Сопылық дүниетаным - исламда 13 - 9ғғ пайда болған діни-мистикалық ілім. Сопылық ілімнің ислам әлемінде кең таралуы Джами, Руми Әл-Фараби, әл-Ғазали, Хағиз, О. Хайям секілді исламның классикалық кезеңінің ойшылдарына баланысты. Сопылық ілім адамды жетілдірудің жеке-дара діни-мистикалық жүйесі болғасын онда эзотерикалық сипат басым. Сопылық жолға түсу алдымен ұстаз табудан басталады. Кейін ұстаздың бақылауымен мүрит психофизикалық жаттығуларға көшіп сопылық танымын ілімдік негіздерін ұғынуға көшеді. Сопылық жолға түскендер танымның 3 сатысынан өтеді: шариатты тану, тарихатқа түсу, хақиқатқа жетіп, фана болу. Орта Азияға кең тараған Қожа Ахмет Иассауидің ілімі бойынша, сопылықтың 4 ші сатысы бар, ол - мағрифатқа жету. Христиан дінімен салыстырғанда, исламның Құдайы тұлғасыз болғандықтан сопылықта микрокосм макрокосмда жоғалады. Әл - Халладж, әл-Бистамилар өздерін Хақпен теңеген. Бірақ сопылық тұрғысынан фана - буддизмдегідей жолдың ақыры емес, адам жанының мәңгілік ғұмырға көшуі. Сопылық жолының өзге діндермен ұқсастығы оның көп мәдени ықпалдан өтуін айғақтап, көптеген философиялық және танымдық сауалдар туындатады. Қазіргі арап ғалымдар Еуропадағы көптеген рыцарлық, масондық христиан философтарын Еуропалық сопылық дәстүрге жатқызады. Орта Азия мен Қазақстанда орта ғасырдан бері сопылықтың Иасауи және нақышбандиалар бағыты таралған.