Идеалистік диалектика - Гегель негізін қалаған рухани бастаманың (идеяның, зерденің, рухтың) сыртқы әсерге тәуелсіз өздігінен дамуы жөніндегі ілім.
Материалистік диалектика Маркс негіздеген табиғаттың, қоғамның және адамзат танымының дамуы жөніндегі ілім.
Объективтік диалектика — «заттар диалектикасы» (Ленин), объективтік дүниенің қозғалысы және дамуы.
Субъективтік диалектика — »ұғымдар диалектикасы» (Ленин) ұғымдардың, ойлаудың, танымның дамуы.
«Өзіндік зат» -Кант іліміндегі санадан тыс және санаға тәуелсіз өмір сүретін, субьъектпен қарым-қатынасқа енбеген, сондықтан танылмаған зат жөніндегі ұғым.
Агностицизм — (грек. агностос — танылмайтын) — ғылым және өмір тәжірибесінде кездеспейтін затты тану мүмкіндігін жоққа шығаратын ілім.
Априоризм — (лат. — а приори — бұрынғыдан) — тәжірибеден тыс және тәуелсіз пайда болатын білім жөніндегі Кант ілімі.
Достарыңызбен бөлісу: |