Философия пәні бойынша сырттай бөлімде оқитын студенттерге арналған емтихан тесттері



бет6/6
Дата04.01.2022
өлшемі191,5 Kb.
#109338
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия. Тесты для студентов всех спец. заочн.ообучения

V – нұсқа
1 Философияның қай анықтамасы дұрыс әрі толық

A) философия – бұл логикалық тіл ілімі

B) философия – бұл ғылымдардың ғылымы

C) философия – бұл әлем жүйесі туралы жалпы түсінік, дүниетанымның теориялық негізі

Д) философия – бар болу мен болмыс, материя мен сана, өнер мен өмір туралы ілім

E) философия – даналықты сүйемін.

2 Дүниетаным типтерінің тарихи тізбегі

A) Философия, аңыз, дін B) Аңыз, философия, дін C) Дін, философия, аңыз

Д) Философия, дін, аңыз E) Аңыз, дін, философия

3 Әлем негізі екі бастама: материя және идеядан тұрады деген философиялық ағым

A) дуализм B) идеализм C) монизм Д) плюрализм E) скептицизм

4 Ежелгі үнділік діни-философиялық ілім, қазіргі әлемдік діндердің бірі

А) буддизм В) чарвак-локаята С) брахманизм Д) йога Е) джайнизм

5 Үнді философиясындағы басты идеясы «Орта жол « болған ілім

A) даосизм B) моизм С) жайнизм Д) буддизм Е) легистер

6 Үндістанның қандай мектебінде карма заңы мойындалмайды

А) веданта В) ньяя C) миманса Д) чарвак E) джайнизм

7 Көне қытай Фа – цзя (заң) мектебі философиясының теориясы жетілуі неге негізделген?

A) миф B) культ C) табу Д) ритуал E) церемония

8 Лао-Цзы қандай ғылымның негізін қалаушы?

А) моизм В) даосизм С) конфуцизм Д) фа-цзя Е) жайнизм

9 Конфуцийдің философиясындағы қайырымдылықтың орталық принципі

A) азаптан құтылу B) «алтын орта» жолы C) құдайларға жақындау жолы

Д) қажеттіліктерді қанағаттандыру E) әр адамға өзіндік жол

10 Мына пікірді айтқан антик ойшылының атын атаңыз «Барлығы ағыста, барлығы өзгерісте ...»

A) Фалес B) Демокрит C) Гераклит Д) Зенон E) Сократ

11 Майевитикалық танымның ерекше әдісін антик философтарының қайсысы жасады?

А) Платон B) Сократ C) Аристотель Д) Демокрит E) Эпикур

12 Орта ғасыр философиясының ерекшелігін көрсетіңіз

A) сенім және ақыл қатынасы;

B) таным ізденістеріндегі эксперименталдық әдіс;

C) бірлік жетістіктері;

D) өлімді жеңу және өлгендерді тірілту;

E) болмыс және сана мәселерінің жеңісі.

13 Орта ғасыр философия бағыты, жалпы мағанасы реалды тұрғыда маңызды және барлығын бір нәрсе деп түсіндіру

A) креационизм B) пантеизм C) номинализм Д) теоцентризм E) реализм

14 Фома Аквинскийдің діни – философиялық жүйесі қай ілімнің негізінде құрылды?

А) аристотелизм В) платонизм С) эпикуреизм Д) стоицизм Е) софизм

15 Екі жақты ақиқат бар деуші араб философы

А) Әл –Фараби В) Әл –Бируни С) Әл –Ғазали Д) Ибн Сина Е) Ибн Рушд

16 Әл-Фараби қай философтың еңбегін араб тіліне аударып, оларға түсініктеме берді

А) Сократ B) Гераклит C) Пифагор Д) Конфуций E) Аристотель

17 Пантеизм – нелердің максималды жақындасып теңестірілуі туралы ілім?

A) Ойдың және материяның B) Құдай мен табиғаттың C) Сана мен еркіңдіктің

Д) Білім мен сенімнің E) Кеңістік пен уақыттың

18 Жаңа Заман кезеңінде кімді аспан Колумбы деп атаған?

A) Коперник B) Галилей C) Бруно Д) Кампанелла E) Л.да Винчи

19 Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Беркли, Д.Юм қай ілімнің өкілдері

А) рационализм B) эмпиризм C) критицизм Д) прагматизм E) позитивизм

20 Д.Берклидің пікірі бойынша «Менің затты қабылдауым, менің жеке түсінігімнің мәні» деген сөздер қандай философиялық ағымды сипаттаған?

A) реализм B) прагматизм C) объективті идеализм Д) субъективизм E) релятивизм

21 Декарттың философиялық бірінші принципі

A) өзіңді таны

B) болмыс сананы анықтайды

C) мен ойлаймын, сондықтан тіршілік етемін

Д) елеусіз өмір сүр

E) адам – барлық заттың өлшемі

22 Абсолюттік идеяның қызметі санада қорытылады, мақсаты өзін тануда деп бекіткен, неміс классикалық философиясының өкілі

A) Л.Фейербах B) Г.Гегель C) А.Шопенгауэр Д) Ф.Ницше E) И.Кант

23 Карл Маркс негізінен мына неміс классик философтарының көзқарастарына сүйенді

A) Гегель мен Фейербах B) Гегель мен Кант C) Гегель мен Фихте

Д) Гегель мен Шеллинг E) Гегель

24 Ницше Құдай мәселесін былайша қарастырады

А) құдай өлген B) құдай мен адам – бірлікте C) құдай құндылықтарды жасаушы

Д) құдайда барлығы бірлікте E) құдай –жоғарғы адам

25 ХХ ғасыр аналитикалық философтарының негізгі өкілі

А) Ж.П. Сартр В) А.Камю С) К.Ясперс Д) Э. Фромм Е) Б. Рассел

26 ХІХ ғ. және ХХ ғасырдың басындағы орыс діни философиясына төмендегі философиялық бағыттың қайсысы жатады?

А) логикалық позитивизм В) конвенционализм С) славянофильдік

Д) неотомизм Е) марксизм

27 Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының озық өркениеттен қалу себептерін неден деп көрсетті?

А) Мал шаруашылығының сақталуы

В) Дамыған өндірістің жоқтығынан

С) Патриархальды феодалдық қалдықтардың сақталуынан

Д) Ағарту ісінің дамымай қалуынан

Е) Шет ел инвестициясының жоқтығы

28 Субстанциялардың көп жақтылығын мойындайтын көзқарас

А) монизм В) дуализм С) плюрализм Д) деизм Е) гилозоизм

29 «Объективті шындық» категориясына тән ұғым

А) рухани дүние В) сезім С) материалдық дүние Д) ой, идея Е) адам уайымы

30 Философияда болмыс мәселесін зерттейтін бөлім қалай аталады?

А) онтология В) антропология С) логика Д) аксеология Е) гносеология

31 Объективті шындықтың келесі қозғалыс формалары белгілі

А) механикалық, геологиялық, қоғамдық

В) механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік

С) механикалық, географиялық, физикалық, химиялық

Д) әлеуметтік, тарихи, биологиялық, механикалық, физикалық

Е) механикалық, физикалық, квантты-физикалық, экологиялық

32 Болмыс ұғымының философиялық анықтамасы

А) болмыс – ол бүкіл әлем

В) болмыс – ол тек табиғат

С) болмыс – барлық тіршіліктің көзі

Д) болмыс – бар нәрсенің объективті өмір сүруі

Е) болмыс - өткенде және бүгінде өмір сүретінің бәрі

33 Сананың пайда болуы мен дамуын зерттейтін философиялық ілім

А) Материализм В) Идеализм С) Дуализм Д) Солипсизм Е) Агностицизм

34 Таным дегеніміз

A) практикалық мәні жоқ интеллектуалдық әрекет

B) бірнәрсенің мәнділігін анықтау әдісі

C) жаңаны жасау процесі

D) нақтылыктың адам санасында белсенді бейнелену процесі

E) адамның сезімдік-эмпирикалық әрекетінің бірлігі

35 Танымның логикалық сатысының формалары

А) абсолюттік және салыстырмалы ақиқат В) интеллектуалдық интуиция

С) дедукция және индукция Д) ұғым, пікір, ойтүйін Е) түйсік, қабылдау, түсінік

36 Сапалық, сандық, өлшем, секіріс категориялары нені анықтайды?

A) Қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы

B) Дәйекті негіздеу заңы

C) Сапалық және сандық өзгерістердің өзара алмасу заңы

D) Терістеуді терістеу

E) Тепе-теңдік заңы

37 Адамның аналитикалық тұжырымдамасы қандай?

А) Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың енгізінде өз құндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп, тап

В) Тиімді бол, сөзіңде тұр, айқын жоспар жасап, жұмысыңды алға жылжытып, іске асыр

С) Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет

Д) Істің мәнін түсінуге тырыс, ол үшін өзіңді жан-жақты дамытып, тіліңді жетілдір

Е) Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме

38 Технологиялық детерминизмнің дұрыс тұжырымдамасы

A) Қоғам дамуындағы техника мен технологияның анықтаушы рөлін мойындау

B) Қоғам өміріндегі теника мен технология рөлін төмендету

C) Ғылым мен техниканың қазіргі дәрежедегі рөлін жоққа шығаруға ұрандау

D) Ғылымның рөлін абсолюттендіру, оны қоғамдық прогресстің адам мен қоғамның жетілуінің бірден-бір негізі деп мойындау

E) Космосты игеру облысындағы техника мен техноглогияны жетілдірудің қажеттілігі туралы ұйғарым

39 Техницизм неге негізделген?

A) Космосты игерудің бірден-бір құралы ретіндегі техникаға деген сенімге

B) Адам әуестігін қандыру туралы ретіндегі техниканың дамуына деген сенімге

C) Адамзат үшін шартты ізгілік ретіндегі техниканың дамуына деген сенімге

D) Ғылым мен техниканың үдере дамуының салдарынан сескенгендік пен қорқынышқа

E) Ғылыми-техникалық дамудың жетістіктерін бейтарап қабылдауға

40 Қоғам мен техникадағы шапшаң дамушылықтың өзгерістеріне қазіргі адамзаттың дайын еместігі жайындағы мәселені өз еңбегінде талқылаған американдық әлеуметтанушы

А) О.Тоффлер «Футур шок»

В) У.Дайзард «Ақпараттық дәуірдің келуі»

С) О.Шпенглер «Еуропаның батуы»

Д) Д.Белл «Ақпараттық қоғамның әлеуметтік белгілері»



Е) Й.Масуда «Ақпараттық қоғам постиндустриалды қоғам тәріздес»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет