Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет1/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы


Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.
Ойлау мәдениеті-адамның ақыл-ой қызметінің әдіс амалдарын,нормалары мен ережелерін меңгеру дәрежесі.
Көркемдік рефлексия-бейнелеп көрсету,яғни субьектіні психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі былайша айтқанда адам өзін өзі таниды. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.
2.Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
Философия сұқбаттық сипаты - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметін айтамыз.

Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді
3.Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі
Сыни ойлау «ойлау туралы ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез – 

келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға 
жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз
алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды 
қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны 
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды 
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет