«Философия пәні қызметтері мен міндеттері» Орындаған: Бейсенбаева Мадина Тобы: ми-11 Тексерген: Елеусов Баубек Аймаханұлы философия



бет5/6
Дата21.09.2022
өлшемі20,17 Kb.
#150187
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Философия пәні қызметтері мен міндеттері» Орындаған Бейсенба 2
21-zhb dnietanu- 3-synyp, 21-zhb dnietanu- 3-synyp, 21-zhb dnietanu- 3-synyp, DOC-20220927-WA0021.
әлемді танып-білуге бола ма?

  • Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.

  • Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.

  • Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.

  • Философия тарихында материалистерді 3 түрге бөледі: 1) стихиялық, 2) метафизикалық, 3) диалектикалық. Стихиялық материализм – Ежелгі Үнді, Қытай, Греция материалистері. Дүниенің бастамасын табиғаттың cтихиясынан іздеді – судан, оттан, жерден, ауадан (металдан).
    Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат философиясы ұғымын білдіреді (Ежелгі Греция мен Қытай философиясы), гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды тіршілігі туралы философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі Үнді философиясы).


ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ

ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ

Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа заманда (17 ғ.) табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны механика мен математика заңдарына бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.

Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.) материализмнің ең жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер құбылмалы, кез келген заттар қарама-қарсы қасиетке ие болуы мүмкін. Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) – дүниенің бастамасы адам деп санады, француз материализмі (П.Гассенди) – дінге қарсы бағытталды, антиклерикалдық (латынша клерикалис – діни) сипатта дамыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет