кезде, әдетте, өмірдегі қандай да бір басты, негізгі, неғұрлым маңызды мақсат еске түседі. Адам өмірінің мағынасындағы бастыны, негізгіні бөліп көрсету тұрмыстың ұсақ- түйектеріне мән бермеуге, өз күшін аса маңызды мақсатты шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. Егер бұл мақсатты оның барынша жалпыланғандығында қарайтын болсақ, онда адамзаттың бүкіл тарихында, соған сәйкес философиялық ой тарихында өмір мағынасының бір-біріне қарама-қарсы екі тұғырнамасы байқалады. Бұл қарама-қайшылық былайша: «ие болу» немесе «болу» нұсқасында тұжырымдалуы мүмкін.
Демек, барша тіршілік иесінің белгілі бір уақыт мөлшері аралығындағы іс- әрекетінің аяқталуы – ажалмен астасу. Сол себепті де батыстық ойшылдар да. Шығыс классиктері де, қазақ ақын-жыраулары да адам тіршілігінің ақиқатты болып табылатын өмірің жарқын тұсатары мен өмірлік мән-мағына және өлім феномені жайлы тоқтаусыз толғанып, осы мәселенің төңірегіндегі мәндімағыналы тұжырымдарын берген. Бұл тұжырымдар әрбір адамға өмірді мән-мағыналық тұрғыдан саралауға, өмірді мән мен өнегелі істермен толтыруға бағыттайтын құнды дүние болып табылады, яғни өмір құндылық ретінде бағаланып, ажал адам мойндауы керекті тіршіліктің соңғы ақиқаты екендігін көрсетеді..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет